Мақсатты келер шақ 7сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсатты келер шақ

Мақсаттары:

Білімділік:Етістіктің шақтары туралы білімдерін кеңейту.Келер шақтың бір түрі мақсатты келер шақ,оның жасалу жолы туралы мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін,зейінін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Етістіктің шақтарын ажырата білуін,сөйлем құрау дағдарысын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.Отаншылыққа, ,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі:жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі:дәстүрлі

Сабақ әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі:тірек сызба,интербилсенді тақта

Пәнаралық байланыс:әдебиеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

1.Сынып оқушыларымен сәлемдесу

Кезекшінің көмекшімен түгендеп,журналмен белгілеу.

2.Сынып бөлмесінің тазлығын қадағалау

3.Оқушылардың зейінен сабаққа аудару.

Сабаққа дайындық

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болмағым,бақытым,дара тілім.

-Міне,балалар,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз-қазақ тілі сабағымызды бастаймыз

«Қайталау-оқу анасы» парағы

Миға шабуыл

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің шақтары туралды не білесіңдер?

Осы шақ, келер шақ, өткен шақ дегеніміз не?

Келер шақ нешеге бөлінеді?

Болжамды келер шақ дегеніміз?

«Жаңа сабақ құпиясы» парағы

Жаңа сабақ: Мақсатты келер шақ

Жаңа сабақты тірек сызба арқылы түсіндіремін

Түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысалы

Мақсатты келер шақ

Қимылдық іс әрекеттің келешекке мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақ түрі

Етістік түбіріне

-мақ, -мек

-пақ, -пек

-бақ, -бек

Жұрнақ жалғану арқылы жасалады

Мен ауылға бармақпын

Ол ерте кетпек

Етістіктің -мақ, -мек,-пақ,-пек,-бақ, -бек, жұрнағынан кейін -шы, -ші, жұрнағы арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.

Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын

Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

бармақпын, бармақшымын

бармақпыз, бармақшымыз

ІІ

бармақсың, бармақшысың

бармақсыз, бармақшысыз

бармақсыңдар, бармақшысыңдар

бармақсыздар, бармақшысыздар

ІІІ

бармақ, бармақшы

бармақ, бармақшы

«Кітап -досың, ақылшың» парағы

Жаттығу жұмыстарын орындау

137 - жаттығу(ауызша)

138 - жаттығу(жазбаша)

139 - жаттығу(жазбаша)

Білімді мыңды жығар парағы

  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

  • Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес

  • Ақылды қара қылды қырық бөлмек,

Әр нәрсеге өзіңдей баға бермек

  • Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек,

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек

Сабақты қорту

Сөзжұмбақ шешейік



қ

а

й

т

т

і

л

а

р

З

а

т

е

с

і

м

а

т

а

у

ж

ұ

р

н

а

қ

т

ұ

й

ы

қ

е

т

і

с

т

і

к

к

і

м

т

і

л

і

л

і

к



  1. Етістіктің сұрағы

  2. Көптік жалғауы

  3. Сөз табының бірі

  4. Жеті септіктің бірі

  5. Қосымшаның түрі

  6. -у жұрнағы арқылы жасалатын етістік

  7. Зат есімнің сұрағы

  8. ..... тас жарады

  9. Жеті септіктің бірі

Үйге тапсырма: Мақсатты келер шақ

156-157-жаттығу, 97 бет

Оқушыларды бағалау: Үй тапсырмасын келгеніне, сабаққа қатысуына байланысты бағалаймын.



© 2010-2022