Разработка урока на тему Сайыс. Білім шыңы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тукенова Назгуль Аскеровна


Қарағанды облысы

Абай ауданы

Самарка жалпы білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


«БІЛІМ ШЫҢЫ»

Сыныптан тыс сабақ

Сабақтың мақсаты: қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың алған теориялық білімдерін тереңдету, сабаққа деген қызығушылықтарын, ізденушілік белсенділіктерін арттыру. Танымдық материалдар арқылы оқушылардың халқымыздың салт- дәстүрлеріне, ұлттық дүниетанымына, мәдениетіне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.

Сабақтың түрі: Сайыс- сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, география

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд- шоу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

І.Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

Мимикалық жаттығуды өткізу

Қоңырау соғылды

Сабағымыз басталды!

Дұрыс тұрайық.
Түзу тұрайық.
Таң қалайық

Көршімізге қарайық.
Күлімсірейік.

Орнымызға тыныш қана

Отыра қалайық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сәлеметсіздер ме, балалар. Қазақ тілі пәні бойынша «Білім шыңы» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сыныптан тыс сабақ 7-8 сынып оқушылар арасында сайыс түрінде өткізіледі.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ мақсаттары айтылып, әлілқазылар алқасымен таныстырады.


Интерактивті тақта қолданылады. Оқушылардың назарына тақтада 1-32-ге дейін сандар берілген. Оқушылар сандарды таңдап ашады, санның ішінде сұрақтар жасырылынған. Сұрақтарды оқып, оқушылар кезекпен сұрақтарға жауап беруге кіріседі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сұрақтардың үлгісі:

  1. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

  2. Сингармонизм заңы деген не? (Үндестік заңы)

  3. Дауыссыздарды табыңыздар

  4. "Шомылу"сөзін аударыңыздар ( купаться)

  5. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды? (1945 жылы)

  6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз (кітапхана)

  7. Қазақ хандарын атаңыздар ( Керей, Жәнібек)

  8. Артық сөзді табыңыз (жемістер)

  9. Жіктік жалғауларды атаңыздар (-мын,- мін)

  10. «Қар ериді. Құстар ұшып келеді» бұл қай кезде болады? (Көктемде)

  11. Сөйлемді толықтырыңыздар "Қаз дауысты ..." (Қазыбек)

  12. Көмектес септігі неге буын үндестігіне бағынбайды? ( Себебі, жуан нұсқасы жоқ)

  13. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Нүркен Әбдіров деген кімдер?(Ұлы Отан соғысының Батырлары)

  14. Ішінде саны бар сөздерді табыңыздар (Кекіл, Күшік)

  15. "Туған жерімізді Атамекен дейміз" деген сөйлемдегі асты сызылған сөз қай септікте тұр? (жерімізді- Т.С)

  16. Қазақ тілінде жұрнақ көп пе, жалғау көп пе? (жалғау, 4 түрі бар)

  17. Қаныш Сәтпаев деген кім? (ғалым)

  18. "Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй" кім авторы?(Абай)

  1. Сөйлемді толықтырыңыздар «Қарағанды облысында Нұра … ағып жатыр» (өзені)

  2. Морфология нені қарастырады? (сөз таптарын және сөз құрамын)

  3. "Жолбарыс" деген сөз қай ұғымға жатады? (жабайы аңдар)

  4. Ата Заңы деген не? (Конституция)

  5. Ыбырай Алтынсарин деген кім? (мұғалім)

  6. 2015 жылы қазақ хандығына неше жыл толады? (550 жыл)

  7. Шәкен Айманов деген кім? (актер, режиссер)

  8. "Абай жолы" романының авторын атаңыздар (М. Әуезов)

  9. Атауында апта күндері бар есімдерді табыңыздар (Жұмаш, Бейсенбай)

  10. « Ұлттар " деген сөзді аударыңыздар (нации)

  11. «Бақыт берсін басыңа

Береке берсін асыңа

Келмесін дұшпан қасыңа» деген не? (бата)

  1. "Мен өзге ұлтты құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын"

кімнің сөзі? (Б. Момышұлы)

  1. Қазақ тілінде қанша септік бар?(7)

  2. Қазақтың көне қалаларын атаңыздар (Тараз, Түркістан)

Сайыс қорытындасын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаз атанған топ және сайысқа белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.







© 2010-2022