Урок на тему Жейденің жағасын дайындау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облыстық білім басқармасы

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі




Ашық сабақ



Тақырыбы: Жейденің жағасын дайындау

Тобы: І курс, №192

Мамандығы: 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

Пәні:Өндірістік оқу

Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова




2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін» Директордың оқу- өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары:

___________ Ж.Сейталиев

Күні: 25.02.2016ж

Сабақ жоспары № 30

Сабақтың тақырыбы: Жейденің жағасын дайындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балалар жейдесінің жағасын дайындау әдіс -тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа бастаған ісін тиянақты орындай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды жейденің жағасын дайындау және тігу бірізділігін білуге қалыптастыру.

Сабақтың оқу-материалдық жабдықталуы:

Интербелсенді тақта, кеспе қағаздар,

тігін машинасы LS 2125 кл - 5 дана, LW -200 кл-5 дана,

маталар, ине-жіптер, қайшы, үтік

технологиялық нұсқау картасы-23 дана

Өтетін орны: №10 кабинет «Тігін шеберханасы»

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. 830- 835

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

ә) Арнаулы жұмыс киімдеріне назар аудару, тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау. 835- 925

Үй тапсырмасын сұрау: Сергіту сәті

«Таза тақта» - сұрақтармен жұмыс

  1. Бүкпелер не үшін қолданылады?

  2. Өңделу тәсіліне қарай бүкпелер нешеге бөлінеді?

  3. Қандай киім бұйымдарында бүкпе қимасыз өңделеді?

  4. Бөлік қиықтарын не үшін өңдейді?

  5. Иық кесінділерін қай бөлік жағынан қайып тігеді және тігіс ені қанша?

  6. Көйлектің жан тігісін қосып тігу тәсілін ата?

  7. Бүкпе мен қиықтарды өңдеу кезіндегі ЫЖӨ өңдеуден өткізу тәсілдері?

3. Оқу материалдарынан оқушыларға нұсқау беру. 925- 1010

Сабақтың жоспары:

1. Жағаны дайындау әдістері

2. Жағаны дайындау кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережелері




«Бортты журнал» әдісі

Жүк журналы


Болжам

Жаңа ақпарат

Не білемін? Не білгім келеді?

Не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?


1. Жағаны дайындау әдістері:

А) Қайырма жағаны дайындау


  1. Пішім бөлшектерін тексеру

  2. Үстіңгі жағаны қатырмалау

  3. Жағаның бөлшектерін көктеу

  4. Жағаны жөрмеу

  5. Көктеу жіптерін алу

  6. Тігіс қосымшаларын кесу

  7. Жаға өңін айналдыру

  8. Жиекті айналдыра көктеу

  9. Жағаны үтіктеу

  10. Әрлеу тігімін жүргізу

  11. Айналдыра көктеу жібін алып тастау

  12. Дайын түйіннің ЫЖӨ-ден -өткізу

Б) Тіктемесі бар қайырма жағаны дайындау әдістері


  1. Пішім бөлшектерін және олардың сапасын тексеру

  2. Астыңғы жағаны қатырмалау

  3. Үстіңгі жағаны көктеу

  4. Жағаның шеттері мен ұштарын жөрмеу

  5. Көктеу жіптерін алып тастау

  6. Тігіс қиындыларының бұрыштарын кесу

  7. Жағаны айналдыру

  8. Жиекті айналдыра көктеу

  9. Жағаны ЫЖӨ өткізу

  10. Әрлеу тігісті жүргізу

  11. Көктеу жіптерін алып тастау

  12. Жағаның ЫЖӨ -өткізу

  13. Астыңғы тіктемені қатырмалау

  14. Үстіңгі тіктеменің жоғарғы қиындысын бүгіп тігу

  15. Дайын жағаны тіктеме бөлшектерімен көктеу

  16. Жаға тіктемесін жөрмеу

  17. Көктеу жіптерін алып тастау

  18. Жөрмеу тігістің қиындыларын кесу

  19. Жаға тіктемесін айналдыру

  20. Дайын жағаны ЫЖӨ ден өткізу


Ылғалды жылулық өңдеу жұмыстары кезіндегі жұмыс орны

Урок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындау



Урок на тему Жейденің жағасын дайындау


Урок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындауУрок на тему Жейденің жағасын дайындау

Урок на тему Жейденің жағасын дайындау

Урок на тему Жейденің жағасын дайындау


5. Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту:

«Бортты журнал» әдісі бойынша «Жаңа ақпарат» бөлімін толтыру

Жүк журналы


Болжам

Жаңа ақпарат

Не білемін? Не білуім керек?

Не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?


ІҮ. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымдағы нұсқау. 1015- 1320


  1. Оқушыларға технологиялық нұсқау картаны беріп, жұмыс орындарына бөлу.

  2. Оқушылардың және жұмыс орнының дайындығын, басталуын қадағалау.

  3. Оқушылардың жаттығу жұмыстары


Қайырма жағаны дайындау

а) Жағаны қатырмалау кезінде желімдік аралықтың шеттері жағаның шеттерінен 0,3-0,5 см ішіне қарай орналасады

ә) Үстіңгі және астыңғы жағаларды оң жағымен ішіне қарай бүктеп, қиындыларын теңестіріп, тік көктеу инешаншымдарымен көктейді

б) Жағаны шеті мен ұштары бойынша үстіңгі жағаны бұрыштарында отырғызып жөрмеу. Тігіс ені 0,5-0,7см.

в) Көктеу тігімдерін қиып, инешаншым бөліктерін кетіру

г) 2-3 мм қалдыра отырып, тігіс қосымшаларының бұрыштарын кеседі

ғ) Жаға өңін айналдырып, ұштарын және тігістерін тегістеу

д) Жиекті астыңғы жағынан тік немесе қиғаш инешаншымдарымен айналдыра көктейді, жиектің ені - 1-2 мм

е) Астыңғы жаға жағынан жағаны ылғалдандырылған мата арқылы басып үтіктейді

ж) Үлгіге сәйкес жағаның шетіне әрлеу тігімін жүргізу

з) Қиып, және бөліп айналдыра көктеу жіптерін алып тастау

и)Дайын жағаны екі жағынан үтіктеу

Тіктемесі бар қайырма жағаны дайындау

а) Тіктемені қатырмалау кезінде желімдік аралықтың шеттері жағаның шеттерінен 0,3-0,5 см ішіне қарай орналасады

ә) Үстіңгі тіктеменің жоғарғы қиындысын бүгіп 5 мм арақашықтықта тігу

б) Дайын жағаны орталарын сәйкестендіріп үстіңгі және астыңғы тіктемелердің арасына салады, ұзындығы 4-6 мм-ге тең тік инешаншымдарымен көктеп шығу

в) Тіктемені шеттері бойынша көктеу тігісінен 1 мм аралығында жөрмелеп шығу

г) Қол инешаншымдарының қалдық жіптерін алып тастау

ғ) Тіктеме тігіс қиындыларының бұрыштарын жөрмеу тігісіне 2-3 мм қосымша жеткізей кесу

д) Тіктеме бұрыштарын тегістеп оң жағына айналдырып шығу

е) Жағаны ылғалдандырылған мата арқылы баса үтіктеу

  1. Жабдықтармен дұрыс ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау.

  2. Жұмыс жасау әдістерінің дұрыстығын тексеру.

  3. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау деңгейін тексеру мақсатында,

жұмыс орындарын аралау.

Ү. Қорытынды нұсқау. 1320- 1335

  1. Орындалған жұмыстарды қабылдау.

  2. Жіберілген қателіктерді ескерту, жою, түзету.

  3. «Постер қорғау» арқылы сабақты қорытындылау

І топ Қайырма жаға

ІІ топ Тіктемесі бар қайырма жаға

  1. Оқушының білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма: Жейденің жағасын дайындап келу



Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова















© 2010-2022