Сценарий 8 - наурыз мектепалды топтарына арналған

Анамызға мың алғыс!!! ЖҮРГІЗУШІ: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым    Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көкт...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий 8 - наурыз мектепалды топтарына арналғанАнамызға мың алғыс!!!

ЖҮРГІЗУШІ: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін, МАНСҰР

Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет. РАСУЛ

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін. МЕРУЕРТ

БИ «ГУБКИ БАНТИКОМ»

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам ӘДЕМІ

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?! НҰРБОЛАТ

Айналайын анашым

Аялайсың, бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз АМИР

Ән: «Ақ мамам» БАРЛЫҒЫ БІРГЕ

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді бүгінгі мейраммен құттықтаймыз

Сөзімді дұрыстайтын, әже,
Айғайлап ұрыспайтын, әже.
Қыдырса, ерте кететін, әже,
Ылғи да еркелететін, әже,
«Алысқа кетпе» дейтін әже,
Келмесем өкпелейтін әже,
Ойынға досым шақырып тұр
Апама айтпай, жібересің бе, әже! МЕЙРАМБЕК

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, АЛИХАН
Жас балаша күледі.

Апам менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне ДИАС

Бір бала ортаға шығады

- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.

Жақсы көремін әжемді

Ойыншықтар да әпереді

Мектепке да әкеледі, МЕЙРАМБЕК

Менің әжем керемет

Ойын: «Орамал тақ» ұлдар бір қызды алып шығып орамал тағып, гүлді алып беру керек

Би «МАТРЕШКИ»

Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. АЗАМАТ


Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді, АЛДИЯР
Бәрінен де жақсы адам.

Мен үшін не керек-

бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,

жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, ҚАРЛЫҒАШ

шын сағынып қаласың.

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам! МЕРУЕРТ

ӘН «МАМЕ» МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ

Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз. МӨЛДІР

Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама Ф.АЛИХАН,
Ешкім де жетпейді.



Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан! АЛИХАН

Ән: Ақ мамам мектепалды тобы

. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

БИ «ВАЛЬС»

Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңызда





«Солтүстік Қазақстан облысы»

Айыртау ауданының білім бөлімі

мемлекеттік мекемесі

«Рудный орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



БЕКІТЕМІН

мектеп директоры _________Қ.Қ.Қожахметов



















Тәрбиешілер:

А.Н. Батырбаева.

А.Қ.Утемисова

Г.Қ.Сайранова


2015ж

© 2010-2022