«Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау»

“Адамзаттың  табиғатсыз  күні  жоқ,                                                              Табиғаттың  оны  айтуға  тілі  жоқ”.                                                                                                                                Ш.Айтматов  Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру.                                   Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау.   Оқушылардың ой-өрісін , сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.    Экология адамның өзінен  басталады.   Кішкене кезімізде  әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын  балаларын тегіс  жинайтын. Оларға  бірнеше  ересек  жігіттерді  басшы  етіп,бұлақтардың  көзін  ашуға  жіберетін  Сонда  ата-әжелеріміз: «Бұлақтың  көзін  ашыңдар. Су бар  жерде-тіршілік бар,бұлақтың көзі ашылса,су  мол  болады.  Су мол  болса,  астық  та,  шөп  те,  гүл  де  жайқалып өседі. Бұлақтың  көзін  ашсаңдар,  тіршіліктің  де  көзін  ашқан...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау».

Сабақтың ұраны:

"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ".
Ш.Айтматов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру.

Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: аударма,сурет бойынша әңгіме,сұрақ-жауап жарысы,мәтін оқыту, өздік жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар,ұжымдық,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,
Пән аралық байланыс:еңбек,сурет,дене шынықтыру, математика,ауыз әдебиет сабақтары.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті жыл мезгілдері, ай, апта, күн туралы сұрау.
Сөздік ойын: «Ыстық доп»
ІІ.Үй жұмысын тексеру.

  • Қазақстанның қорықтары

  • Сөз таптарын қайталау

Психологиялық дайындық:

Бізге тамақ не үшін қажет?

Жарық не үшін қажет?

Су не үшін қажет?

Ауа не үшін қажет?

Ой шақыру:

1)Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі не? 2) 5-ші маусым қандай күн? 3)Оның негізгі мақсаты қандай? 4)Табиғатты қорғауға біздің борышымыз қандай?

Табиғат дегеніміз не?

«Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау».

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс:

қасиетті іс-доброе дело

көзін ашу-чистить

тіршілік-жизнь

таптау-топтать

тыйым салу-запрещать

1- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Табиғатты қорғандар.

Мәтінді қорғап, аудару

Экология адамның өзінен басталады.

Кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын балаларын тегіс жинайтын. Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп,бұлақтардың көзін ашуға жіберетін Сонда ата-әжелеріміз: «Бұлақтың көзін ашыңдар. Су бар жерде-тіршілік бар,бұлақтың көзі ашылса,су мол болады. Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзін ашсаңдар, тіршіліктің де көзін ашқандарың »,-дейтін.

Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті. жабайы гүлдерді көктей жұлма, көктей соласың »,-деп, жұлуға таптауға тыйым салатын.

Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген.

Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңдер.

«Біліміңді байқап көр»

1.Етістік деген не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

2.Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Есімше қалай жасалады?

6.Көсемше қалай жасалады?

7.Тұйық етістік қалай жасалады?

Сөйлемдегі етістіктің орнын толықтырып, астын сыз.

1. Адам баласы табиғатты ... . 2. Біз бұлақтардың көзін ... . 3. Су мол болса, астық та ... . 4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... . 5. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ... .

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.

Сөйлемнің дұрыс +, бұрысын - анықта.

1.Табиғат пен адам - біртұтас.

2. Табиғат халық қазынасы емес.

3. Су бар жерде - тіршілік жоқ.

4.Орман - ауаны тазартпайды.

5. Сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркемейді.

6. 1966 жылы біздің елімізде "Халықаралық табиғат қорғау қоғамы" құрылды.

. СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР.

Сөзжұмбақ етістік туралы.

Тест тапсырмалары.

Сабақты бекіту топтастыру арқылы.

Қорытынды:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: 1. "Мен табиғатты аялаймын" тақырыбына шағын шығарма жазып келу. 2. Пайдаланамын, күресейік сөздеріне морфологиялық талдау жасап келу.





© 2010-2022