УРОК -КОУЧИНГ НА ТЕМУ ОБУЧЕНИЕ КРИТИЧЕСКОМУ МЫШЛЕНИЮ

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы « Асубұлақ орта мектебі» КММ

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Нұрсейітова Б.Қ

Сабақтың тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сабақтың мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік беру, өз бетімен талдау арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін тәсілдермен таныстыру

Сілтеме:

Мұғалімге арналған Нұсқаулық, бағдарламаның ресурсы

Оқу нәтижелері

«Сын тұрғысынан ойлау»деген ұғымды түсінетін болады және сыни тұрғыдан дұрыс сұрақ қоюды үйренеді

Негізгі идеялар

Сын тұрғысынан ойлау « ойлау туралы ойлану»; Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік , сын тұрғысынан ойлаудың заманауи түсінігі, сұрақ қою түрлері

Сабақта қолданылатын материалдар:

үлестірме материалдар; постер, түрлі- түсті маркерлер, фломастерлер

слайд

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер:

СТО дамыту құралдары

АКТ

Дерек көздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, оқу материалдары (екінші аптаның үшінші күні)

Сабақ кезеңдері және тапсырмалар

1.Ұйымдастыру кезеңі

-сабақ коучингке қатысатын мұғалімдермен сәлемдесуден басталады

-кіру парақтарын тарату. (соны толтырады) Сіз бұл сабаққа қалай келдіңіз? (өзіңіз қызығушылық танытыңыз ба? Әлде әкімшіліктің талабымен бе? Сізді не қызықтырады? Не білгіңіз келеді?

Әркім жазғандарын оқып береді

-Жалпы курс туралы мәлімет беру және « Әлем өзгереді және біз өзгереміз» видеоны көреді және жаңа бағдарламаның мақсатын түсінеді

2. Топқа бөлу - мақалдың жартысын тауып, топ құру . «Ізденген жетер мұратқа»

3. Топтың ережесін құру ( топ ереже ұсынып, оны постерге жазады)

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

«Маған айтып берсең, ұмытып қалармын; көрсетіп берсең, есте сақтармын; өзің жасатсаң, үйреніп алармын» ( Шығыс нақылы)

Тақырыпты меңгеру кезеңі

Ой шақыру «Оқушы неге жалығады?» (түсіру) 6 неге

«Жансыз кітап- жанды мұғалім» ұғымды топ ішінде талқылау (ойларын постерге түсіреді)

Постерді қорғау

СТО туралы (слайд)

Сергіту сәті«Көктемде жер жыртады, тұқым себеді, жерді күтіп баптайды, бидайды орады» деп арқаларына массаж жасағандай қимыл жасайды

3.Берілген сурет бойынша тапсырма орындайды ( көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау)

- екі сурет беріледі. Сурет бойынша « миға шабуыл» әдісі арқылы берілген кестеге сұрақтар жазылады

Қадағалау сұрақтары:

« Біз бұл суреттен нені көре аламыз?»

Проблемалық сұрақтар:

Сараптамалық сұрақтар:

Бұл сурет қайдан алынған?

Ерекшелейтін сұрақтар:

« Бұл сурет қандай типке жатады?»

Қорытынды кезең: кесте толтыру ( дайын жауаптары бойынша)

Дәстүрлі сабақтың СТО технологиясына құрылған сабақтан айырмашылығы

оқушы

мұғалім

білім

Дәстүрлі оқыту

Бәсең, тыңдаушы, орындаушы

түсіндіруші

дайын

Сын тұрғысынан оқыту

Белсенді, субъект

Бағыт беруші, ұйымдастырушы

Іздену, өз

бетімен табу

Рефлексия -шығу парағын толтырады









© 2010-2022