Эссе на тему Как изменились моя школа и я после прохождения мной курсов

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе на тему Как изменились моя школа и я после прохождения мной курсов

Рахимжанова Жанара Мусратовна

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Семей қаласы ШҚО

[email protected]

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле, жетерсің мұратына біле-біле»

Менің мектебім және өзім осы курстан кейін қалай өзгердік?

1 деңгей мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курсына келгеніме өте қуанышты болдым. Осындай курс қайталанбас бір үлкен серпіліс берді десем артық болмас еді. Курсқа келмес бұрын мектебімізде өткізілген коучингтерге қатысып, Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген жаңа Бағдарламаны енгізушілермен бірлесіп жұмыс атқардым. Осыған орай оқыту мен оқу жүйесіне жеке тұлғаға бағытталған қарқынды өзгеріс енгізу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға мен де өз үлесімді қосқым келді. Курсты өзің өтпейінше барлығын дұрыс, толыққанды түсінбейді екенсін.Менің мектебім және өзім осы курстан кейін қалай өзгердік? деген сұраққа жауап берсем. Ең бастысы - тәжірибе кезіңде мектебіме өзгеріс еңгізу мақсатында мектепті дамыту жоспарындағы мақсат, міндеттеріне байланысты болды, және тәлімгерлік үдерісіне тоқтала кеткім келеді. Өзіме күшті әсер берген міне осы сәттер болды. Мұғалімдерден де маңызды оқушылар үшін өзгеріс тиімді болды десе де болады. Себебі, барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Мектебімізде де «Дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамыту» атты коучингте мұғалімдерге көп әсерін тигізді. Мысалы, біздің мектепте дарынды бала жоқ деп бүкіл папкалардың бәрін қабілетті оқушымен жұмыс деп атағанбыз. Ал енді коучингтен кейін мұғалімдердің айтуынша біздің мектепте дарынды оқушы да бар, ал оны мұғалім анықтауға тиіс, және оны дамыта білу керек екендігін түсінгендерін айтты. Міне осы жұмысты ұйымдастыру да мектебіме оң әсерін беріп тиімді болды деп айта аламын.

Тәлім алушы мұғалімнің жазбаларынан.

Сабақтардың барысына және жоспарына оның тиімділігін арттыратын, білім

сапасын жақсартатын бірқатар жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері енгізілді.

Мысалы, класста жайлы атмосфера құру, түсті қағаздар арқылы топқа бөліну,

топ ережесімен танысу, топ басшыларын сайлау, мәтін бойынша дербес жұмыс

жасау, оқығандарын бір-біріне түсіндіре алуы, постер толтырып, флипчарт

жасауды үйренуі, сабақ бойынша өз ойларын жаза білуі, бағалау парағын

толтырып өзін-өзі бағалауды үйренуі. Мұндай әрбір сабақ оқытушы мен

оқушыдан шығармашылық қатынас пен жаңалықты үнемі талап ететіндігі

көзге түсті. Қорыта келгенде, мeктeптi дaмыту мaқcaтындa тәлімгерлік пен

коучинг aяcындa бiлiм aлып, білім беруге бacтaмa жacaлып, қoлдaу көpceтiлдi.

© 2010-2022