7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

г. Павлодар. СОПШДО №17. 7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: "Ұлттық бас киім". Мақсаты: Оқушылардың ұлтымыздың ұлттық бас киімдерінің атауларын жатқа айта алуы.І Кіріспе1. Қазақ халқының бас ұлттық киімдеріІІ Негізгі бөлім2. Киімнің негізгі түрлері1.1Бас киімдер4. Әйелдердің бас киімдері6 Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдарІІІ Қорытынды
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Мазмұны

І Кіріспе

1. Қазақ халқының бас ұлттық киімдері

ІІ Негізгі бөлім

2. Киімнің негізгі түрлері

1.1Бас киімдер

4. Әйелдердің бас киімдері

6 Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар

ІІІ Қорытынды


Кіріспе


Ұлттық киім -бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет -ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске салады- солардың бірі,қазақ халқының ұлттық бас киімі.Сонымен қатар бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар да жоқ емес.Мен соларға тоқтала кетуді жөн көрдім.

7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата -бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім -бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым -тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата -бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім -бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым -тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

Қазақтар үкіні қасиетті құс деп санаған. Үкінің үлпілдеген жүні мен қауырсыны жын -сайттаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадаған.

Қыз басына ақ, қара орамал тақпайды. Ақ -жаулықтың, қара -қайғының белгісі болып саналады.

Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді. Ормал салып отыруы керек. Жалаңбас болса, қайызғашын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ қасты етеді деп біледі.

Бас ким айырбастамайды (басындағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады) бас киімнің төбесін басып киюге болмайды. Бас киімді басқа адамға сыйлауға, сатуға болмайды. Жаман ырым деп есептеледі. Бас киімін біреуге сыйға берген қыз-жігіттің үй болулары кешігеді. Тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқалады деген нанымдар қалыптасқан. Сондай-ақ бас киім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді. Сондықтан бас киімді сатып алушынан өз қолымен өлшеуіне назар аударған.

Бөтен адамға бас киім бермейді, берсе адам басы кемиді деп саналады. Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қастерлегендік.

Ал енді бас киімдер әйелдердің бас киімдері, және еркектердің бас киімдері түр-түрге бөлгендіктен мен өзіме ұнаған - бас киімнің түрі-сәукеле.

7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

Сәукеле-қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі,әрі күрделі,ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы ғұрыптық бас киім.Сәукелені Орта Азия мен Қазақстан-ды мекендеген үшкір тымақты сақтар-тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады.Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым,екі қарыстай болады.Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де,сыртын қызыл шұғамен тыстап,қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді: алтын,күміс әшекейлер, моншақтар тағады;жоғары қарай жінішке-ре түскен төбесіне үкі қадап,тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп,бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді.

Сәукеленің негізігі бөліктері-тәж,төбе,құлақ бау және артқы бау.Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді.Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады.Сәукеленің екі самайдан түсіп тұратын інжу,маржанан жасаған шашақталған төгілме моншақ,салпыншақ шекелік немесе жақтама аталады.Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген игі тілекпен жасалған.Екі жақ самай тұсына бетке жетткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмошағы деп атайды.

Қорытынды

Осындай көне бас киімнің бір нұсқасын Қазақстанның Орталық му-зейінде тозығы жеткен ескі заттардың арасынан тауып алып, бірде белгілі тарихшы-этнограф, ғылым докторы Халел Арғынбаевқа хабарлағанымдадеп жазады Ө. Жәнібеков, ол кісі мұндай бас киім жайында әзірше этнографиялық әдебиетте ешқандай мағлұмат жоқ дегенді айтты. Өкінішке қарай, музей қорында да бас киім «қалпақ» деген жалпылама атпен тіркелген екен. Сөйтіп жүргенде 1979 жылы Мәскеуде «Костюм народов Средней Азии» деген кітап басылып шықты да, онда қасаба атты бас киімнің қазақта болғаны жайында айтылғаны ізденісімізге демеу беріп, жігерлендіре түсті дейді ол. Мұнан кейін бір күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты материалдарды қарап отырып, белгілі сәулеткер Төлеу Бәсеновтың еңбегінде жарияланған Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің зайыбы Фатиманың фотосуретінен ханшаның басына кигені өзім іздеп жүрген қасаба екенін көріп, көңілім орнына түскендей болды. Оның үстіне ханшаның киім-кешегі де қасабасымен қоса біздегі музей қорында болып шықты.

Қазір бізге қасабаның негізгі үш түрі белгілі. Оның ішінде жұртқа көбірек танымалы - Жәңгір ханның зайыбы киген түрі Ө. Жәнібековтың тікелей қатысуымен Алматыдағы «Түскиіз» фабрикасында өндіріске енгізілді. Екіншісі Қазақ театр қоғамы шеберханасында, Қаскелеңдегі «Раушан» фабрикасында қайта қалпына келтірілді. Қасабаның желке жағындағы құламасының орнында шашылып тасталатын жамылғысы бар үшінші түрі, зерлі шашақ жасап әуре болғысы келмейтіндердің матаны шетін сетінетіп, бас киімге жапсыра салатынынан түрі өзгерген қалпында, онда-мұнда кәдеге асырылып жүр.

Қасаба мен белдемше-нымшаға көбірек көңіл бөліп отырғанымыз осындай тамаша киім үлгісіне әлі де болса жөнді көңіл бөлінбей келе жатқанымен байланысты еді. Тіптен тақияға капрон үкі қадап әлек болғанша, қазақ әйелінің ертеден келе жатқан қасаба секілді үкісіз киюге болатын бас киімін тұрмысқа, концерттік ансамбльдерге ендіре берсек, қазақы киімді ұтымды пайдалануға қосылған үлес болар еді деп жазады Ө. Жәнібеков өзінің «Қазақ киімі» деген еңбегінде.

Сәукеле мен қасаба бірте-бірте XIX ғасырдың аяғына қарай тұрмыстан шығып қалған. Әйтсе де олардың қайсыбір нұсқалары бай әулеттерде сақталып, ғұрыптық бас киімдерге - рудың, тайпаның меншігіне айналғандықтан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген. Оларды ұзатылатын қызға, түсетін келінге киелі бас киім ретінде кезектесе кигізетін әдет осылай пайда болған.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957.
Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. -Алматы: Жазушы, 1992.
Захарова И.В., Ходжаева Р.Д.

Қазақстан сәндік өнері. - Алматы, 2002.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог// Алматы: Өнер, 2009., 1-т. - 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі - Нұрсан Әлімбай;
Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. - Алматы, Алматыкітап, 2011. - 384 б.



© 2010-2022