Открытый урок по казахскому языку на тему: Менің сүйікті ісім (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Сабақтың мақсаты:

1. Түрлі интерактивтік әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;

2.Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілін қалыптастыру;

3.Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, жеке жұмыс, ауызша, жазбаша, ізденіс,

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ноутбуктағы тапсырмалар, жұмыс парағы, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу

Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау (1-2 минут) Флипчарт 1

  • Балалар, тақтаға назар аударыңдар, мына сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріңдер

  • Мен би билей аламын.

  • Мен сурет сала аламын.

  • Мен торт пісіре аламын.

  • Мен ән айта аламын.

  • Мен жүзе аламын.

  • Мен музыкалық аспапта ойнай аламын.

(Тақтада суреттер) биші, суретші, торт пісіру, әнші, домбырашы, суда жүзуші

  • Ендеше, бұл кісілердің сүйікті ісі екен.

  • Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? (Менің сүйікті ісім)

  • Мақсатын анықтайық.

Тақтаға назар аударайық. Флипчарт 2

ІҮ. Сөздік жұмысы:

Әуес - склонный

Әуестік - склонность

Әуестену - увлекаться чем либо, пристраститься

Әуесқой - любитель

Ермек - хобби

-Осы сөздердің арасында қандай түбірлі сөздер бар?

Әуес, әуестік, әуестену, әуесқой

Осы сөздермен сөз тіркесін жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Ү. Тыңдалым, айтылым ЭО (орташа деңгей)

1. Суреттерге қараңдар, Мына адамдардың сүйікті істері қандай екен? Немен әуестенетінін білейік? Болжаңыздар. (Балалар ауызша суретке қарап болжамдарын айтады) (2 минут)

Үлгі: Меніңше, Меруерттің сүйікті ісі - би билеу,

Михаилдың сүйікті ісі -....................... .

Салтанаттың сүйікті ісі- ............................. .

Тыңдаңыз. Болжамыңыз дұрыс па? (Компьютерден тыңдау) Болжамдарын салыстыру.

2. Мәтінді қайта тыңдап, дұрыс жауабын таңдаңдар. Флипчарт 3

(5минут)

1. Меруерттің сүйікті ісі - сурет салу, теннис ойнау, би билеу

2. Би билеу өте жақсы, қызық, қиын

3. Михаил гольфті, дойбыны, теннистті жақсы көреді

4. Михаил әдетте теннисті сенбіде, демалыста, жексенбіде ойнайды

5. Михаил әдетте теннисті досымен, сыныптасымен, ағасымен ойнайды

6. Салтанаттың сүйікті ісі - сурет салу, домбыра тарту, коньки тебу

7. Салтанат атақты әнші, суретші болғысы келеді, биші

Ү. Оқылым. Флипчарт 4

1. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар. (5 минут)

А) Мәтінді іштей оқыңдар,

Ә) Кезек - кезек дауыстап оқыңдар

3. Менің сүйікті істерім

Мен бала кезімнен ән айтуды, билеуді жақсы көремін. Қазір мен мектепте жұмыс істеймін. Мен музыкадан сабақ беремін. Әдетте мен сағат жетіде тұрамын. Жүгіремін, таңғы ас ішемін. Жұмыс сағат сегізде басталады. Кешке жұмысқа дайындаламын. Пианинода ойнаймын, ән айтамын. Демалыстарда Медеуде коньки тебуді ұнатамын. Анда-санда достарыммен киноға, концерттерге барамын, дүкен аралаймын.

б) Берілген мәтінге бірнеше сұрақ құрастырыңдар және жауап беріңдер

в) Мына сөйлемдер дұрыс па, бұрыс па? Мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау

Мәтінді пердемен жауып, мазмұнын айтқызу

Флипчарт 5

сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

(дұрыс емес)

1. Мақпал ән айтуды өте жақы көреді.

+


2.Мақпал мектепте қазақ тілінен сабақ береді.


+

3. Мақпал таңертең жаттығу жасайды.

+


4. Ол кешке пианинода ойнамайды.


+

5. Мақпал коньки тебе алады.


+

6. Мақпал анда-санда дүкен аралайды.

+


ҮІ. Сергіту сәті «Қара жорға» биі (2 минут)

-Жақсы, балалар бойымыз сергіп қалды, енді орынымызға отырайық

ҮІІ. Жазылым (Ноутбукта тапсырмалар беріледі) Жұмыс парағында жұмыс жасайды.

1.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, өткен шақ, келер шақ есімше жасап жазыңдар, олармен бірнеше сөйлем құрастырыңдар.

Мысалы: жақсы көремін, жұмыс істеймін, беремін, тұрамын, жүгіремін, ішемін, басталады, дайындаламын, ойнаймын, айтамын, ұнатамын, барамын, аралаймын.

(2-3 минут беріледі.)

Мысалы:

Өткен шақ есімше Келер шақ есімше

Жақсы көргенмін жақсы көрермін, жақсы көрмекпін

Жұмыс істегенмін жұмыс істермін, жұмыс істемекпін

Бергенмін берермін, бермекпін

Мен бұрын суда жүзуді жақсы көргенмін. Ол кешке де жұмыс істемек. Мен кітабымды досыма бермекпін. т.б.

ҮІІІ. Тілдесім. (2-3минут)

Балалар, бір-бірлеріңе сұрақ қоя отырып өздеріңнің сүйікті істерің жайлы айтыңдар, бір-бірлеріңмен сұхбаттасыңдар

Оқушылар біріне сұрақ қояды:

- Сенің сүйікті ісің қандай?

- Менің сүйікті ісім ..................................... айналысу, т.б.

- Сен немен айналысқанды ұнатасың?

-

-

ІХ. Сабақты бекіту кезеңі. Шығармашылық кезең: (5-7 минут)

-Балалар, осы тапқан жауаптардың өзі де кейбіреулеріңнің сүйікті істеріңе жатады, солай ғой, ендеше «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

Сендерге 5-7 минут уақыт беріледі.

Оқушылар жазған шағын әңгімелерін оқиды

Х. Үйге тапсырма: Біреуін таңда:

1. Сенің досың жүзе алмайды. Бірақ үйренгісі келеді. Оған қандай кеңес бересің?

2. Сенің теннис\футбол\ тоғызқұмалақ үйренгің келеді. Не істейсің?


  • Балалар, алдарыңа қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

ХІ. Бағалау. Ноутбукта бағалау парағы берілген. Соған оқушылар өз білімдерін бағалап отырады, сабақ соңында өздері қай кезеңді меңгергенін көрсетеді, мен бағалаймын.

Нашар меңгерген оқушыларға келесі сабаққа дайындалып келуге кеңес беріледі.







© 2010-2022