Ашық сабақ 9 сынып қазақ тілі

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютер зияны
Мақсаты: Білімділік. Компьютер туралы алған білімдерін бекіту. ҰБТ-ға дайындықтарын нығайту. Синтаксистік, морфологиялық талдау. Компьютердің жаңа мүмкіндіктерімен байланысты жаңа сөздерді меңгерту, оларды қарым-қатынас кезінде пайдалануға төселдіру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан қалыптастырып, сауатты жазуларын, компьютердің рөлін жатық тілмен айта алуға баулу.
Тәрбиелілік: Компьютерге тәуелді болмай, оның пайдасы мен зиянын ескеріп, денсаулықтарына сақтықпен қарау.
Сабақтың типі: дәстүр
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: информатика.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәлелдеу, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын-сабақтың шарты:
1-раунд. Қара жәшіктен шыққан сұрақтарға жауап беру керек (логикалық сұрақтар).
1) Үйдің терезесінде жазылған сөздерге қатысы жоқ жауапты табыңдар.
А) тасымалданбайтын сөз
В) бір буынды сөз
С) жуан буынды сөз
D) үш дыбыстан тұратын сөз
Е) тек қатаң дыбыстан құралған сөз.
2) Компьютерде берілген тура толықтауышы бар сұраулы сөйлемді табыңдар.
А) 2 В) 1 С) 3 D) 4 Е) 5
ІІ.Үй жұмысын тексеру. Үш сұрақ беріледі
1) Компьютер деген не? (ағылш. computer - «есептегіш». Ол - ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы, ол -есептеулерді жүргізуге, ақпаратты қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және нәтижесін шығаруға арналған машина.
2) Компьютер неліктен дербес деп аталады? (Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз).
3) Пернетақта деген не? (компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді).
4) 3-раунд. Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздердің қайсысына фонетикалық талдау жасағанда, жоғарыдағы талдаумен бірдей болады?
- Дауыссыз, ұяң дыбыс. - Дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң дыбыс.
- Дауыссыз, үнді дыбыс. - Дауыссыз, қатаң дыбыс.
- Дауысты, жіңішке, езулік, ашық дыбыс.
Омыртқа - позвоночник Қисаю - кривиться Жүйке - нерв
Залал - вред Үңілу - всматриваться Жүйе - система
4-раунд. Жазба жұмыс: Синтаксистік және морфологиялық талдау жасау.
Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы, ол - есептеулерді ақпараттарды қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және шығаруға арналған машина.
Компьютердің залалы көздің көруіне, омыртқаның қисаюына және жүйкенің бұзылуына әкеліп соғатындықтан, бізге оның алдында үнемі отыруға болмайды.

ІІІ.Жаңа тақырып

Ғаламтордың бала денсаулығына зияны?

Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.

Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады. Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Сабақты қорытындылау. Комьютердің пайдасы мен зияны туралы жазу керек.
Компьютердің пайдасы жоқ.
Жоқ, компьютердің пайдасы бар. Өйткені уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Көздің көру қабілетін төмендетеді ме? Иә, ұзақ отырсаң, көздің көруін төмендетеді. Жүйкеге салмақ түсірмейді.
Омыртқа қисаймайды. Жоқ, жүйкеге зияны бар. Адам ашушаң болады, сондықтан көп отырмау керек.
Үйге тапсырма: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы шағын эссе жазу.

Бағалау.


© 2010-2022