Өмірім менің таңдауым өзін-өзі тану сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өмірім менің таңдауым»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

- өмірге құштарлықтарын дамыту;

- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

1.Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:

- «Өмірдің ағымынан қалмау»

-«ешқашанда білмеймін демеу»

-«қасындағыларға көмектесу» …

2.Поэзиялық медитация

Өмір, мені өкіндірме,

Баста мені игілікке-

Бір биіктен бір биікке.

Басым менің-тұңғиық көл,

Ойлар-өзен, нұр құйып кел.

Өмір, маған арман әкел:

Қырдың қызыл түлкісіндей,

Нәрестенің күлкісіндей,

Бір келетін жыл құсындай,

Шөлдің асау жылқысындай.

Өмір, маған күрес әкел,

Қиындықтар ілесе кел.

Әкеле бер бәрін маған.

Жастығым бар жалындаған,

Әкеле бер бәрін маған

Бақытыңды, қайғыңды да,

Құшағымды жайдым мына.

Бақытыңмен табысамын,

Кайғыңменен алысамын,

Қиыныңмен күресемін,

Күрессем мен - бір өсемін!

Өмір кейде гүл береді қолыңа,

Өмір кейде күл төгеді жолыңа.

Өмір кейде құзға итеріп абайсыз,

Арқалатар азап жүгін мойныңа!

3.Сұрақ-жауап:

- Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?
- Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)
- Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
- Адам баласы не үшін өмір сүреді?
- Өмір деген несімен қымбат?
- Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
- Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
- Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?
4." Егер сен ағаш болсаң" тренинг .

Нұсқау:балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.

  • жапырақ - ол көктейді , гүлдейді;

  • діңгек - барлық ауыртпашылықты , жауапкершілікті көтереді ;

  • тамыр - ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;

5. Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін ...

- ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе тоқы ,

- икемің бар іспен айналыс , мыс. (ән айту , би билеу , шеберлік істер )

- әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,

- ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің ,

- ата - анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.

- әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан

өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,

- әр күні кешке " мен бүгін не істедім?" деп өзіңе есеп беріп үйрен ,

- күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады

6. Қорытындылау.

Құдық туралы әпсана.

Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір сілтеді. Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін емес еді.Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен бәрібір жас есек сатып алайын деп жүр едім. Ал мына құдық болса, өте терең, мен жаңа құдық қазуды баяғыдан ойлап жүр едім. Маған неге екі қоянды бір оқпен атып алмасқа -ескі құдықты топырақпен толтырып, есекті де көміп тастайын », -деп ойлады. Көп ойланбастан көршілерін шақырады.Бәрі қолдарына күрек алып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды.Есек не болғанын бірден түсініп, бар даусымен ақырады, бірақ оған ешкім көңіл аудармай, құдыққа топырақ лақтыруды жалғастыра береді.Біраздан кейін есек үнсіз қалды. Қожайын құдықты қараған кезде өз көзіне өзі сенбеді, есек арқасына топырақ түскен сайын сілкініп, аяқтарымен таптай берген екен. Ең соңында басқаларды таң қалдырып, есек құдықтан секіріп шықты. Былай боларын ешкім күтпеген еді.

Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды бастан өткерген шығарсыз. Болашақта өмір сізге жаңа қиыншылықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе?Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе - бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы десек, сіз осы тастардың үстінен аттап өтіп, күтіп тұрған қатты дауылдан құтыла аласыз.

Нурмухамбетова Роза Жумабаевна

А.Қарсақбаев атындағы

орта мектеп психологі

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

© 2010-2022