Өзбек биінің қимылдары ашық сабақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйінің директоры

----------- Н.Наурызбаева

«--------» «------------» 2016ж

Сабақтың тақырыбы: «Өзбек биінің қимылдары»

Мақсаты:

Өзбек биі туралы қысқаша мағлұмат беріп, өзбек биі қимылдарының тәсілдерін үйрету. Биге деген сезімін, ынтасын оятып, өзіндік қабілетін дамыту.Дене сұлулығына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Айна, музыка, плакат, жұмсақ ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен оңға және солға сәлемдесу қимылын жасаймыз.Музыка әуені қосылады.Оқушыларды екі қатарға тұрғызып дене қыздыру жаттығулары жасалады.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Жұмсақ ойыншықтардың артына өткен сабақтағы «Гүлдер» биінің қимылдары жайлы сұрақтар жасырынып тұрады. Әр оқушы ортаға шығып өзіне ұнаған ойыншықты таңдап, жасырынған сұраққа жауап береді. Сұрақтар: «Гүлдер» биіндегі жапырақтар қимылы, «Гүлдер » биіндегі теңселу мен айналу қимылы, «Гүлдер» биіндегі отырып тұру қимылы, «Гүлдер» биіндегі қолмен жасалатын жартылай шеңбер мен үлкен шеңбер жасау қимылы т.б

3.Жаңа сабақ :

Сабақты бастамас бұрын өзбек халқының мәдениеті жайлы шағын видео ролик көрсету. Бірінші үйренетін қимылымыз басты қозғалту. Дененің төрт нүктесін тік ұстап, басты оңға және солға қозғалтамыз. Басты қозғалтқан кезде иықтың қозғалмауын қадағалау керек. Келесі қимыл қол қимылдары: Екі қолды жанға 2- позицияға ашып саусакты шыртылдатамыз. Аяқ 2- позицияда ашық болып , дене мен басты оңға және солға қозғалту арқылы жасалады. қозғалту арқылы жасалады. Сол қолды белге қоямыз да оң қолды саусақтарды шыртылдату арқылы шеңбер жасаймыз. Бұл кезде аяқ 6- позицияда жартылай отырып тұру қимылын жасап тұрады. Сол қолды белге қойып, оң қолды жанға ашып 1-2 ге білектен төмен сыртылдатып, 3-4 ке екі қолмен саусақтарды шыртылдату арқылы үлкен шеңбер жасаймыз. Екі қолды жанға ашып бір рет айнала келе отырамыз. 1-2-3-4 ке қолды оң жаққа және сол жаққа кезек- кезек айналдырып, 5-6-7-8 ге екі қолды алдыға ашамыз. Екі аяқты бір -біріне ұру арқылы оң жаққа секіреміз.Қол сылдырмақ қимылын жасайды. Жұппен айналу қимылы: екі оқушы бір -бірінің белінен ұстап, бос қолдарымен сылдырмақ жасайды.Бұл қимылда ден кішкене артқа майысыңқырап тұрады және бас қозғалыста болады. Бұл қимылдарды әдемі , нәзік, музыка ырғағына сәкес ілесе жасалатынын айтып қадағалау. Өзбек музыкасын қойып, осы үйренген қимылдарды әуенге қосып билеп кореміз.

4.Жаңа сабақты бекіту:

«Жоғалған әріптер» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлеміз. Плакатқа әріптері түгел емес сөздер жазылады. Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

5.Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып, дайындалған Шара Жиенқұлова апайымыздың суреті бар медальдарды тағып рахмет айтып , сабақты аяқтаймыз.

6.Үйге тапсырма:

Жаңа өткен сабақты үйден жақсылап қайталап келу.



Қармақшы аудандық оқушылар үйі





«Өзбек биінің қимылдары»

«Би» үйірмесінің жетекшісі: Ж.Алпысбаева





Жосалы кенті 2016ж

Аудандық оқушылар үйіндегі «Би» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен

«Өзбек биінің қимылдары » тақырыбындағы ашық сабақтың

АНЫҚТАМАСЫ

29.01.2016 жылы Аудандық оқушылар үйіндегі «Би» үйірмесінің 3 тобында «Өзбек биінің қимылдары » тақырыбында ашық сабағы болып өтті.Сабақтың мақсаты: Өзбек биі туралы қысқаша мағлұмат беріп, өзбек биі қимылдарының тәсілдерін үйрету. Биге деген сезімін, ынтасын оятып, өзіндік қабілетін дамыту.Дене сұлулығына тәрбиелеу. Ашық сабаққа № 250 мектептің 3 сыныбынан 9 оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушыларға дене қыздыру жаттығуларын жасатып, екі қатарға тұрып сәлемдесу қимылын жасап сабақ басталды. Өткен сабаққа шолу жасауда жұмсақ ойыншықтар қолданылды. Жұмсақ ойыншықтардың артына өткен сабақтағы «Гүлдер» биінің қимылдары жайлы сұрақтар жасырынып тұрады. Әр оқушы ортаға шығып өзіне ұнаған ойыншықты таңдап, жасырынған сұраққа жауап береді.

Жаңа сабақты бастамас бұрын Өзбек халқының мәдениеті жайлы видео ролик көрсетілді.Әрі қарай өзбек биінің қимылдарының қалай жасалатынын айтып, көрсетіп, түсіндірілді. Сабақты бекітуге «Жоғалған әріптер» ойыны ойнатылды. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлеміз. Плакатқа әріптері түгел емес сөздер жазылады. Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға рахмет айтылып, алғыс ретінде қолдан дайындалған Би падишасы Шара Жиенқұлованың суреті салынған медальдар тағылды. Сабаққа Аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары Р.Жаханова , Аудандық оқушылар үйінің психолог маманы М.Аяшова , «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі Қ.Манасова , «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі С.Сериева , «Сурет дизайн » үйірмесінің жетекшісі Е.Жұмабеков , «Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі П.Жаудатова , «Компьютер » рмесінің жетекшісі А.Смагулова , «»



© 2010-2022