Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

Шай, шай түрлері және дайындау әдістеріКаткенова Мереке СултановнаАспаз мамандығының өндірістік оқыту шеберіШелек политехникалық колледжіМақсаты: Білімділік:Оқушыларға шайдың түрімен таныстыру, техникалық шарттарды ескере отырып шайды дайындауды және ұсынуды үйрету.Тәрбиелік:Кәсіптік мамандықтарына қызықтыру, оларды дағдылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Дамытушылық: Шай туралы ой – өрістерін дамыту; үй тапсырмалары арқылы қамыр ө...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

Каткенова Мереке Султановна

Аспаз мамандығының

өндірістік оқыту шебері

Шелек политехникалық колледжі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға шайдың түрімен таныстыру, техникалық

шарттарды ескере отырып шайды дайындауды және ұсынуды үйрету.

Тәрбиелік: Кәсіптік мамандықтарына қызықтыру, оларды дағдылыққа,

ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шай туралы ой - өрістерін дамыту; үй тапсырмалары

арқылы қамыр өнімдері туралы білімдерін бекіту, болашақ мамандығына байланысты дағдыларды пысықтау.

Сабақ көрнекілігі: Сабаққа қатысты ыдыстар. Шайдың түрлері. Видео

ролик. Технологиялық карталар.

Сабақтың әдісі: Тәжірибелік

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Өндірістік оқыту сабағында ақпараттық

- коммуникациялық технологияны енгізу

Уақыт мөлшері: 6 сағат

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут

Оқушылардың зейінін тақырыптқа аударту:

Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы

Жігітке шапан киген ұнамады.

Сары жез самауыры тағы шықты

Машина шүмегі бар бұрамалы

Төсектен ерте тұрып бас ауырса

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

ІІ. Кіріспе нұсқау - 35 мин.

Өткен тақырыптарды қайталау. Үй тапсырмалары бойынша қамыр өнімдерінен тағамдар даярлап әкелу. Реферат жазу.

Слайд бойынша оқушылар көрсетілген өнімдер туралы оқушылар өзара сұрақ - жауап құрастыру.

  1. Алматы қаласында қамыр өнімдерінен тағамдар дайындайтын қандай ірі кәсіпорындар бар. (Ақсайнан, Алматынан)

  2. Қамырдың қандай түрлері бар? (Ашытқымен, ашытқысыз)

  3. Үй кеспесінің қамыр құрамын ата? (Ұн, жұмыртқа, су)

  4. Вареник қамырының айырмашылығы неде? (Сүтпен қантта)

  5. Ашыған қамырды қайтадан неше рет басады? (Көмір қышқылы шығу үшін бірнеше рет басады)

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

Жаңа сабақты түсіндіру

Шайдың шығу тарихы, шай туралы рефераттардан үзінді, слайдты қолдана отырып.

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Шайдың Отаны - Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты. Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр. Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао» сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Жапырақтарының бүршіктеріне байланысты 2 түрі бар. Олар: ассамдық және қытайлық.

Шайдың түрлері: жапырақшалардың өлшеміне және қай мемлекеттің өніміне байланысты. Жапырақшалы, түйіршіктелген, ұнтақталған концентратталған. Мемлекеттік өніміне байланысты Үнділік, Қытайлық, Цейлондық, Бразилиялық, Грузиндік болып бөлінеді.

Шайдың құрамы: шай мидың қан тамырларын кеңейтеді және барлық сорттарында жүрек қызметін реттейтін кофеин, эфир майлары және экстративті заттар мен дәрумендерге бай.

Шикізат түріне және өңдеу технологиясына байланысты шайдың түрлері мен типтері болады: байхалы - қара, көк, сары, престелген, кірпіш (сары), плиткалы (қара және сары). Қазіргі кезде ассортиментті көбейту үшін ароматталған және емдік шайлар шығарыла бастады.

Мөлшері: 25, 50 ,75, 100, 200, 250 т.б. арнайы қораптарда.

Шайды дайындау әдістері: 1 порцияға 2 гр. 150 - 200мл. су қолданылады. Шәйнекті қайнаған сумен шаяды, құрғақ шайды салады да шәйнектің 1/3 көлеміндей қайнаған су құяды 5 - 10 мин. жауып қояды, содан кейін шәйнекті қайнаған сумен еселейді.

Талаптар: Қайнатуға, металл ыдыстарда дайындауға болмайды қарайып кетеді, қайталап қайнатуға болмайды. Күніне 10 -12 шыныдан артық ішуге болмайды, ол жүрек соғысын жиілетеді. Шайды арнайы қораптарда, құрғақ жерде сақтау керек, себебі ылғалды бойына тез сіңіреді. Ылғалдылық мөлшері 65 %. Шайды фарфор немесе фаянс ыдыста демдеу керек. Қайнап шыққан шайды бір сағат уақыттың ішінде ішу керек, оны ертеңге қалдыруға болмайды.

Ұсыну әдістері: Жалғыз шәйнекпен, жұп әдісімен (самаурын мен шәйнек), Қазақстанның батыс өңірінде кесе мен тастабақшамен беріледі, шайқасық пен шәйнек оң жаққа қойылады. Шаймен бірге лимон және тәтті тағамдар ұсынылады, сонымен қатар ұлттық ерекшелікке байланысты.

Емдік қасиеттері: Сүтпен қатқан өте қою ыссы тәтті шай наркотикпен, емдік препараттармен және маскүнемдікпен уланғанға қарсы күшті құрал. Дененің сыртындағы жараны, сондай - ақ асқазандағы, он екі елі ішектегі жараларды жазу үшін қою қайнатылған көк шайды ұдайы ішу керек. Шайдың жас жапырағының шырыны, шай экстраты немесе ұнтақталған құрғақ шай күйікке қарсы құрал болып табылады.

Қауіпсіздік ережелері: Шәугімді суға толтыру мөлшері, қақпағын ашу, тоқ көздеріне қосу және ажырату, құю кездерінде ескерілетін нұсқаулар.

Жаңа сабақты бекіту:

Мақал - мәтелдің жалғасын және сұрақтың жауабын табу.

  1. Шай ішсең ......................................... .

  2. Етім болмаса да ...................................................

  3. Шайға хош иіс беретін .........................................................

  4. Шәйнекке шәйді демдегенде құйылатын су мөлшері .......................

  5. Ашаны тоқ көзінен ажыратқанда ..........................................................

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

ІІІ. Ағымды нұсқау - 5 сағат

Оқушылар топқа бөлініп алған білімдерін Шелек өңіріндегі кәсіпорындарда тәжірибе жүзінде бекітеді.

Оқушылар өз бетімен жұмыс істеу және мақсатты тексерулер:

  1. Шәйді демдеу жұмыстарының орындалу технологиясын және тазалығын сақтау;

  2. Жинақ рецептурасымен дайындау реттілігін қадағалау;

  3. Қауіпсіздік ережелерімен құрал - жабдықтарымен жұмыс істеуін қадағалау;

  4. Дайын тағамды ұсыну, жұмыс орнын тазалау, ыдыстарды реттестіруін қадағалау.

ІV. Қорытынды нұсқау: 15 мин.

Жіберілген қателіктерді талдау, бағалау.

© 2010-2022