Эссе. білім беру орлеу сочинение

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе.білім беру орлеу сочинениеНурсейтов Авдихайым Муташович

Шымкент қаласы

№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп - гимназия

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...» деген мақсат белгіленсе, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп атап көрсетілген. Міне осы бағытты алға мақсат етіп қоя отырып Кембридж бағдарламасымен қайта даярлаудағы менің алғаным және Ке­м­­б­­ридж бағдарламасының мақсаты мен 7 модуль аясында білім берудің ерекшеліктері туралы өз ойым мынадай:сыни тұрғыдан ойлатып оқыту, сыни бағаны пайдаланып оқыту және оқыту нәтижелерін бағалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және сандық жүйелерді пайдалану, дарынды балалармен жұмыс жасау, баланың жас ерекшелігіне байланысты білім беру, орта білім берудегі менеджмент пен көшбасшылық.Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі - оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір-біріне түсіндіреді.Оқушылардың арасында өзара пікір алмасу, өз ойларын еркін айту, достық қарым -қатынас, топқа жанашырлық таныту, өзбағасын сезіну сияқты түсініктері қалыптасып, артады. Алдын ала ізденіп, өзінің тапқан мәліметтерін айрықша ұсынып, дұрыс, қателігін біледі. Сыныптағы барлық оқушы қамтылады. Сабақ барысында өз ойын айтпаған, ортаға салмаған оқушы болмайды.


© 2010-2022