Открытый урок по казахскому языку Өтебай Тұрманжанов

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Өтебай Тұрманжанов»

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 16.02.2016ж

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: қазақ халқының балалар жазушысы Өтебай Тұрманжанов туралы мәлімет беру,шығармаларымен таныстыру;

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту;

б) тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы оқушыларды өзара ынтымақтастыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар,

постер,түрлі-түсті қарындаштар, стикер, «Тілек ағашы»

Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың әдіс- тәсілдері : топтық жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру,түртіп алу стратегиясы

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу

Әнұран орындау

оқушыларды түгелдеу

«Шаттық шеңбері» сабақта білім шыңына жету үшін шеңберге тұрып,

бір - бірімізге игі тілектер айтамыз.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу: бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздер бойынша оқушылар тақтаға шығып, жалқы,жалпы зат есімдерді жазады

(сөздер кеспе қағазда беріледі,орыс тіліне аударады),осы сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді

қиыншылық , аудан, Бөген, Ташкент ,қамқорлық ,ауылдастар, Жалғызағаш, жоқшылық , Тұрманжанов, облыс, «Ақ жол», азаттық, Өтебай, Шымкент, жалшы , Ғ. Мұратбаев.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

«Жазушы өміріне саяхат»: интербелсенді тақтада жазушының өмірбаяны туралы ақпарат тамашалайды.

«Жаңа сөздермен жұмыс»:

қиыншылық-трудность қаламгер-писатель

жоқшылық- нищета байдың есігіндегі- у бая

азаттық - свобода ауылдастары- односельчане

мәз болады - обрадовались кешегі - вчерашний

«Мәтінмен жұмыс» : әр топқа тақырып бойынша мәтін беріледі,оқушылар оқып аударады (137 бет, 1 тапсырма)

«Дәптермен жұмыс»: мәтіннен етістіктерді дәптерге теріп жазып,тұйық етістікке айналдырады : туған, өтеді, бағып, жүрген, кіреді ,оқып, мәз болады, жазыпты.

«Сыныптан тыс оқу» : ақынның «Құс ұясын бұзбайық» өлеңінен екі топқа үзінді беріп,аударту, дәптерге етістіктерді тұйық етістік формасына айналдырады

Құс ұясын бұзбайық!

1 - топ:

Жұмыртқасын алмайық , --- алмау

Обалына қалмайық! ---- қалмау

Тақия тұзақ салмайық , ---- салмау

Қарғысына қалмайық ! ----- қалмау

Әдейі көздеп атпайық , ------ атпау

Көп күнәға батпайық ! ----- батпау

Балалар , мұны ұғыңдар , ----- ұғу

Уәдеден шығыңдар! ----- шығу

2 - топ:

Өсіруге балапан ,

Құстар ұя салады , ----- салу

Жасауға жұмсақ ұяны

Жабағы жүнді жияды. ----- жию

Жайлы қып жасап ұяны , ---- жасау

Жұмыртқасын салады ,

Бір қуанып қалады . ----- қалу

Жұмыртқасын басады , ------ басу

Балапанын ашады ---- ашу

ІҮ. «Сабақты қорытындылау»

Екі топқа шығармашылық тапсырма беріледі: ақынның күз, қыс туралы өлеңдері бойынша постерге сурет салу, аудару

Күзге тіреп күн иек , -------------- 1 топ

Болып қапты қыркүйек

Қырманды жұрт алыпты,

Дәнге батып қалыпты.

Жемістер де пісіпті ,

Жерге үзіліп түсіпті

Шөп буыны қатыпты,

Шөмелені ел тасыпты.

Межелі кез болыпты,

Мектеп есік ашыпты шөмеле - стог сена

межелі кез - назначенное время

Тамаша ғой қыс деген, ---------- 2 - топ

Түкірік жерге түспеген,

Қызыл шұнақ аязы ,

Қызартып беттен тістеген

Албырап бетің алаурап,

Шаңғы тепсең сабаулап

Бойыңнан буың бұрқырап,

Жылына түссең жараулап .

Балалар - ау, балалар ,

Мұнан қызық не болар?

Қыстың да бар қызығы ,

Жылында бір келетін

шұнақ аяз - сильный мороз

жылына түссең - если согреться

Ү. «Оқушыларды бағалау» : әр топ сабақта көрсеткен білімі бойынша бағаланады. Ерекше білім,шығармашылық тапқырлық көрсеткен оқушыларды атап өтемін.

ҮІ. «Үйге тапсырма» : 3 тапсырма,138 бет, 4 тапсырма - жазбаша

ҮІІ. «Кері байланыс»

© 2010-2022