Біз жеке тұлға тәрбиелеудеміз атты мақала

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Біз жеке тұлға тәрбиелеудеміз

«Тәрбие біздің жүрегімізге,

ең алдымен, жеке адамға да,

қоғамға да пайдалы әдеттердің

ұрығын себуі керек»

К.Гельвеций

1. Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп- тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек - зертелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын.

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізетін дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірбиеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты- оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады.

Данышпан Абай атамыз айтқандай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абайдың бұл жерде көксегені - ойлы азамат. Көкірегінде көзі, бойында тулаған қайраты бар азамат. Әрбір халық өз ұлты үшін қызмет ететіндіктен, мұғалім баланы ұлттық тәрбиемен сусындатуға міндетті. Яғни, қазіргі қазақ мектептерінің алдындағы міндеттерінің бірі жеке тұлғаны алдымен ұлттық руханиятта тәрбиелеп, тәрбиелі жасқа өркениеттік білім беру. Баланың бойындағы ізгі қасиеттердің іргесі мектеп қабырғасында қаланады. Білім ордасындағы әрбір тұлғаның келешегіне бағыт-бағдар беруші, жөн сілтер жолбасшы - мұғалім болуы тиіс. Сондықтанда осындай жауапкершілік жүктелгеннен кейін біздерге, яғни мұғалімдерге де сын болып отыр. Өз тәжірибемнен байқағаным: баланы жақсылыққа жетелеп жанастырар да, жамандықпен адастырар да - мұғалім болғандықтан ұстаз болу жеткіліксіз, ол үшін асқан білік иесі, ұсталық та, ұстамдылықта қажет. Балаға объект ретінде емес, субъект ретінде қарауға үйренуіміз керек. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін ояту нәтижесінде оның дүниетанымы қалыптасады. Алдыңдағы әрбір баланың жеке басындағы қасиеттерін дұрыс тани білу үшін психолог болудың кемдігі жоқ. Жалпы бала жеке тұлғаға айналу үшін мұғалімде мынадай қасиеттер болуы қажет деп ойлаймын:

  • жылылық;

  • түсінгіштік;

  • сезімталдық;

  • мейірімділік;

  • адалдық;

  • шығармашылық ізденіс;

  • баланы шабыттандыра алу;

  • сонымен бірге ата-аналарды да шабыттандыру қажеттігін ұғындым;

2.Әр оқушыны дамыту, көптеген ерекше қабілеттерін ашу, ақыл-ойының дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасау. Осы мақсатта өз мектебімде жүргізілген тәрбие жұмыстарымның нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру. Мектеп, оқушы, ата-ана арасында байланысты нығайту және сыныптың ата-аналар комитетін құру арқылы бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата-аналардың өзіндік толық идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызу.

Отбасылық жағдайларды үйрену және баланың отбасылық тәрбиесіне жағдай жасау, ата-анамен жеке және топтық жұмыс жүргізу, тақырыптық кеңестер беру; тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу (тоқсанына 1 рет) ата-ана арасындағы жиналыс рейтінгісін жасау; оқу үрдісінен тыс қызықты іс-әрекетті ұйымдастыруға тарту; «Оқушы-ата-ана» жүйесіндегі ата-аналардың өзара әсерінің біріккен тренингтерін өткізу; сынып оқушылары ата-аналар ұжымының жұмыс қорытындысының диагностикасын жасау.

3.Мектебіміз ауылдық жердің мектебі болғандықтан, ауылдағы бірғана мемлекеттік мекеме екенін ескерсек, ата-аналардың мектептің жұмысы қандай, не істеп жатыр деген көзқарастарына жауап беру, мектеп пен ата-аналардың арасында сенімділік орнату үшін жаңа жоспармен жұмыс атқару қажеттігі туындады. Практика кезеңінде ата-аналардан, оқушылардан және мұғалімдерден сауалнамалар алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ата-аналар балаға дұрыс көңіл бөлмеуі, мектепке деген сенімсіздіктерінің басымдығы байқалды. Өзгеріс тобымен зерттеу қортындысын талдай келе, мұғалім, оқушы және ата ана арасында "Жақын арадағы даму аймағын" құруды ұйғардық. Мектебіміздің "Cтрaтегиялық бacымдықтaры, мектептің дaму жоcпaры" бойынша жұмыс жасау барысында "Мектеп aтa-aнaлaр қоғaмдacтығын" құруға атсалысу міндеттіміз деп біліп, aтa-aнaлaрмен де коучинг сабақтарын өткізу жаңалықтың бірі болар деп ойладық. Өйткені ата- аналар жиналыстарына қатысушылардың толық келмеуі, келгенде де баласына толық көңіл бөлмеуі мектеп мұғалімдерін алаңдататын. Жалпы ата-аналар жиналысында осы мәселені көтергенімізде, ата-аналар қолдау көрсетті. Сонымен ата-аналар ұсыныстарымен коучинг сабақтарын балаларының жасерекшеліктеріне қарай ұйымдастырдық. Атa-aнaлaр мен мұғалімдер арасында кездесетін түсінбеушіліктер мен жайсыздықтардың алдын алуға осындай коучинг жиналыстың септігі тиер деп үміттендік. Мектеп ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс алып баруды жолға қойдық. Әр-бір сынып ата-аналар жиналыстарын коучинг сабақтары етіп өткізуді мектептің даму жоспарына енгіздік. "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" 5-6 сынып ата- аналарына, "Дені сау, рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі" 7-8 сынып ата-аналарына, "Жастар жарқын өмірді таңдайды, ол үшін біз не істеуіміз керек?" тақырыбында 9- сынып ата-аналармен өткізілген коучинг сабақтары ата-аналардың көңілдерінен шығып, мектепке деген көзқарастары біршама өзгерді. Коучинг сабақтары туралы кері байланыс алғанымызда "сіздер мектепке өзгеріс алып келдіңіздер, біз өте қуаныштымыз, сіздерге сәттілік тілейміз" деп өз ойларын білдірді. Оқу - тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атап өткіміз келеді. Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерін тәрбие саласында дұрыс қолдану мұғалім мен ата-ананың міндетті екендігін айта кеткен жөн. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу- тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алады. Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет- салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп- тамырында жататыны белгілі. Біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауы үшін бар күшімізді саламыз. Осы орайда биылғы мектептің даму жоспарына, ата-аналармен «Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, баршаның міндеті» конференция, «Бала ата-ананың бауыр еті», « Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі», «Тәрбие бастауы отбасы», «Ата-ана отбасы тірегі» атты ата-аналар жиналысын коучинг сабақ түрінде әр тоқсан сайын өткізілуін ендіріп отырмыз. Сонымен бірге мектептің психолог және әлеуметтік педагог мамандарының "Дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобы арқылы анықтау" тақырыбында коучинг сабақ өткізуді және әлеуметтік салаға байланысты іс-шараларды жаңашыл түрде коучинг сабақтарын ұйымдастыруда. Коучингтің ұтымды жақтары ата-аналарға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік беретін іс- әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынады.

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру- барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу үшін тек қана мектеппен шектелмейді. " Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды" ,- дей отырып, "Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады",- деген В.А. Сухамлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Мектебімізде "Баланың әлеуметтік белсенділігі" үйірмесі ұйымдастырылған. Бұл үйірменің мақсаты қазіргі кездегі әлеуметтік кеңістіктің кеңейуі және баланың тағлымына кері әсер етуші ортаның өріс алуына төтеп бере алатын, қоғамдағы өз орнын, жолын өз бетінше таңдауға, өзін-өзі тануға және өз қабілеттерін іске асыруға шақыру. Үйірмені жүргізуде бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану жақсы нәтиже беруде. Оқушыларды көшбасшылыққа баулу мақсатында "Көшбасшы - ол қандай болу керек?" тақырыбында коучинг сабақ ұйымдастырылды. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өзіндік "Мен"-ін қалыптастыруға дағдыландыру сабақтың негізгі мақсаты болды. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясындағы бесінші "Өзін өзі таныта білу- дарын, қабілеті мен әлеуметін толық көрсете білу" деңгейіне баланы жеткізу әр-бір мұғалімнің жетістігі, жұмысты аяқтағаннан кейінгі алатын рахат сезімі. [1, 34-б]

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізу тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интелектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасаған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой -өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін мәдени іс шаралар, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен әр түрлі конкурстар, фестивальдар, өнертапқыш клубтар және ұлбалаларға техникалық үйірмелер мен қызбалаларға эстетикалық үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен бірге оқушылардың қызығушылықтарын анықтау арқылы, олардың ой пікірлерін зерттей отырып мектептегі үйірме жұмыстарына жаңашылдық енгізуді мақсат етіп, сол мақсатымызды іске асырудамыз.

Мектеп қызметін жетілдіру жолдарын іздестірудегі негізгі шаралардың бірі-"Оқушы үні" жобасын енгізу. Оқушылардың ой-пікірлерін дұрыс ұғыну және білу мақсатында "Оқушы үні" жобасы аясында біршама жұмыстар атқарылды. Баланың ой-пікіріне еркіндік беру, біздің басты мақсатымыз. Деңгейлік бағдарлама аясында білім алып жүрген мұғалімдер практика кезеңінде осы жоба аясында оқушылардан сауалнамалар алып, олар зерттелді. Зерттеу нәтижелеріне көз салсақ мұғаліммен оқушы арасында алшақтық байқалды. Мұғалім оқушылармен қоян қолтық араласпаса, педагогтік әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды. Тәрбие арқылы білім беру- үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. А.С.Макаренко «тәрбие - өнер, оған арнайы үйрету керек»,- дейді.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Осы тұрғыда біз бағдарлама аясында тәлімалушылар әріптестерімізге "дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру мақсатында "Оқытушылар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым-қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады" Джон Максвеллдің сөзін басшылыққа алуды жөн көрдік.

Тәжірибені іске асыру барысында оң нәтиже алу үшін әріптестерімізге бірнеше тиімділік қасиеттерін ұсынбақпыз: Біріншіден: тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші - айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші - айтқаныңызды жүзеге асыру. Әрдайым олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз. Екіншіден: Біліктілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді. Әр күн сайын біліктілігіңізді көрсету. Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыз. Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Басқаларды жігерлендіріңіз. Басқаларды жігерлендіру бағалаудың қалыптастырушы бағалауына саяды.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымызды аяқтағымыз келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2. Интернеттен материалдар қаралды. (13 қазан)



Авторлар: № 33 Н. Шойынбаев атындағы орта мектептің директоры басшылық деңгейлік бойынша сертификатталушы суранчиева айнаш таңсықбаевна, абдурасулова мухаббат асаповна екінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім.





6


© 2010-2022