Сабақ жоспары Үстеу туралы түсінік

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 68

Мектеп Қант зауыты

Күні 22.02.2016

Мұғалім есімі Қаупанова Айдана Ерікқызы

Тақырыбы: Үстеу туралы түсінік


Сынып 6б

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушылар үстеулер туралы мағлұмат алады, танысады. Үстеуге байланысты байланысты жаттығуларды орындауды үйренеді.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Үстеулер ұғымын және оның түрлерін біледі;

  • Үстеудің мағыналық түрлерін біледі;

  • Үстеуге байланысты міндетті деңгей тапсырмаларын орындай біледі;

Оқушылардың басым бөлігі

  • Мазмұны күрделенген мәтіндегі үстеудің түрлерін таба біледі.

Кейбір оқушылар

  • Үстеуді қатыстыра отырып өздігінен мәтіндер құрастыра алады және талдай алады.

Алдыңғы оқу

Етістіктен өткенді қайталау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Басталуы


Психологиялық дайындық. «Жыланша » әдісі. Оқушылар бір-біріне бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді.

«Сұрақты ұстап алу» әдісін қолдана отырып, үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар допты бір-біріне лақтырып, етістік тарауы бойынша кезектесе сұрақтар қояды.

Қадағалау, бақылау, жұлдызшалармен ынталандыру


Ортасы


Мағынаны тану. «Ой қозғау» әдісі. Оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен танысады, сұрақ қою арқылы түсінгендерін тексеремін.

Интерактивті тақта арқылы қосымша жаңа тақырыпты түсіндіремін.

«Мәтінмен жұмыс». Әр топқа мәтін беріледі, мәтіннің ішінен үстеулерді табу керек.

«Суретпен жұмыс» әдісі. Интерактивті тақтадан оқушыларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы әр топ өлең жолдарын шығару керек және құрамында үстеулер болу қажет.

Жаттығу жұмыстарын жасату.

215-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Оның идеясын анықтаңдар.Мәтінде айтылған ойларды өз айналаңдағы адамдардың әрекетімен байланыстырып, нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, таратып айтыңдар. Мәтіндеріңде күшейткіш үстеулерді жиі қолданыңдар.

«Полиглот» ойыны. Ұсынылған мақал-мәтелдерді толықтырып, жауабын үш тілде айту керек.

Қадағалау, бақылау, ынталандыру.

Топтар өзара бір-бірінің жұмысын тексереді. «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бір-бірін бағалайды.Өзін-өзі бағалау.Топтар өзара бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Жұппен бағалау әдісі.


Аяқталуы


«Сиқырлы сандықша» ойынын қолдана отырып, сабақты қорытындылау. «Эссе» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алу. Үйге: Үстеудің мағыналық түрлеріне мысалдар келтіру.

Өзін-өзі бағалау


Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ құзыреттілігі

Бақылау, қадағалау, нұсқау беру

Қадағалау, бақылау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нәтижелері бойынша бағалау. Сабаққа кері байланыс алу. Сұрақ қою арқылы да бағалау.

АКТ қолдана отырып мәтін құрастыру. Бейнелеу өнері, әдебиет.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ оқу мақсатына сәйкес өткізілді.

Оқушылар үстеулер, олардың түрлерін ажырата білді. Үстеулерді қолданып өлең жолдарын құрастырып талдай білді.

Сыныпта оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай білді. Өзара бағалау жұмыстары жүргізілді.

Сабақ бойынша жоспарлаған жұмыстарымның бәрі орындалды. Соның ішінде «Полиглот» ойынын қолдана отырып мақалдың жалғасын тауып, оны үш тілде аудару, «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы сабақты қорытындылау тиімді болды.

Сабақта үлгерімі төмен оқушыларға көңіл бөлу қажет деп ойлаймын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолданып үй тапсырмасын сұрау табысты болды.

2. «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы қорытындылау, «Эссе» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алу тиімді болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Ой қозғау» әдісін қолдану арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеріп, интерактивті тақтадан қосымша мәлімет алып, жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіріп сабақты өздігінен меңгеруі тиімді болды.

2. Өзара бағалау, «Бір жұлдыз,бір тілек», топ басшылары бағалау және жұлдызшалармен ынталандыру оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды..

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Сабақта уақытты тиімді қолдану үшін таймерді қолдану керек.

2.Топ басшылары бағалау барысында оқушыларды дұрыс бағалай білуге үйрету.


© 2010-2022