Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Денсаулық 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Денсаулық 5 сыныпСабақтың тақырыбы: Денсаулық

Сабақтың мақсаты:

1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, топтық, жұптық жұмыс,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру. Ой қозғау. Жұмбақтар шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

1. Блиц-турнир сұрағы.

а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)

ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)

в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)

г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

ғ) тазалық кепілі (денсаулық)

Денсаулық---- тамақ

----------------- күш

----------------- тазалық

2. Мәнерлеп оқу. Ал балалар қане кім «Денсаулы» туралы өлең жатқа біледі?

Аслан:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған

Иосиф:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Люсина:

Басты байлық-денсаулық-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Кирилл:

Денсаулық -ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық -ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.

3. Топпен жұмыс

а) 1. -қатар

1. «Денсаулық» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?

3. Өзі тоймастың, көзі тоймас - дегенді қалай түсінесіңдер?

2. - қатар

1. Жеке бас тазалығы деген не?

2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су)

3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит.

VI. Сергіту сәті «Денені шынықтыру»

VII. Әңгіме оқу, талдау.

Тамақтанудың денсаулыққа қандай әсері бар?

IV Сабақты бекіту. Жазбаша жұмыс Сөздерді дұрыс орналыстырып, сөйлемдер құраңдар.

Жауап үлгісі:

Денсаулық ең үлкен балық. Денсаулық болса адам еңбек етеді, бақытты өмір сүреді. Әр адамның денсаулықты сақтауы өзіне байанысты.

Сызба негізінде әңгімелеңдер.

Денсаулық ең үлкен байлық.

V. 1. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?»

Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.

- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен?

- Шылым

- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?

2. Көрініс « Тіс ауруы, кәмпит жайында көрініс»
1 оқушы шығып ой, тісім қақсап барады. Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.
Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып, егіліп?
Бала: неді не істеймін? Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қыз : Неге сенің тісің ауырады?

Бала : Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін. Ой, тісім , тісім!
Қыз: Олай болса , дәрігер шақырайын.
Дәрігер: конфет жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жүр тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық

VI. Сабақты қорыту. Мақал-мәтел

а) 1. Ас адамның арқауы.

2. Ас иесімен тәтті

Табағымен жақсы.

3. Бал ұстаған бармағын жалатады.

4. Өзі тоймастың көзі тоймас.

5. Тәні саудың жаны сау.

6. Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса аузыңды тый.

7. Тазалық - саулық кепілі,

Саулық - байлық кепілі.

8. Демі бардың - емі бар .

9. Денсаулық - зор байлық.

Рефлексия. - Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

VII.Үйге тапсырма беру. 54-бет, шағын мәтін құрау.

Бағалу.



© 2010-2022