• Преподавателю
  • Другое
  • Авторский материал ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Авторский материал ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ



Адамның бойынадағы қасиеттерге берілген ғұламалардың анықтамалары көп.Соның ішінде «талант дегеніміз мінез» деген қисын ғұлама ғалым Қайым Мұхаметхановтың жеке басында да, оның өмірлік жолында да, ғылыми шығармашылық еңбектеріне де қаратыла айтылған сияқты.Шындығында да, мінезсіз талант-қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле алмайды. Ал Шабытты қолдан жасай алмайсың. Ол кісі шындық үшін басын бәйгеге тігуден де қорықпаған. Қайым Мұхамедхановтың өмірбаянына қысқаша тоқтала кетсек 1916 жылы 5-қаңтарда қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» аталған жерде дүниеге келген. Қайым Мұхамедханов бала кезінен қазақтың біртуар азаматтарының тәрбиесін көріп өскен. Оған себепкер болған ғалымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы болған. Мұхамедхан Сейітқұлұлы өз шаңырағына Алаш көсемдерінің басын жиі қосып, олардың ат басын тірейтін үлкен үйлері ретінде, кеңес құратын ордалары ретінде белгілі болған. Осындай үлкен басқосулар танымал ақындар мен әншілердің де өз өнерлерін сынайтын, танылатын жері болған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан қасиетті ортадан жас Қайымның алар тәлім-тәрбиесі де мол болды.

Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағында Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі келіп, отырыстың мәнділігін арттыратын. Қайым Мұхамедхановтың өмір жолындағы ұлтжандылық, нағыз ұлтшылдық бағыттың қалыптасуына осындай мағыналы басқосулардың да себебі болғандығын ғалым естеліктерінен білеміз. Қайым Мұхамедханов 1924-1928 жылдары Жаңасемей қаласындағы бастауыш қазақ мектебінде оқиды. 1929-1932 жылдарда Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білімін жалғастырады. 1936-1937 жылдары мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Ал 1938-1941 жылдары Семей педагогикалық институтында оқиды. Ғалымның еңбек жолы да педагогикалық оқу орнымен тығыз байланыста дамыды. Ұзақ жылдар (50 жылдан астам уақыт) болашақ әдебиетші мамандарды дайындауға талмай еңбек сіңірген ғалымның аға шәкірттерінің өздері де бүгін үлкен ғалымдар мен ұстаздар қатарында.

Қ.Мұхамедхановтың әдебиетші-ғалым ретіндегі ерекше қасиетін айтатын болсақ, ол азаматтық көзқарасының тереңдігінде, адалдықпен атасып жатқан парасатында және болаттан да төзімді қайсарлығында. Ол өзінің ғылыми пікірлерін айтуға, дәлелдеуге, жариялауға, қорғауға келгенде өте қатал бола білген. Ондай сәттерде ол өзін де өзгені де аямаған.

Ғылымға ат ізін салған елу жыдың көлеміндегі індете зерттеп,иіріміне үңіліп, иін қандыра айналысқан тақырыбы, ең арналы өмірлік мақсаты мен мұраты Қайым Мұхамедханов үшін - Абай поэзиясы.Ол ұлы ақынның творчествосының барлық саласына ат салысып, тың тұжырымдар, пікірлер ұсынып келді. Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылуы, басылуы тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек бітірген теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынасарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды,ел аузындағы жыр өлеңді, әңгіме -аңызды қағазға түсірген фольклорист.

Ол шығармашылық жолын ақын ретінде бастап,Қазақ ССР-нің мемлекеттік гимнің авторларының бірі болды. «Абай шығармаларының текстологиясы», «Ақын Мағауия Құнанбаев», «Абайдың ақын шәкірттері», «Абай мұрагерлері», «Перне», «Майданнан-майданға», «Комиссар Ғаббасов» атты пьесалары сахнада қойылды. Әдебиетіміз бен мәдени тарихымыздың көкейтесті мәселелерін қозғайтын жүзден астам мақала, зерттеулері бар.

Егер аталған әр еңбекті жеке сұрыптап, салаға бөлсек, салмағын бағаласақ, бір ғалымның халық, қоғам алдындағы парызын өтеуге осы еңбектер де аздық етпес еді. Алайда білімге марқаю, ізденіс шиырға бой алдыру оған тән мінез емес еді. Ол сонау ежелгі әдебиет тарихынан бастап, бүгінгі күнгі Мұхтар Әуезов шығармаларының толық басылымына дейін өзінің зерттеу объектісіне айналдырды.

Қ.Мұхамедхановтан білім алған шәкірттерінің кез келгені ғалым ағаның адамгершілікке толы ақ жүрегінің лүпілін қазірге дейін сезінеді. Семей өңірінде әдеби өлкетану мәселесіне, оның ішінде Абайдың ақындық мектебіне байланысты ғылыми-зерттеумен айналысып жүрген кейінгі буын ғалымдардың түгеліне дерлік Қайым Мұхамедханов салған жолмен жүруді дәстүрге айналдырған. Бұл ғалымдардың өз ғылыми тұжырымдарының жоқтығынан емес, қайта аға ұрпақ ретінде Қайым ағаның М.Әуезов үлгісімен салған ғылыми концепциясының дұрыстығында. Осы орайда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымындағы іргелі мектеп болып саналатын Абайдың ақындық айналасына арналған «Абай айналасындағы ақындар» (1950ж.) атты монографиясы, «Абайдың ақын шәкірттері» (1993-1997) деген ғылыми-зерттеулері әдебиет тарихы ғылымының жаңа бір беттері болып ашылды. Абай мектебінің талантты өкілдері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет және тағы басқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларының жиналып, баспаға дайындалуына және іргелі ғылыми-зерттеулердің нысанына айналуына Қайым Мұхамедхановтың тікелей ықпал еткені рас.

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылған ірі-ірі ғылыми-зерттеулер мен абайтану саласындағы тың жаңалықтар да Қайым Мұхамедханов есімімен байланысты. 1995 жылы Абай шығармаларының екі томдық академиялық жинағы текстологиялық жағынан дұрысталған нұсқасымен шығуына да ғалым аға өз үлесін қосты. Осы жылы жарыққа шыққан «Абай» энциклопедиясының редакциялық алқасын басқарған Қайым Мұхамедханов бұл басылымның да мағыналы, мәнді болуы үшін көп тер төкті. Өмірінің соңына дейін Абай мектебі мен абайтану мәселесіне байланысты талмай еңбектенген ғалым үшін энциклопедияның әр мақаласы маңызды болды. Мақалалардағы мәселелердің тарихилығы мен нақтылығы, Абайдың ақындық мектебінен тәжірибе алған әр ақын мен жеке тұлғалардың шығармашылық өмір жолы туралы тың деректердің сарапталып, баспаға түсуіне аса мән берген ғалым еңбегі нақтылы бағасын алды. Абайдың мерейтойы кезінде ғалымның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып (1996 жылы) Халықаралық Абай академиясының «Алтын медалы», Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы беріліп, ең бастысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым.

Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі «Әзім әңгімесі» туралы Қ.Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана («Абай шығармаларының текстологиясы». 1959 ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», «Қансонарда», «Сап-сап көңілім», т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.

Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы ол - алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан.Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір - тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.

Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі көрнекті ғалымы,абайтанушы,әдебиет тарихшысы,тағдырлы тұлға, профессор,Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек. Ендеше, бұл іс-шаралар жалғасын таба береді деп ойлаймын.

Пайдаланыған әдебиеттер

  1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.

  1. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.

  2. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.

  3. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.

5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.

6. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.

7. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.

8. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.

9. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.

10. Шыңғысұлы Б. Сүйінерге жарар ол // Семей таңы.- 1991.- 22 қаңтар

11. Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193

12. Еспенбетов А. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 январь.

Тіркеу формасы

1.Тегі, аты жөні:

Тютенова Биғайша Мубаряковна бастауыш сынып мұғалімі,

Омарова Жанар Николаевна бастауыш сынып мұғалімі,

2.Оқу мекемесінің аты, мекен жайы:

Семей қаласы, «№18жалпы орта білім беретін мектеп»КММ, Павлодарская 135,

Урджар ауданы, Мақаншы ауылы, «Найманбай атындағы орта мектеп»КММ

3.Автордың мекен жайы:

Семей қаласы, Крдонная 72а

Уджар ауданы, Мақаншы ауылы, Сағыұлы-8.

4.Телефон: 87785774169, 87757533316

5.E-mail: [email protected]; [email protected]

6.Мақала тақырыбы: ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Біз

1.Тютенова Биғайша Мубаряковна бастауыш сынып мұғалімі, Семей қаласы, «№18жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

2. Омарова Жанар Николаевна бастауыш сынып мұғалімі, Урджар ауданы, Мақаншы ауылы, «Найманбай атындағы орта мектеп»КММ

Конференцияға сырттай қатысамыз



© 2010-2022