Тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Мақсаты:
Білімділік: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы білімдерін тереңдету, Мағыналық түрлерінің бірі кезектес салалас құрмалас сөйлем, жасалу жолы туралы мысалдармен дәлелдей отырып түсіндіру, салаластың түрлерін ажырата білу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзгенің пікірін тыңдай білу, ойларын жинақы, мағыналы, еркін жеткізе білуге өз пікірін қорғай білуге, өзінше ой түйін жасауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге, мәдениеттілікке, батылдыққа тәрбиелеу, тілге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Блум таксономиясы, түсіндіру, ереже шығару, талдау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызба, венн диаграммасы, семантикалық карта, сурет, тест

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен амандасу
Ә) Сынып оқушыларын түгендеу
Б) Сабаққа дайындықтарын тексеру
В) Сынып тазалығын тексеру
Г) Информатика кабинетінің қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

1. Білу.
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Ереже сұрау, үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1) Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлері
2) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлері
3) Ыңғайлас салалас құрмалас
4) Себеп - салдар салалас құрмалас
5) Қарсылықты салалас құрмалас
6) Түсіндірмелі салалас құрмалас
7) Талғаулы салалас құрмалас деген не?

2. Түсіну.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз - кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Ереже шығару. Мысалдар:
1) Бірде қуып жүремін
Шіркейі мен шыбынын,
Айдап бірде жүремін
Нағашымның шығырын. (Ә. Тәжібаев)
2) Аққу біресе төмен түседі, біресе жоғары ұшады.
3) Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

Осы мысалдарды ала отырып бүгінгі өтетін тақырыбымыз кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ережесін шығару.
Ережесі: Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Жалғаулық шылаулары: бірде, біресе, кейде.
Тыныс белгілері: алаларына тек қана үтір қойылады.

3. Қолдану.
1) 116 - жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде кейде, біресе, не жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұр? Қайсылары кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып тұр?
2) Өз ойларынан бірнеше мысал ойлап табу. (әр түрлі жағдайға байланысты)

4. Талдау.
1) «Жалғасын тап...» тапсырмасы.
2) Венн диаграммасы. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді талғаулы салалас құрмалас сөйлеммен салыстыру. (слайдта көрсетіледі)
Бұл тапсырмада Бірнеше салалас құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі беріледі. Екінші жай сөйлемдерді оқушылар өздері құрау керек.
Нұрғали біресе Тәукеге қарап күлімдейді,.......
Бірде Айжан ән салады,.........
Кейде аспанды қара бұлт жабады,......
Әжем бірде ою ояды,.......
3) Семантикалық карта «Білімділер»
Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлеріне бірнеше мысал көрсетіледі. Мысалдардың қай мағыналық түрге жататынына тоқталып, дәлелдейді.
4) Суретке қарап мәтін құрау, тақырып қою, мәтіннің құрамында құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін қатыстыру. Талдау.

5. Жинақтау.
Слайдта тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына жауап беру.

6. Бағалау

Рефлекция
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үйге тапсырма. 119 - жаттығу. Берілген сөйлемдерді тұлғалық ыңғайына қарай, мағыналарына қарай құрмаластырыңдар да, қандай салалас құрмалас сөйлем болғанын анықтаңдар.

© 2010-2022