Ақын өлеңдері - шындықтың айнасы әдеби кеш

Мемлекеттік сыйлықтың және Тарлан сыйлығының иегері, жергілікті ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына арналады. Академик-жазушы З.Қабдолов "Сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы" деп баға берген.   Тақырыбы: "Ақын өлеңдері – шындықтың айнасы" әдеби кеш. Мақсаты: Аса көрнекті ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық жолымен таныстыра отырып, поэзияның қыр-сырын ұғуға, поэзия арқылы өмірді түсіне білуге тәрбиелеу. Өмірдің жақсы жаман жақтарын көрсете отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ақын өлеңдері - шындықтың айнасы.

Мақсаты: Аса көрнекті ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық жолымен таныстыра отырып, поэзияның қыр-сырын ұғуға, поэзия арқылы өмірді түсіне білуге тәрбиелеу. Өмірдің жақсы жаман жақтарын көрсете отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Ақынның кітаптарын насихаттау арқылы кітап оқуға оқырмандарды тарту.

Көрнекілігі: слайд, бейнематериал,көрме

Барысы:

Кіріспе сөз/кітапханашы/

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Туған жерім-тұнған шежіре,-дегендей Жайық өңірі ұлы дарындылар өлкесі деуге болады.

2-жүргізуші: Жергілікті ақын Қадыр Мырза Әли биыл 80 жасқа толуына байланысты ақынның шығармашылығына арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.

Сөз кезегін Зауреш Кабдраковнаға береміз.

Қадыр Мырза Әли - ақын, драматург, аудармашы.1935 жылы Орал облысының Жымпиты ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында еңбек еткен.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жастар одағы сыйлығының, Моңғолия мемлекеті сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері.

Тұңғыш туындысы 1954 жылы жарияланды. Содан бері уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем», «Данышпан», «Сабақ», «Ой арманы» «Күміс қоңырау», «Домбыра» «Қызыл кітап» тағы да басқа жинақтары жарық көрді.

Бірнеше пьесасы сахнада қойылды. Ол Гюгоның, Лермонтовтың, Гейненің, Есениннің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Енді кезекті бейнематериалға берейік.

Бейнематериал көрсетіледі.

1-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кештің той шашуын қабыл алыңыздар.

Сөзі Қадыр Мырза Әлидікі, ән «Атамекен»

1-жүргізуші: Қадыр Мырза Әли өз өлеңдері арқылы жамандықтан қашық, жақсылыққа асық болуға үндейді. Қоғамның, өзін қоршаған ортаның көлеңкелі жақтарын, қоғамның ауруын ашып көрсетеді. Сол кемшіліктерді емдеу, жою адамшылықтың белгісі екендігін түсіндіреді.

2-жүргізуші: Ақынның алғашқы шығармалары балаларға арналып жазылып, бірден оқырмандарды елең еткізді. Бала ұғым-түйсігіне лайықтала жазылған бұл туындылар қысқа да нұсқалығымен ерекшеленді.

1-жүргізуші: Ендеше, кезекті ақынның өлеңдеріне берейік.

1-оқушы «Менің пайдам»

2-оқушы «Ұя»

3-оқушы «Диктант», «Асығыста», «Асып-сасып»

2-жүргізуші: Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша», «Сыған серенадасы», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Өз елім», «Атамекен», «Асыл әжем» әндері қазақтың махаббатына бөленген жауһарлар. «Апам үшін» әнін бәріміз қосылып орындап берейік.

1-жүргізуші:

Қадыр ақын балаларға арнап он шақты кітап шығарды. Кейін олар «Күміс қоңырау» деп аталған бір томдықта топтастырылды. Демек, Қадыр ақын оқырмандарын сәби жасынан өлеңімен тәрбиелеп, ата жасына жеткізді деуге болады.

2-жүргізуші: Ақындық шығар айыпты

Әлі де білмен себебін.

Өлеңге айтып қойыппын

Өмірдің айтпа дегенін.- дегендей, ақынның «Туған жердің тылсым сырын ұғып көр» өлеңі, оқитын - 4-оқушы.

1-жүргізуші: «Ана» өлеңін қабыл алыңыз.

2-жүргізуші: Мен өзім, достар, о бастан

Далалық гүлдің бүршігі ем,

Кең дала болып күлемін,

Кең дала болып күрсінем.

- деп жырлағандай , ақын өзінің мекені, елі, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жыр жолдары арқылы жолдайды. 5-оқушы «Дала» өлеңі.

1-жүргізуші: Ақын өлеңі арқылы өз оқырмандарын кітаптың тылсым сырын ұға білуге шақырады.

Ақиқаттың жетпейтінін көрем десең сонда бар,

Өтіріктің өтпейтінін көрем десең сонда бар.- деп жырлайды.

2-жүргізуші: Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана, - деген өлең жолдары арқылы ақын домбыраның қасиетін көрсетеді.

«Домбыра» өлеңін қабыл алыңыз, оқитын - 6-оқушы

1-жүргізуші:

Біз екеуміз үндемелік, домбыра бір сөйлесін.

Домбырасыз, қайран өлең, жетімсің сен, жалқысың.

Құнсыз сөзім бүлдірмесін, тілсіз сезім балқысын,

Біз екеуміз үндемелік, домбыра бір шалқысын!

2-жүргізуші:

Біз екеуміз үндемелік, домбыра бір боздасын,

Тереңіңді тебірентсін,құзырыңды қозғасын.

Толы көңіл дір-дір етсін, шып-шып етсін, төгілсін,

Біз екеуміз үндемелік, домбыра бір боздасын!

- деп , ақын қазақтың киелі домбырасын жырға қосады.

Күй «Еркесылқым »

1-жүргізуші: Әрбір өлең тұнып тұрған терең ойды арқалап, сол ойларды кестелі тілмен, тосын әдіспен беруі баршаны тәнті етті.

Мәңгі - бақи ата бермес таң күліп,

Мәнін ойла бұл өмірдің, мәңгілік!- дегендей, Өмірдің мәнін ұғу дегенімізді қалай түсінеміз? «Бір үзім нан» өлеңі,- оқитын 7-оқушы.

2-жүргізуші: «Қазына» өлеңі,- оқитын 8-оқушы.

1-жүргізуші: Көкала жылқы түздегі

Көшпелі теңіз сияқты,- деген өлең жолдарымен «Табын» өлеңі, 9-оқушы

2-жүргізуші: Қадыр Мырза Әли белгілі бір тақырыпты терең зерттеп-зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелген жаңашыл ақын. Адам таза болмайды ешқашанда

Айналайын табиғат таза болмай! - дей келіп, табиғат тазалығы дегеніміз қоғам тазалығы, адам тазалығы екендігін айтады.

1-жүргізуші: «Орман» өлеңі, оқитын - 10-оқушы

2-жүргізуші: Дүниенің бір ғажабы - ұлы сөз,

Ұлы сөзді ұға алмасаң - сол жаман.

Бізге жеткен ата-баба сөзінен

Мен, ағайын, бір даналық сезінем.-

«Сәлем беру» және «Балалық пен үлкендік» 11-оқушы.

1-жүргізуші: Қадыр ақынның поэзиясы сан қырлы. Ол Отан, халық, қазақ мінезі, барлық саланы қамтиды. «Сенесің бе» өлеңімен ортаға 12-оқушы.

1-жүргізуші: Поэзия құдіреті деген осы!

2-жүргізуші: Зерделі ақын Қадыр Мырза Әлидің Жауһар жырлары, сиректеу айтылатын сөздері бір мақсатқа - ең ұлы мақсат Қазақ еліне қызмет етуге үндейді.

1-жүргізуші: Бүгінгі кештен Қадыр сияқты атақты ақын елі үшін еңіреп-еміреніп тұрғанын көріп, біздің қамымызды ойлайтын ірі тұлғалар бар екендігіне көзіміз жетті.

2-жүргізуші: Осымен Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған кешіміз аяқталды.Бүгінгі кешке қатысқан оқырмандарымызға алғысымызды айтамыз.

Назар қойып тыңдағаныңызға рахмет!



© 2010-2022