Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы

Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологі

Кеш тақырыбы: Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттерін, салт-дәстүрін құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу отырып, білім мен өнерге деген белсенділіктерін арттыру.

Өту барысы: Қайырлы кеш құрметті ұстаздар және оқушылар!

«Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі» атты танымдық байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біздің алдымыздағы негізгі міндет - бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» деп атап көрсеткен болатын. Ал қазіргі таңдағы ұстаздар қауымы біздің мақсатымыз білімді ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бүгінгі кештіңде мақсаты азда болса білім қорларын жетілдіріп, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім мен өнер егіз демекші, білімімен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауға 11-ші сыныптықтар қатысқалы отыр. Ендеше кеш сахнасына сайыскерлерімізді шақырайық.

Танымдық байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама).

  2. Сұрақ-жауап (өз таңдаулары бойынша әр саладан сұрақтар).

  3. Әуенді тап.

  4. Қиыннан шығар жол қайсы? (ситуациялық сұрақтар)

  5. «Ойнайық та ойлайық» сергіту сәті.

  6. Ұлттық дәстүрді білеміз бе? (сұрақ-жауап)

  7. «Өнерім өмірімнің өзегі» өнер байқауы.

Ендеше байқау шарттарымен таныс болсаңыздар әрі қарай кешімізді бастайық. Сайыс болған соң сайыскерлерімізге әділ баға берер әділқазы болады. Бүгінгі кеште әділ де, лайықты баға беріп, байқау жеңімпазын анықтауға өз үлестеріңізді қосыңыздар. Кештің әділқазы мүшелері мектебіміздегі «Болашақ» оқушылар ұйымының мүшелері.

Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы турымызды бастаймыз.

І . Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама)

1. Сіз мектеп бітіргеннен кейін немен айналысасыз?

2. Таңдаған мамандығыңызға өзіңізді қалай дайындап жатырсыз?

3. Өзіңіздің кәсіби шеберлігіңізді қайда тексересіз?

4. Таңдаған мамандығың туралы қайдан оқыдың?

5. Таңдаған мамандығыңыз бойынша кіммен ақылдастыңыз?

6. Қазіргі таңдаған мамандығыңыз тұрақты шешім бе, жоқ әлде ойланасың ба?

7. Мамандық таңдауда кімнің сізге көбірек ықпалы болды?

8. Мамандық таңдау кезінде неге сүйендіңіз?

9. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?

10. Сіз қалай жұмыс істегенді ұнатасыз? Жеке, достармен не ұжыммен. Неліктен?

11. Сіз ұжымда кім болғыңыз келеді? Орындаушы әлде ұйымдастырушы, не себептен?

12. Таңдаған мамандығыңыз бойынша өзіңізді ойша елестетіп көріңізші.

ІІ. Сұрақ-жауап (Әр сайыскер 4 сұрақтан таңдайды. Бейнесұрақ, тұлғалар, технология, Қазақстан, қазақ тілі мен әдебиеті, химия, музыка, жалпы сұрақтар)

ІІІ. Әуенді тап. (Шәмші мен жерлес сазгер ағамыз Қ.Алесовтің әндері, Әке-Ана, Достық, Махаббат тақырыбындағы, МузАрт, Қарақат, НұрМұқасан топтарының репертуарындағы әндер ойналады, сайыскерлер өлең сөзін не атын табуы қажет).

Ән адамзат құрдасы

Ән зарлының мұңдасы

Ән сергектің серігі

Ән ғашықтың мұңдасы

IV. Қиыннан шығар жол қайсы? (ситуациялық сұрақтар)

1. Сіздің әпкеңіз мұғалім. Ал сіздің досыңыз әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Сізге айтып еді, сіз досыңызға айтып ескерттіңіз. Аз уақыттан соң әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?

2. Сыныбыңыздағы бір оқушы үшін мектеп әкімшілігі барлық сыныпты ата-аналар жиналысында кінәлады. Сізге бұл ұнамады, себебі сіздің жақсы тәртібіңіз, жақсы оқығаныңыз бәрі текке кеткендей, сізде кінәлі болып шықтыңыз. Сыныптасыңызға деген көзқарасыңыз, сіз не істер едіңіз?

3. Сіз сыныпта шаруашылық секторысыз, ал досыңыз сынып терезесін сындырып тастады. Досыңыз айтпауын өтінді. Кім екенін білмесең, терезе әкеліп сал деп сынып жетекшіңіз ескерту берді. Бұған сіздің жағдайыңыз көтермейді. Бұл жағдайдан қалай шығар едің?

4. Мектеп бітіру кешіне сыныптастарың қымбат костюм немесе көйлек кигелі жатыр. Ата-анаңыздың алып беруге еш мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайдан қалай шығар едің? Кешке барасыз ба, әлде үйде қаласыз ба?

5. Сіз досыңыз екеуіңіз бір қызды, не бір ұлды ұнатып қалдыңыз, оны екеуіңізде білесіз. Ал досыңыз бірде сізге ренішті кейіппен «Сен әркез менің жолыма тосқауыл боласың да жүресің» деді. Осы жағдайдан кейін досыңызбен қарым-қатынасыңызды үзер ме едіңіз, әлде достыққа махаббат та тосқауыл емес дер ме едіңіз?

6. Сіз өзіңізден үлкен мектеп бітіріп кеткен қыз не ұл мен достасып жүрсіз. Ал сіздің мұғаліміңіз жие ескерту беріп «Қазір тек сабақты ойла, махаббат қызық мол жылдар алда» деген. Ал сіз білім мен махаббаттың қайсысын таңдар едіңіз.

7. Сіз автобус аялдамасында тұрсыз. Қасыңызда егде тартқан әжеңіз бар. Кенет әжеңіз орнынан тұрам деген сәтте құлап кетті. Қасыңызда тұрған жолдастарыңыз қарқ-қарқ күліп, мазақ етіп жатыр. Ал сіз не істер едіңіз?

8. Сіз интернатта тәрбиеленушісіз. Ал сізден үлкен балдар сені жие соғып, жұмыстарын атқартып қояды. Тіпті, тамақ, ақшаларыңды да тартып алады. Айтар болсаң соғамыз деп қорқытады. Осылай қорқынышпен жүре берер ме едіңіз?

9. Сіз көшеде келе жатып досыңыз екеуіңіз аса бағалы зат тауып алдыңыз. Досыңыз хабарландыру жазып иесіне қайтарайық деген, ал сіздің біреуге бере жақ ақшаңыз бар. Осы жағдайда иесіне қайтарар ма едіңіз, әлде сатып, бережақ ақшаңды берер ме едің? Осы жағдайдан қалай шығар едің?

V. «Ойнайық та ойлайық» сергіту сәті

1. Түсін мені (Көрермендер іс-қимыл арқылы жасырылған сөзді түсіндіреді, сайыскерлер шешімін табулары керек).

2. Сөз құрау. «Талғампаздық» (Берілген сөзден зат есім құрау)

Көрермендерге сұрақ:

1. Мектептің электрондық адресін айтыңыз:

/Bisen @ maik. кz/

2. Қағаздық тасушыларға информацияны шығаруға арналған басу құрылғысы. /Принтер/

3. Microsoft Excel программасын іске қос.

(Дұрыс жауап берген көрерменге сыйлық табыс етіледі).

VI. Ұлттық дәстүрді білеміз бе? (сұрақ-жауап)

Мәнге толы қазағымның ғұмыры

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры

Кеше ғана керексіз ғып тастаған

Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.

Сәнге толы қазағымның тірлігі

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.

Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді

Ұлттық дәстүр, ғұрпыменен өнері.

Аса мәнді жақсылық хабарды жеткізген кезде айтылады. Қуаныш жеткізуішіге естіген адам жолын беріп, қуаныш әкелгеніне алғыс білдіреді. Бұл қандай дәстүр? /Сүйінші/

Жақсы тілектің айғағы. Келін түсіргенде, құтты қонақ келгенде, белгілі бір салтанатқа арнап шашылады. Бұл қандай дәстүр? /Шашу/

Халқымыз «жақсы сөз-жарым ырыс» деген. Қуаныш иесін құптап, одан сайын қуанышқа кенелту үшін беріледі. Бұл қандай дәстүр? /Көрімдік/

Қоңсы қонған ауылда аралас-құралас болу үшін, әсіресе, жаз айларында жиі өткізіледі. Соңғы келіп қонған үйге бұрынғы үй ас береді. Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/

Бір адам немесе жанұя ауылына осы дәстүрді жасайтынын хабарлап, мол етіп дастархан әзірлейді. Ауыл тұрғындары көмекке келіп, үй тұрғызуға, құрылысын аяқтауға көмектеседі. Бұл қандай дәстүр? /Асар/

Үлкендер көрші ауылға кеткенде жастар жиналып жасайды, көңіл көтереді. Бұл дәстүрді әке-шешесі жол жүріп кеткен үйдің бойжеткен қызы да жасай береді. Бұл қонақжайлылықтың бір белгісі. Бұл қандай дәстүр? /Бастаңғы/

Сыйлы адамға тартылар табақта міндетті түрде мүшелі ет болады. ол соғым етінен сақталады. Ол қалай аталады? /Сыбаға/

Ауыл үйдің қарттары жол жүрерде, ал жас бала тұңғыш рет атқа отырарда осы ырымы жасалып, дастарқан жайылады. Бұл қандай дәстүр? /Тоқымқағар/

Сыбаға алып келгендерден кетерінде сұраған. Сол секілді келіп, кетерінде ештеме айтпай бара жатқандардан «не .... келген едің?» деп, арнайы келген шаруасы болса, оның орындалуына жәрдемдескен. Бұл қандай дәстүр? /Бұйымтай сұрау/

VII. Өнерім - өмірімнің өзегі (өнер байқауы)

(Әр сайыскер өз өнерін ортаға салады).

Алладан - денсаулық,

Пайғамбардан шапағат,

Қыдырдан - бата,

Данадан - өнеге, білім,

Ананың мейірімін,

Саудың - амандығын,

Аурудың - көңілін,

Туыс-туғанның - бүтіндігін,

Сапарда - сәттілік,

Өмірде - амандық сұрайық.

Ал енді әділқазы шешімі дайын болғанша Қ.Назарбектің орындауында тамаша бір ән тыңдалық.

Ән: «Бақытты бол»

Бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті. Білімдерін шыңдай, ұлттық дәстүрлерді бойына дарыта отырып тәрбиелеу жолында ұйымдастырылған кеш қорытындысында «Сахна жұлдыздары» Жайдарбек пен Гульфия, «Көрермен көзайымдары» Тұрар мен Жанайым, «Мектеп көшбасшылары» Айбек пен Әсемгулдің еншілеріне тиді. /Марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді/.

Білімі мен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауларда жоғары дәрежелі жетістіктерге жетіңіздер. Сіздермен бірге болған Алия Ерқайқызы . Бай, қуатты болайық, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.












© 2010-2022