Конспект урока пр казахскому языку Сүйікті тағамым -ботқа

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым - ботқа

Мақсаты: 1. Білімділік. Тақырыпты меңгерту.

2. Дамытушылық. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік. оқушыларды ұйымшылдыққа , бітімгерлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, тіл дамыту, қайталау әдісі.

Көрнекілік: оқулық, суреттер

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырып. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ботқа - дәнді дақылдарды суда қайнатып жасалатын тағам. Ботқа жасалатын дәнді дақылдарға: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, ноқат, т.б. жатады. Ботқаның басқа тағамдардан ерекшелігі - оның бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатындысынан дайындалатындығында. Қазақтың дәстүрлі тағамында кең қолданылатын Ботқа түрі - тары дәнінен жасалады. Ботқа дайындау үшін қазанға 2 л су құйып, қайнаған соң бір кесе сөк салады. Татымына қарай тұз қосылады.50-бет, 1-тапсырма, сүт тағамдарын қайталау.

Жаңа сөздер: майда жарма-манная крупа, қарақұмық-гречка, сары май-сливочное масло

52-бет, 2-тапсырма, мәтінді оқы, аудар

ІҮ. Сергіту кезеңі. «Жаттығу жасайық!»

Ү. Сабақты бекіту. 55-бет, диалогпен жұмыс.

Тәтті ботқа - Сладкая каша Авторы: Братья Гримм
Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты. Оның жалғыз шешесі бар екен. Шешесі екеуінің тұрмыстары нашар болады. Кейде, тіпті үйлерінде ішерге ас табылмай қалады.Бірде қыз орманда серуендеп жүреді. Ол сонда қарт әжейді жолықтырады. Әжей қыздың басындағы ауыр жағдайды естіген соң, оған түбі жалпақ, ауызы кең құмыра береді.Міне, қызық! Құмыраның сиқыры бар екен. Оған тек «Құмыра, ас пісір!» десең болғаны, сол сәтінде бүлк-бүлк қайнап, дәмі тіл үйірер бидай ботқасын дайындай бастайды. Ал «Құмыра, оқтай ғой!» десең, қайнағанын тоқтата қояды.Қыз қуанып, сиқырлы құмыраны үйіне алып келеді. Сол күннен бастап шешесі екеуі аштық пен кедейшіліктің не екенін ұмытады. Олар қарындары аша бастаса болғаны, құмыра дайындаған тәтті ботқаға тойып алады.Күндердің күнінде қыз орманға серуендеуге шығып кетеді. Шешесі оны арыбері күтеді. Қызы кешіккен соң, ботқа жегісі келіп:
- Құмыра, ас пісір! - дейді.
Сиқырлы құмыра бүлкілдеп қайнап, бидай ботқасын пісіре бастайды. Әйел оны мақтай-мақтай, дәміне тамсана отырып, әбден жейді. Енді тоқтатайын десе, қандай сөз айту керек екенін ұмытып қалыпты. Құмыра пісіріп жатыр, пісіріп жатыр. Тіпті, бір кезде көпіріп, ернеуінен асып, төгіле бастайды.Сәлден соң ас үйдің іші ботқаға толады. Одан әбден көпіршіген ботқа бүкіл бөлмелерге жайылады. Құмыра шаршайтын емес. Біраздан соң ботқа көрші үйді, одан әрі бүкіл көшені басып қалады. Мұны тоқтатудың жолын ешкім таба алмайды.Бір уақытта, ботқа ең соңғы үйге жеткен кезде, қыз да оралады. Ол:
- Құмыра, тоқтай ғой! - деп айғай салады, құмыра басыла қалады.Осы оқиғадан соң қалаға кіргісі келген әрбір адам ботқа жеп, өзіне жол ашатын болыпты.

Ү. Үйге тапсырма: 52-бет, №2, мазмұндау ҮІ. Бағалау. Қорытынды.









«Тәтті ботқа» (Авторы: Братья Гримм)

Конспект урока пр казахскому языку Сүйікті тағамым -ботқаКонспект урока пр казахскому языку Сүйікті тағамым -ботқа

© 2010-2022