Қазақ тілінен сабақ жоспары Астанаға ақ бата (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Астанаға ақ бата

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:, Тақырып бойынша сауатты сөйлеуге, жаза білуге үйрету, ауызекі тілдерін дамыту,ойлау қабілеттерін дамыту, топта бірлесіп жұмыс істеуге машықтандыру, өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

Күтілетін нәтиже: Астана қаласы туралы постер құрап үйренеді, бір-бірін бағалауға үйренеді, сұраққа жауап беруге дағдыланады, топта ынтымақтасып жұмыс істейді.

Көрнекіліктер: оқулық, стикерлер,суреттер,таратпа материалдар.

Модуль: Жас ерекшеліктері, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау т.б

Сабақ кезеңдері,әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұмыс түрі

Бағалау

1.Ұйымдастыру

А)амандасу

Ә)психологиялық дайындық

Б) топқа бөлу

В) кезекшімен сұхбат

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

«Шаттық шеңбері» оқушылар ортаға шығып шеңбер бойынша тілектер айтады

«Адасқан сөздер»- қиылған сөздер арқылы топқа бөлу (2 топқа)

-Кім кезекші?

-Қай жыл мезгілі?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Сабақта кім жоқ?

-Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ

Оқушылар амандасады

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

1-топ; бастауыш

2-топ; баяндауыш

Кезекші оқушылар жауап береді.







Жекелей






Ауызша мадақ

2.Үй жұмысын тексеру

86-б,1-тапсырма құраған сөйлемдерін тексеру

Оқушылар дәптерлерін өткізеді.Мұғалім тексереді, бағалайды.

Жекелей

Ауызша мадақ

3.Қызығушылықты ояту



«Миға шабуыл»

Бүгінгі тақырып не туралы?

Бүгінгі сабақта не үйренеміз?

Нені білуіміз керек?

Дәптерімізді ашайық,бүгінгі күнді жазамыз.Желтоқсанның жиырма екісі,сейсенбі.Сынып жұмысы.Астанаға ақ бата.

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

ҚР астанасы қай қала?

Астана қандай қала?

Сендер Астанада болдыңдар ма?

Қандай әсем ғимараттар бар?

(буклет көрсету)

Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады, мақсатын айқындайды (мұғалімнің көмегімен)



Сұрақтарға жауап береді





жекелей





Ауызша мадақ

4.Мағынаны тану

«Постер»

Қазір балалар сендер «Астанаға ақ тілек» деген тақырып бойынша өз пікірлеріңді, «Астана» туралы не білетіндеріңді, тілектеріңді ақ қағазға түсіріп, қорғасаңдар.

Оқушылар тілектерін постерге түсіреді,қорғайды.

топтық

2 жұлдыз, 1 тілек

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәтін жасату

Оқушылар жасайды.

жалпылай

Ауызша мадақ

Кітаппен жұмыс

1-тапсырма. 88-б

Дұрыс сөйлем құрап үйрен

Оқушылар дәптерлеріне орындайды

жұптық

Бір-бірін тексеру үлгі бойынша

Деңгейлік тапсырмалар

Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды түсіндіреді.

3-деңгей.Сұрақтарға жауап бер.

Сен қай қалада тұрасың?

Сенің Отаның?

Қ.Р мемлекеттік рәміздерін ата.

2-деңгей.Көшіріп жаз, бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Астана-болашағы үлкен қала.

1-деңгей. Астана туралы сұхбат құраңдар.

Оқушылар өз қалаулары бойынша берілген деңгей бойынша тапсырмаларды орындайды.

жекелей

Үлгі бойынша тексереді

5.Қорытынды

«Дұрыс па, бұрыс па?»

ҚР астанасы Алматы қаласы.

Астана Ертіс өзенінің жағасында орналасқан.

Астанада Медеу мұз айдыны бар.

Біз Батыс Қазақстан облысында тұрамыз.

Біздің қала-Риддер.

ҚР Президенті-Н.Ә.Назарбаев.

Оқушылар жауап береді

жалпылай

Ауызша мадақ

Рефлексия

«Бес саусақ»

«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар баға береді, қорытындылайды.

Оқушылар қорытынды жасайды.

жеке

Ауызша мадақ

Үйге тапсырма

89-б,3-тапсырма.Мәтінді оқу,сөз жаттау

Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Сабақта жақсы жұмыс істеген оқушыларды атап өту, алғыс айту.




© 2010-2022