Ұрпақ тарбиесі ұлт тәрбиесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп, ақын,жазушы М.О.Әуезов айтпақшы бүгінгі ұрпақ, ертеңгі егеменді тәуелсіз елімізді бүкіл әлемге танытарлық, ел міндетін жалғастырушы, ұлт болашағы,халық қазынасы, еліміздің байлығы мен қыраны еркін ұшқан көк аспанымызда көк туымызды жебірете тұрып мақтаныш етерлік сеніміміз.Әрбір отбасына қуаныш силаған сәби тәрбиесіне аса мән беріп, оның жан-жақты дамуына үлес қосқанымыз жөн.
«Болатын бала бесігінен бұлқынар» халық даналығы бала тәрбиелеуде түрлі көне шежірелерде ырым - тиымдарын айтып өткен.Сәби бесігін тербей отырып аналарымыз әлди әнінде де сөздері тәрбиеге негіз етіліп отырған.Қазақи тәрбиені мықты ұстанып, ата мен әженің жылуын сезініп, мейіріміне қанық өскен бала ертеңгі ел басқаратын білімді азаматы боларына сенімдіміз.
Баланы жан - жақты тәрбиелеп, ақыл-ой парасатының мезгілінен кешікпей қалыптасуына бірден-бір көмекші ұйым - балабақша
болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан Республикасының бүлдіршіндерін балабақшамен қамтамасыз ету жұмысы «Балбөбек», «Балапан», «Алғашқы қадам», «Қарлығаш», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» т.б бағдарламалары аясында еліміздің әр обылыс аудандарында балабақшалар бой көтеруде.
Бүгінде Маңғыстау аудандық Өтес кентіндегі «Балдәурен» балабақшасы. Балабақша бала тәрбиелеу мен оқыту ісіне басты назар аударып отыр.Әрбір қазақтың қара домалақ баласына саналы ұлттық тәрбие мен сапалы білім нәрімен сусындатып, оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілік тәрбиеге мақсатты және жоспарлы түрде қызмет атқаруда.
Балабақша меңгерушісі Арыкбаева айнұр ханымның басқаруымен балабақша ұжымы әрдайым былдыр үнді сәби мен әріп таныған мектеп алды топтарын тәрбиелеуде.
Бала тәрбиесіне ықпал етуші отбасы мен педагог арасындағы қарым-қатынас әрдайым үзілмегені жөн.Ұрпақ тәрбиесінде ерінбей еңбек етіп, аянбай білім берерлік.
Өтес кенті
Ересек топ тәрбиешісі
Ахбайқызы Гүлзат


© 2010-2022