Діни шешендік 11-сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың атауы Діни мазмұнды шешендік
Жалпы мақсаты
Діни шешендіктің негізі- ізгілікке шақыру екендігін түсіндіру
Міндеттері
А)Дінге деген оқушылардың рухани көзқарасын қалыптастыру
Ә)Болашақ ұрпақты имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату
Б)Жаңа білімді игеру арқылы шешендікке баулу
В) Өзіндік көзқарас қалыптастыру

Сабақта туындаған негізгі идеялар
Діни ұғымдарды біледі,рухани дүниетанымдары кеңейеді.
Оқыту формасы, технологиясы СТО, диалогтік оқыту, АКТ, интерактивті оқыту
Қолданылатын материалдар оқулық, АКТ,
флипчарт, қосымша мәліметтер

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа зейінін бұру.
2. Ынтымақтастық ахуал тудыру.
3.Смайликтегі көңіл күйге байланысты екі топқа бөлу.
4.Топ ережесін еске түсіру;
Сәлемдеседі. Ынтымақтастық ахуал тудыру үшін бір-біріне сәттілік тілеп, смайликтер сыйға тартады.
Қолдарындағы смайликтермен топқа
бөлінеді.
І. Білу.

« Түрткі салу» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру:
1.Қазіргі шешендіктің түрлерін ата?
2.Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?
3.Ұлттық шешендік өнертуралы не білесің?

«Болжау» әдісі интерактивті тақтада көрсетілген суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу Оқушылар өткен сабақтарды сұрақтарға жауап бере отырып еске түсіреді.

«Бағдаршам» түстері арқылы формативті бағалау

Визуалды айғақтар арқылы сабақ тақырыбы : «Діни мазмұнды шешендік» екендігін айқындайды.
Дәптерлеріне жазады.
ІІ. Түсіну.

Тақырыппен танысады, «Айналмалы бекет» әдісі арқылы түсінгендерін постерге жазу
Топтар тақырыпты оқиды,түсінгендерін постерге түсіреді. Топтар орындарын ауыстырады,келесі топтың жазғандарын толықтырады.
Өз орындарына қайтады
ІІІ. Қолдану.

Жұмыстарын аяқтайды. Постер қорғауға спикерлер шығарады.
Постерлерін қорғауға дайындалады,орталарынан бір спикер қорғайды.
Формативті бағалау
ІҮ. Талдау.

ПМСТ әдісі (Позиция-Себеп-Мысал-Талқылау)
Мен діни сауаттылықты қолдаймын…

Ортаға тасталған мұғалімнің позициясын жан-жақты қарастырып,себебін нақты дәлелдермен ашады.Өмірден мысалдар келтіреді, талқылайды.

Ү. Жинақтау.

« 5 минуттық эссе» әдісі .
Тақырып: «Діни шешендіктің бүгінгі қоғамдағы орны» Оқушылар берілген тақырыпқа шағын эссе жаза отырып сабақтан алған білімдерін жинақтайды.
ҮІ. Бағалау.

Боно «Ақылдың алты қалпағы» арқылы сабақты бағалау
Ақ қалпақ-Қандай ақпарат алды,енді қандай ақпарат қажет ;
Қызыл қалпақ- сабаққа қатысты бүгінгі проблемалар;
Қара қалпақ-проблеманың шешілетіндігіне күмәнмен қарайды;
Сары қалпақ-оптимистік көзқарас айтады;
Жасыл қалпақ-жаңа идея арқылы ұсыныс айтады;
Көк қалпақ-қорытынды жасайды; Ақылдың аты қалпағын кигендер өз қалпағының түсіне сәйкес ойларын айтады.
Үйге:
55-жаттығу. «Мен дінді ғылым ретінде танимын» атты еркін пікір жазу Оқушылар күнделіктеріне жазады.
Рефлексия «Бүгінгі сабақ саған ұнады
ма ?
Рефлексия жазады.

© 2010-2022