Қазақ әдебиеті пәнінен Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармалары атты сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармалары.

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік : Махамбеттің өмірі жайлы түсінік беру , шығармаларымен таныстыру.

ә) дамытушылық : мәнерлеп оқу дағдыларын , зұлымдық пен адалдықты салыстыра отырып , ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелік : оқушыларды елін , жерін , тілін қадірлеуге , сүюге баулу.

Сабақтың түрі : дастүрлі , жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі : баяндау , сұрақ - жауап , талдау.

Сабақтың көрнекілігі : кесте , тірек сызба.

Пәнаралық байланыс : тарих.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушыларды түгендеп , сабаққа бейімдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :

- Дулат "Еспенбет" позмасын қандай мақсатпен жазған ?

- Мазмұнын қысқаша айтып беріндер.

- Еспенбет батыр образын талда.

- Поэманың батырлар жырына ұқсастығы мен айырмашылығы қандай ?

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі :

Махамбет 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы , Жәнібек ауданында дүниеге келген. Әкесі Өтемістің 10 баласы болған , соның сегізі 1836 -1837 жылдары көтеріліске қатысқан. Махамбет орысша , арабша жаза білген. Ол әрі ақын , әрі батыр. 2003 жылы 200 жыл толған мерей тойы ЮНЕСКО ауқымында аталып өтті.

ә) Өлең - жырларының тақырыптары :

Кестені толтыру.

Ел мен жер туралы

Ерлік жырлары . Исатайға арналған өлеңдері

Мхамбеттің өзі туралы жырлары

" Нарын" ," Ұлы арман", " Қызғыш құс".

" Тарланым", " Ереуіл атқа ер салмай", " Ұл туса".

" Айныман", " Әй , Махамбет , жолдасым", " Жалғыздық".

б) Хрестоматиямен жұмыс.

"Әй , Махамбет , жолдасым" өлеңі.

- Өлеңді тұтас түсініп оқу.

- Сөздікпен жұмыс.

- Өлеңдегі оқиғаларды ата.

- Исатай мен Махамбеттің образын аш.

- Өлеңнің тақырыптық - идеялық негізін аш.

ІV. Сабақты бекіту.

Кестені толтыр.

Не білемін

Не білдім

Не білгім келеді


V. Үйге тапсырма.

- Ақынның ұнаған 3 өлеңін жаттап келу;

- "Исатай деген ағам бар" өлеңіне талдау жасау.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.


© 2010-2022