Себеп бағыныңқылы сабақтас 8сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұны арқылы сыпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі (жаңа білім беру)

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, талдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

II. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

Тапсырмалары тексеріледі.

III. Жаңа сабақ

1. Ережені меңгерту. Тақтадан көрсетіледі, түсіндіріледі:

Мыс: Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.

Қоныстану жайында Омар шынын айтып отырған соң, Сұлтанмахмұт бұл мәселені қазбалай бермеді.

Осы Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, алғашқы жай сөйлемдерінің баяндауыштарының жасалу жолына назар аударту. Сұрақ қойғызып, ереже шығарту.

Оқулықтан оқыту, есте сақтату.

Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз.

2. Жасалу жолдарын түсіндіру.

1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан, -діктен деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.

Мыс: Күннің аязы көтеріліп кеткендіктен, бастауыш сынып оқушыларына сабақ борлған жоқ.

2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.

Мыс: Қолынан келер жәрдемі болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.

3. Көсемшенің -й жұрнағына аяқталған етістіктің болымсыз түрінен жасалады. Мыс:

Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады.

Қашқындар қолға түспей, ызаланған Жабағы қара күреңденіп кеткен.

4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады.

Мыс: Жұмысқа кешігуге болмайды деп, Айдын оразасын ашпастан шығып кетті.

ІV. Жаттығулармен жұмыс

134-жаттығу. (Ауызша)

135-жаттығу. Сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқы сабақтас жасаңдар.



136-жаттығу. Себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқыға айналдарыңдар.

Ү. Қима қағазбен жұмыс.
№1 Сабақтас(себеп бағ.) құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.
Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан, местегі малта да таусыла бастады.
№2 Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз.
Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.
№3. Жасалу жолын түсіндір
Маған мына кітаптың бір жері қатты ұнады, сол себепті соны тағы бір оқып шығайын.
ҮІ. Венн диаграммасы
Себеп - салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас( ұқсастығы, айырмашылығы)

VII. Қорытынды.

Үйге тапсырма:

Ережені оқу, жаттау. 137-жаттығу.

Бағалау


© 2010-2022