Коучинг Талантты және дарынды баланы қалай анықтаймыз

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кoучинг жocпapы

Күні,айы,жылы



Caбaқтың тaқыpыбы:

Дарынды баланы қалай анықтаймыз?

Мaқcaты

Коуч және әріптестер арасында диалогтік қарым - қатынас арқылы, коучингке қызығушылығын

арттыру.

Оқушының жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен шығармашылық дамуына септігін тигізетін даму сындарлы кері байланыс орнатуға бағыттау.

Мұғалімнің сындарлы ойлауды практикада қолданудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыра білуге ықпал ету.

Түйінді идeялap:



Дарынды оқушыларды зерттей отырып, әр оқушының ішкі жан -дүниесін зерттеу.

Oқу нәтижecі:

Дарынды оқушыларды анықтау барысында, oқу пpoцecіндe қoлдaнa білулepінe ықпaл eту, бaқылaу мeн тыңдaу apқылы дәлeлдep жинacтыpу жәнe шeшім қaбылдaу, тaлaпқa caй өлшeмдepді қoлдaну дaғдылapын дaмыту, тoптық жұмыc opындaу apқылы ынтымaқтacтықта болу.

Cілтeмe:

Мұғaлімгe apнaлғaн нұcқaулық. 50-56 бeттep

Үлecтіpмeлі нұcқaулық

Ресурстар

Үлecтіpмeлі мaтepиaлдap, A3 қaғaзы, cтикep, AКТ т.б

Oқыту әдіcтepі:

AКТ

Миғa шaбуыл

Постер құру,талдау.

Кepі бaйлaныc
























Caбaқ бoйыншa кoуч пен мұғaлімдеpдің іc-әpекеті:

Кезеңдері

Кoучтың іc-әpекеті

Мұғaлімдеpдің іc-әpекеті

Ұйымдастыру:

2 минут

Cәлeмдecу.

Мұғалімдермен амандасып, топқа бөлу туралы түсіндіріп өтемін.

«Бәрі сенің қолыңда»

Ерте заманда бір керемет білімді ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ екен, сол кісінің бір оқушысы ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ қойыпты. Бір алақанына көбелек жасырып ұстап, екі қолына артына тығып, ұстазынан «Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?» деп сұрапты, сонда ұстазы: «Бәрі сенің қолыңда» деп салмақты ғана үнмен жауап беріпті.

Мұғалімдермен амандасамын. Бүгінгі коучинг сабағы жайында айтамын.

(3 минут)

Топқа бөліну.

Топқа бөлу. Бізді қоршаған айналадағы ортада талантты адамдар жетерлік.Талантты адамдар әрқашан ізденіс үстінде жүреді.

Олай болса мен сіздерге танымал тұлғалардың суреттерін беремін.Сіздер суреттегі бейнеленген қандай талантты тұлға екендігін қысқаша айтуларыңыз қажет.

Әншілер, оқымыстылар, шахматшылар,спортшылар.

Ол үшін топтарға сурет қиындылары беріледі.Қатысушылар қиындыларды қосып топтың аталуын табулары қажет.

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.

(3 минут)

1.Психологиялық ахуал:

1.Осы өмірде бақыттымын дегендер орнынан тұрсыншы!

2.Осы өмірдегі басты байлығым ата-анам дегендер оң қолын көтерсін!

3.Осы өмірде денсаулық маған ауадай қажет дегендер сол қолын көтерсін!

4.Осы өмірде арман мақсаттарым көп дегендер алақандарымен шапалақтасын!

5.Осы өмірде сол арман мақсаттарға қайтсем де жетемін дегендер орындарына отырсын!

СІЗДЕРДІҢ

өмірлік істеріңізге

күш - қуат және сәттілік тілеймін!

Қатысушылар орындарынан тұрып мұғалімнің айтқанын келіссе ғана қайталайды.

Миға шабуыл

(7 мин)



Бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында сіздермен мынандай жаттығу орындағым келіп тұр.

Сіздерге логикалық басқатырғыштар тапсырмалар беріледі.Орындай отырып бүгінгі тақырып не жайлы болмақ екенін тауып көрейік.

Сұрақтар:

1.Сіздерге берілген тапсырманың мақсаты?

2. Тапсырманы орындау барысында қиындық туылды ма?

3. Неге барлықтарыңыз тапсырманы бірдей уақытта және барлығын дұрыс орындамадыңыздар? Мұның себебі неліктен деп ойлайсыз?

Мұғалімдер тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманы орындап болған соң сұрақтарға жауап беріледі.

Презентация

5 мин

Дарынды оқушы жайлы қысқаша мәлімет беру.

Диалог түрінде сұрақтар беріледі.

1.«Дарынды» балалар қандай болуы керек?

2.Елбасымыз дарындылықты қолдау мақсатында зияткерлік мектептерді көптеп ашуда.Тіпті алға қойған мақсатта айқын. Жалпы білім беретін мектептерді зияткерлікке айналдыру мәселесіне қалай қарайсыздар?

Дарын мен қабілеттің айырмашылығы бар ма?

Дарынды балаларды қалай анықтауға болады?

Коуч түсіндіріп өтеді.

Қатысушылар жауап беріп отырады.

Жеке жұмыс.

Топпен жұмыс.

15минут

Интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіледі.

Қатысушылар бейнероликке қосатын ойлары болса , баяндап береді.

Еліміздің дарынды оқушыларының өнерлерін көріп әр топтан бір спикер өз ойын қорғайды.

5 минут

Сергіту сәті «Қар жауып тұр»

Қар жауып тұр. Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз. Бетімізге массаж жасаймыз.

Енді үстіміздегі қарды түсіреміз, қағамыз. Аяғымыздағы қарды қағамыз. Топ-Топ.

Жерден қарды аламыз, домалатамыз. Енді алысқа оң қолмен лақтырамыз. Қайта жерден қарды аламыз, қолмен домалатамыз. Енді алысқа лақтырамыз.

/мұндағы мақсат: беттегі нүктелерге әсер ету, оң қол, сол қолды ажыратуға үйрету, саусақтың, буынның қимылдарын қатайту/

Мұғалімдер интерактивті тақтада көру арқылы қимыл қозғалыс жасайды.

10 мин

Топпен жұмыс. Постер қорғау.

Мұғалімдерге тірек сызбалар беріледі. Ары қарай ойды жалғастыру қажет.

1 топ. Дарынды баланың бейнесі.

2-топ. Дарынды баланың мінез - құлқындағы ерекшеліктер.

3-топ. Дарынды балалармен жұмыс жасауда кездесетін қиындықтар және шығу жолдары

4-топ. Дарынды балалармен жұмыс жасаудан күтілетін нәтижелер.

Мұғалімдер өзара талқылап, постер құрайды. Әр топтан бір спикер шығып қорғауы тиіс.

Жаттығу жұмыстары



10 мин

Коуч мұғалімдерге жаттығулар орындатады.

3 - топтан мұғалімдерді шығарып тосын тапсырмалар беру.

1-тапсырма:

Кез-келген тақпақ айту

2-тапсырма:

Сол тақпақты әнге салып айту.

3-тапсырма:

Сол тақпақты репп бағытында айту

Мұғалімдер өздері білетін тақпақты түрлі бағытта айтып шығады.

Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады.

Кеpі бaйлaныc

(5 мин)

Сіздер стикерге мына сұрақтарға жауап жазуларыңыз қажет.

  1. Бүгінгі сабақ сізге түсінікті болды ма?

  2. Сізге не ерекше қызықты болды?

  3. Сабақтың кемшін тұстарын байқадыңыз ба ? Ұсынысыңыз?

Мұғалімдер стикерге сұрақтардың жауабын жазып партаға жабыстырады.

Қорытынды

3 мин

Біз ашулымыз. (қолдарын партаға тигізу)

Біз қуаныштымыз (шапалақтау)

Біз шаршадық.(бастарын партаға тигізу)

Біз бәрін түсіндік (қолдарын жоғары көтеру)

Біз сенімсізбіз (ойланған адамның кейпін көрсету)

Біз қызықтық (Бас бармақты көрсету)

Сабақты « Коучинг үйретпейді, ол үйренуге көмектеседі» деген сөздермен аяқтағым келеді.

САУ БОЛЫҢЫЗДАР!

Мұғалімдер «Бір сөзбен» әдісі арқылы берілген сөздердің ішінен көңіл-күйіне сай сөзді таңдап қимылмен көрсетеді



© 2010-2022