Жамбыл Жабаев өмірі, шығармашылығы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

мамандандырылған № 30 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аманкулова Шолпан Ксембаевна

7-сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»,

«Атаның әлдиі» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың

шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақын өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру. Теориялық ұғымдарды меңгерту.

  1. Дамытушылық. оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру

және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

  1. Тәрбиелік. Ақын өлеңдері арқылы туған жерді сүюге, Отанды қорғауға,

ержүрек болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтық жұмыс, проблемалық сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, ақын суреті, үлестірмелі бетшелер.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы қайталау сұрақтарын беру. Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы айтқызу, «Аттандыру» өлеңі жатқа сұрау.

Сұрақтар:

  1. Жамбыл кім? Қашан, қайда дүниеге келген?

  2. Ақынның өнерге деген құштарлығы қандай еді?

  3. Жамбылдың ұстазы кім?

  4. Ол қандай айтыскерлермен сайысқа түседі?

  5. Жамбыл не туралы жырлады?

  6. «Аттандыру» өлеңі не туралы?

ІІІ. Жаңа сабақ

Электронды оқулықтағы Ж.Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңін тыңдату

Еркін жауап

1.Осы үзіндіден нені байқадыңдар? Жырдың тақырыбын түсіндіңдер ме?

2.Баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?

3.Халық поэзиясының шағын түрлерін ата.

4.Жоқтау дегеніміз не?

Немересі Оразхан Тезекбаевтың айтқан дерегімен таныстыру. (слайдтан оқыту)

Жамбыл үлкен баласы Алғадайды өзгелерден айрықша жақсы көрген.Алғадай ақылды адамгершілігі мол көрікті кісі болса керек.Балалары ішінде тек соған қана сенеді екен.Қайтыс болғанда қатты қиналғаныда содан ғой.Әкем Тезекбай да Алғадай дегенде жаны бөлек еді.Үнемі аузына тастамайтын. «Тәтем маған сенбей ақшаны Алғадайға санататын» деп отырушы еді.Қуанышқада ешқашан қатты сөз айтқан емес.Жасында ол тентектікті көп жасады ғой.Сонда әкем ұдайы бізге ұрысатын.

Немересі Қуаныш Алғадаевтың үзіндісін оқу.

«Әкем Алғадай соғысқа аттанғанда мен іште қалған баламын.Үкімет басшылары атама әкемнің қазасын естірткенде енді тәй-тәй басып жүрген екі жарым жаста екенмін. Осы бір төтеннен келген хабар атама аса ауыр тиіп, бас көтере алмай қалған. Сонда бір қамкөңіл сәтінде:

Ал, Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш,-

деп мені алданыш етіп отырады екен. Әкемнен жастай қалсам да жетімдік көргенім жоқ. Тезекбай көкем бауырына басты. Тәрбиесін алдым, өнегесін көрдім».

  • Иә, ІІ дүниежүзілік соғыс кім-кімге болса да жеңіл тиген жоқ. Жамбыл

бауыр еті баласынан айырылса да, кейін өз-өзін жұбатып, қайғысына тоқтау салады. Ол ойын осы «Атаның әлдиі» өлеңінен көреміз.

Сөздік

Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.
Көзел - көпті көрген, сұңғыла
Саңлақ - елден ерен
Жабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі
Кәріп - соқыр, мүгедек.

«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің құрылысына талдау

Түнеу күнгі кеткеннен, а

Ғали жаңа келдің бе? б

Алғадайым мүрдесін а

Жол-жөнекей көрдің бе? б

Сұрай арнау түрінде жазылған. Бұл өлең 7 буынды, 8 шумақты, әр тармағы 2 бунақты, 4 жолды, кезектес ұйқасқа құрылған өлең.

ІV Шығармашылық жұмыс

Өлеңдер кестесін толтыр

Өлеңнің аты

Не туралы?

Лайықты мақал

«Аттандыру»

«Алғадай туралы әрбір ой»

«Атаның әлдиі»

«Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім. Соғыс
Сын есім.
Етістік.
Сөйлем.
Синоним.

V Білімді бекіту:

  1. Жамбыл Алғадайға қандай сенім артады?

  2. «Перзентімнің алды едің» дегенді қалай түсінесіңдер? Қазақ

дәстүрінде баланың тұңғышы туралы қандай ұғымдар қалыптасқан?

  1. Жамбылды не себепті «Халық поэзиясының алыбы» дейміз?

VI Қорытындылау

Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.

Сұрақтарға жауап жаз.

«Атаның әлдиі» өлеңі кімге арналған деп ойласыңдар?-----------------

«Алғадай туралы әрбір ой» мен «Атаның әлдиі» өлеңінің арасындағы сабақтастық неде?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жамбыл Жабаевтың тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?----------------------------------------------------------------------------------------------------------

VIІ Үйге тапсырма

  1. «Атаның әлдиі» өлеңін жаттау

  2. «Батыр туса - ел ырысы» тақырыбына шағын шығарма жазу.

VI Бағалау

© 2010-2022