Конспект на тему Менің анам

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Менің анам

Конспект на тему Менің анам

Ана- бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын түн ұйқысын төрт бөліп баласына деген мейірімін, махаббатын ақ сүтін беріп асырайды.Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болғанын арман етеді. Ананың мейірімділігі сонша, отбасында қанша бала болса да, солардың бас-басына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып тәрбиелейді. Осы балалардың ішінде біреуі ауырып қалса, сол баласы жазылғанша ана жаны қоса қиналады.

Балалары ержетіп кетсе де, ана үшін ол әлі сәби күнгісіндей көрінеді. Көп күн келмесе, алыста жүрсе, хабарласпаса, «Не болды екен?» деп есі-дерті сол баласында болады.

Конспект на тему Менің анам

Ана туралы Мақал-мәтелдер жинағы

Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.

Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Мейрімі мол ананың -
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.

Анасын сүйгеннің баласын сүй. Ананың сүті-бал, баланың тілі - бал.

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Ажалды ана жеңеді.

Алты бала таппай, ана атанбайды
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ақ жаулығы ананың -
Ақ көрпесі баланың.

Ағайын - алтау,
Ана - біреу.



© 2010-2022