Ашық сабақ. Қазіргі заманғы балдық би

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазіргі заманғы балдық би

Сыныбы: 2 сынып

Оқу саны: 20

Сабақтың тақырыбы: - «Окошка»

Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: ортада

Көрнекілік құралдар: фортепиано, дискет, плакат, айна

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Қорытындылау

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма

I.Ұйымдастыру- журнал бойынша оқушылардың сабаққа қатысын,

тазалығын, формасы мен күнделіктерін тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру - Өткен сабақта қандай би қимылымен

таныстық? Қимылдың негізгі ережесі мағынасын

қалай түсінесіңдер? Музыкалық өлшемі (размер)

қандай?

III. Жаңа сабақ теориялық - Айнаға қарап аяқ III қалыпта, қол етекте, денеміз жинақтаулы, жұптар бір-біріне, қарама-қарсы орналасқан. Қимылды жұппен орындалмас бұрын жеке-жеке орындап үйренеміз. Кіріспе музыкаға ұл-қызға қолын ұсынады, қыз бала жауап береді.

Бір қол кеуде тұсында оң аяқ бір-біріне қарама-қарсы, өкше көтерілген. Екі жұп жақындайды, қол жоғарыға III қалыпқа көтеріледі. Алғашқы қалып сақталады. Иек жоғары, жұп бір-біріне қарайды.

Үш-сол аяқ артқа ұшына ашылады, қол II қалыпты сақтайды.

Төрт- аяқ алғашқы қалыпқа келіп қол II қалыпқа қоямыз.

Практикалық.

IV.Қорытындылау.

  1. Бүгінгі өткен жаңа сабақта не түсіндіңдер?

  2. Қимыл қалай аталады?

  3. Қай би түріне жатқызамыз?

  4. Қимылдан не түсіндіңдер?

V.Бағалау.

VI. Үйге тапсырма. Үйге берілген тапсырманың атауы не?

Қимылдың негізгі ережесі неде?

Айна алдында өз бетінше жатқа орындау.



© 2010-2022