• Преподавателю
  • Другое
  • Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

«Шұбар» жалпы орта мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Өтебек Әлия Ерғалиқызы

Жоспар:

  1. Кіріспе.

  1. Ақпараттық-коммуникативтік технология терминіне жалпы түсінік.

  2. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның оқыту үдерісінде қолданылуы.

  1. Негізгі бөлім:

  1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны ағылшын тілі пәні сабақтарында пайдаланудың мақсаты.

  2. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.

  3. Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың артықшылығы.

  1. Қорытынды.

  1. Білім беруде, тұлға тәрбиелеуде ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технологияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиялық энциклопедиялар жасалған. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не ? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиялық оқыту жүйелері құрастырылған.

Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Мысалы: оқушылар, студенттер, оқытушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды почта (@mail), бейне-конференция, анықтама каталогтар, жүйеде сөйлесу (chat), виртуалды қатынас клубтары - конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радио бағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да ара қашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интеративтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б сол сияқты интернет артықшылық көздері пайдаланылады.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:

  • Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

  • Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

  • Электрондық білім беруді пайдалану арқылы даралап оқытуға.

  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі;

  • Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).

  • Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасы, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.

  • Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.

Менің мысал келтіру үшін таңдап алған тақырыбым «Travelling» (Саяхаттау). Бұл тақырып 5 ші сыныптарда кіріспе ретінде 5 сағат берілген, 6-шы сыныптарда 10 сағат берілген, 7-ші сыныптарда 10 сағат, 8-ші сыныптарда 10 сағат, 9-шы сыныптарда 10 сағат берілсе, 10-шы сыныпқа ретінде 10 сағат берілген. Барлығын қоса есептегенде 55 сағат.

Осы тақырыпты жоғары дәрежеде меңгерту үшін мен сабақтарымда ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен қолданамын.

Мысалы, 5-ші сыныпта «Саяхаттау» тақырыбы жеке бөлім ретінде берілмеген, бірақ бұл тақырыпты біз VI-шы бөлімде кіріспе ретінде «Оның ұлты орыс» (He is Russian.) атты тақырыпшамен 5-ші сабағында өтеміз. Сабақ барысында мен оқушыларды ел атауларымен, ұлт атауларымен таныстырамын. Бұл іс-әрекеттердің барлығы "Talking Flashcards" (яғни «Сөйлейтін кеспе қағаздар) арқылы жүзеге асады. Яғни, ел аттары жазылған және туларының суреттері бар бейнебаянды көрсетемін. Бұл бейнебаяннан оқушылар ағылшын тілінде ел аттарын тыңдайды, тудың суретін көреді, қайталайды. Осылайша мен оқушылардың біріншіден, тыңдау қабілеттерінің дамуына ықпал жасаймын. Екіншіден, олар тек елдің атың жаттап қана қоймай, ол елдің туының түсі қандай екенін көзбен көреді, яғни ой-өрісі кеңейеді. Үшіншіден, тіл иеленушілер қалай сөйлейді, дауыс ырғағы қандай, әр әріп немесе дыбыс қалай дыбысталады, осының барлығын тыңдауға мүмкіндіктері бар. Яғни, табиғи орта тудыруға жағдай жасаймын. Содан кейін сөйлеу қабілеттіліктерін дамыту мақсатында кім қайдан келді, ұлтың қандай деген сияқты сұрақтар қойып, оған жауап беруге баулимын. Өз беттерінше кіші диалог құруды үйретемін. Сұрақтар түрлері мен кіші диалог түрлері:

- Where are you from? (Сен қайдансың?)

- Where is he from? (Ол қайдан?)

- Where does she come from? (Ол қайдан келді?)

- What's his nationality? (Оның ұлты қандай? (ұлға айтқанда))

- What's her nationality? (Оның ұлты қандай?) т.с.с

Colin: Who's this?

Omar: He's my friend.

Colin: What's his name?

Omar: Victor.

Colin: Where does he come from?

Omar: He comes from Kazakhstan.

Colin: What's his nationality?

Omar: He is Russian.

Кіші диалогты бірінші оқулықтан оқып, содан соң өз беттерінше құруға ынталандырамын. Бұл жерде рөлдік ойынның көмегі өте зор. Олар өте қарапайым әрі жеңіл. 5-ші сыныптың оқушылары ойнағанды ұнататындықтан, олар қуана-қуана басқа адам кейпіне не кино, мультфильмдегі кейіпкерлер бейнесіне еніп диалог құруға тырысады.

VII-ші бөлімнің 5-ші сабағында «Саяхаттау.Travelling» тақырыбы «I want to swim» тақырыпшасында жалғасады. Бұл сабақта көлік түрлерінің суреттері көрсетіледі, дыбысталады, оқушылар тыңдай отырып және көре отырып ол сөздерді қайталап отырады. Бейнебаянды тоқтатып оқушылардың қаншалықты меңгергенін байқау үшін, суреттерді көрсете отырып, ол жерде көліктің қай түрі бейнеленгенін сұраймын. Егер жауаптары қанағаттанарлықсыз болса, бейнебаянды тағы бір көрсетемін.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Алдыңғы бөлімде ел аттарын өткен, енді сол білімдерін және жаңа сөздерді біріктіре отырып мынадай сұрақтар қойып, оларға жауап беруді үйретемін.

Сұрақ түрлері:

  • Do you want to go to Italy? Сен Италияға барғың келе ма? (асты сызылған сөздің орнына кез келген елдің аты жазылып, сұрақ қойылады)

  • Do you want to there by plane? Сен ол жерге ұшақпен барғың келе ма? (кез келген басқа көлік түрін айтуға болады)

  • Where do you want to go someday? Сен бір күні қайда барғың келеді?

  • What do you want to see there? Ол жерде сен не көргің келеді? т.с.с

Тақырыпқа сай мәтін оқиды, керекті мағлұматтарды жинақтайды, тақырыптық суреттер бойынша кішігірім әңгіме құрастыруға баулимын. Қиялдарын іске қосып, армандауға мүмкіндік беремін, сол арқылы сөйлеуге, өз ойларын ашық айтуға ынталандырамын.

IX-шы бөлімде (Unit IX ) 1-ші, 2-ші, 3-ші сабақтарда (Steps 1,2,3) "I think it's beautiful", "How is the weather in ….?", "Where's Great Britain?" тақырыпшалары берілген. Әдеттегідей тақырыпқа сәйкес бейнебаянды көрсетемін, тыңдайды, қайталайды. Бұл сабақтарда оқушылар көркем жерлер туралы, олардың табиғаты және ауа-райы туралы, қай жерде орналасқандығы жөнінде мағлұмат алады, жаңа лексиканы қолдана отырып, тақырыптық суреттерді сипаттауды үйренеді. Сұрақ түрлері:

  • What do you dream about? (Сен не туралы армандайсың?)

  • Where do you want to go? (Сен қайда барғың келеді?)

  • What do you want to see? (Сен не көргің келеді?)

  • Where would you like to live? (Сен қайда өмір сүрер едің?)

  • Where do you live? (Сен қайда тұрасың?)

  • Do you live in the south/north/ west or east of Kazakhstan? (Сен Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында әлде батысында тұрасынба?)

  • What would you like to see in Astana? (Сен Астанада не көрер едің?)

  • How's the weather in India? (Үндістанда ауа-райы қандай?)

  • What's the weather like in Europe? (Европада ауа-райы қандай екен?)

  • Where is Great Britain? (Ұлыбритания қайда орналасқан?)

  • What's the capital of England? (Англияның астанасы қандай?)

Осы сияқты сұрақтар, мәтіндер және кіші диалогтар оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқу сияқты қабілеттіліктерін дамытуға үлкен септігін тигізеді.

«Саяхаттау.Travelling» тақырыбы 5-ші сыныптарды тек кіріспе ретінде бөлім ішінде кіріктіріліп берілсе, 6-шы сыныптарда VIII және IX бөлім толығымен осы тақырыпқа арналған. VIII бөлімнің тақырыбы «Демалысты ұйымдастыру. Planning holidays» деп аталады. Тақырыпшалары осы бөлімнің негізгі мазмұнын ашады. Тақырыпқа сай мәтін, сұрақтар, кіші диалогтар беріледі. Оқушыларды қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі грамматикалық жаттығулар, тарихи орындар мен әр елдің қызықты жерлері туралы бейнебаяндар көрсетіліп, соған сай тапсырмалар орындалады.

Сосын алдын ала дайындалған кеспе қағаздарды таратамын. Бұл кеспе қағаздарда әр оқушының білім деңгейіне, қабілеттілігіне қарай деңгейлік тапсырмалар жазылған.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында, өз беттерінше жұмыс істеуге баулу үшін және қызығушылығын арттыру үшін мынадай сұрақтар беріледі:

  1. What did people wear? Адамдар не киеді?

  2. How did people travel? Адамдар қалай саяхаттайды?

  3. How did people pay for things? Түрлі заттарға адамдар қалай,немен төлейді?

  4. Where did people live? Адамдар қайда өмір сүреді, тұрады?

  5. What did people eat & drink? Адамдар не ішеді, не киеді?

  6. How did they cook? Оны қалай және неден пісіреді?

  7. What did people celebrate? Адамдар нені, қалай тойлайды?

Бұндай сұрақтар оқушылардың тапсырмаға барынша шығармашылықпен кірісуін талап етеді.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Әр сабақта біз оқушының оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу қабілеттіктерін дамытуға ықпал жасауымыз керек. Тыңдау қабілеттіліктерін дамыту үшін «Тыңда және дұрыс суретті таңда», «Естіген сөзіңді рет-ретімен нөмірле және сол сөзді жаз» т.с.с. және тағы да басқа жаттығулар орындатамын.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

IX бөлім «Бағыт-бағдарды және түрлі жерлерді сипаттау. Describing places and directions.» деп аталады. Бұл бөлімде кез келген қаланың немесе елдің көрнекі жерлерін, орындарын сипаттайтын сын есімдерді алынған. Оларды "Talking Flashcards" (яғни «Сөйлейтін кеспе қағаздар) немесе слайдтар арқылы бекітеміз. Грамматикалық құрылымы ретінде салыстырмалы шырай аламыз. Тақырыпты бекіту мақсатында түрлі кроссворд, сөзжұмбақ т.б тапсырмалар орындаймыз. Сабақ барысында мынадай сұрақтар қамтылады:

  • Where would you like to spend your holiday? (Сен демалысыңды қайда өткізгенді қалайсың?)

  • Would you like to spend your holiday near a beautiful lake? (Сен демалысыңды әдемі көлде өткізгенді қалайсың ба? (кез келген басқа сөз тіркесін қоюға болады)).

  • What is your favorite place for a holiday? (Сенің ең сүйікті демалатын орның?)

  • What's London like? (Лондон қандай екен?)

  • What's the food like? (Тағамдары қандай екен?)

  • What are the buildings like? (Ғимараттары қандай?)

  • What are the shops like? (Дүкендері қандай?)

  • What's the weather like? (Ауа-райы қандай?)

  • What's the name of this building? (Мына ғимараттың аты қандай?)

  • How do you get there? (Ол жерге қалай жетуге болады?)

  • Is it far from your house\city\country? (Ол жер сенің үйіңнен\қалаңнан\ еліңнен алыс па?)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Бұл тапсырмаларды жеке дара кеспе қағазда да, сондай-ақ интербелсенді тақтаның көмегімен де орындауға болады. Бір жағынан, ол мұғалімнің уақытын үнемдеуге көмектессе, екінші жағынан, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Барлық дерлік тапсырмалар оқушылардың білім, білік дағдыларына, қабілеттіліктеріне қарай сәйкестендіріліп алынады. Үлгерімі төмендеу оқушыларға және дарынды оқушыларға арналып деңгейлік тапсырмалар жасаймын. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін және сөйлеуге ынталандыру мақсатында тақырыптық суреттер беріледі. Бұл жаттығуды жеке дара орындатуға болады, яғни әр оқушыға жеке сурет беріп «Сипаттап бер» деген тапсырма арқылы. Немесе, топтық жұмыс жасауға болады, бұл жерде интербелсенді тақтаға үлкен етіп барлық топтың суреттерін шығарып, оны сипаттауға мүмкіндік беремін. Топтағы оқушылардың барлығын сөйлеттіру үшін, топтың барлық мүшесі бір-бір сөйлемнен айтуы тиіс.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

7 сыныпта «Саяхаттау.Travelling» тақырыбы жеке бөлім болып берілген. Оған 10 сағат бөлінген. 1-ші сабақ «Сен мектепке қалай барасың? How do you get to school? » деп аталады, ол 2 сағатқа берілген. "Talking Flashcards" (яғни «Сөйлейтін кеспе қағаздар) арқылы көлік түрлерін еске түсіріп, қайталап аламыз. Сосын белгілі бір жерге мысалы, мектепке не темір жол вокзалына немен, қалай жететініміз туралы әңгімелейміз.

  • How do get to school?

  • Do you get to school by car?

  • Do you ever get to school by train? Осы сияқты сұрақтарды қойып, оған жиілілік үстеулерін қолдана отырып жауап беруді үйретемін. Сонымен қатар, көліктің жекеменшік және халықтық түрінен хабардар боламыз.

Екінші сағатында біз саяхаттаудың түрлерінен мағлұмат аламыз. Бұл тақырыпты кеңірек ашу мақсатында оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі. Бізге беймәлім саяхаттаудың басқа тағы қандай түрлері кездеседі, оның жақсы-жаман жақтарын зерттейді. Осы сияқты тақырыптарды оқушыларға бөліп беремін. Тақырыптың аттары жобамен мынадай боп келеді:

  • The most dangerous ways of travelling. Ең қатерлі саяхаттау.

  • The most interesting ways of travelling. Ең қызықты саяхат түрі.

  • The most expensive ways of travelling. Ең қымбат саяхат түрі.

  • Unusual modes of transportation. Әдеттегіден тыс көлік түрлері. Ерекше көліктер.

  • The most popular ways of travelling. Ең танымал саяхаттау түрі.

  • The most convenient modes of transportation. Ең ыңғайлы көлік түрлері. т.б.

Оқушыларға жұмыстарын әртүрлі етіп өткізулеріне рұқсат етемін: слайд, реферат, альбом түрінде. Жұмыстың оң нәтиже беруі оқушылардың қиялына, қабілетіне және жауапкершілігіне байланысты болады.

Екінші сабақ (Step 2.) «Ұлыбританияға бару. Going to Britain» деп аталады. 1-ші сағатында ел аттарын қайталаймыз, олар қай тілде сөйлейтіндігін, әр ел несімен атақты екендігін анықтаймыз. «Сөйлемді толықтыр», «Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой» деген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтеміз. "Going to Britain" және "Going to Kazakhstan" мәтіндеріне ұқсас өзіміздің ауылымыз, қаламыз не болмаса қиялдан туған қаламыз туралы мәтін құрастыруға ынталандырамын. Сонымен қатар, грамматикалық құрылымды да естен шығармаймыз. Үшінші сабақтың тақырыбы (Step 3.) "Holiday postcards. Демалыс орнынан ащықхаттар." Енді тек мәтін оқып, сұрақ-жауаппен шектеліп қана қоймай, жазу қабілеттерін дамытуға ықпал жасаймыз. Саяхаттап барған жерден әсім бейнеленген ашықхаттар алып, оған өзіміздің қалай саяхаттап жүргенімізді, сезімдерімізді жазып, ой бөлісеміз.

Төртінші сабақ «Жеңіл түрде саяхатқа шығу. (Step 4.) Travelling light» деп аталады. Бұл сабақта оқушыларға табиғат аясына саяхаттау туралы мағлұмат беріледі. Табиғат аясындағы демалыстың ерекшелігі, артықшылығы мен кемшілігі туралы талқылаймыз. Талқыланатын тақырыптар мен сұрақтар:

  • Camping holidays are good for health.

  • With camping holidays you don't care about transport.

  • Any clothes would do for a camping holidays.

  • Camping holidays are cheap and easy.

  • What do you think about camping holidays?

  • Have they ever had a camping holidays? etc.

Осылайша тақырыпты өткен кезде, оны түрлендіріп, оқушылардың деңгейіне қарай күрделендіріп отырамын. Сабақты жоғары деңгейінде өту үшін мен барлық сабақтарымда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданамын. Себебі, 1-ден ақпаратты жеткізу өте жеңіл. 2-ден өте тартымды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Бесінші сабақ «Сен Орталық Азияда болғансың ба? (Step 5.) Have you ever been to Central Asia?» деп аталады. Бұл сабақта оқушылар өз беттерінше өлең шығаруға әрекеттенеді, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі. Осы бөлімде өтілген барлық жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, грамматикалық құрылымдарды бекіту үшін түрлі жаттығулар орындаймыз. Соның бірі екеуара жұмыс. Талқылауға арналған тақырыптар:

  • If he\she had visited the places mentioned in the text;

  • If they liked them;

  • What they like there;

  • If they are planning to visit them again;

  • Do you know any unusual stories about historical places?

  • Do many tourists visit Samarkand? Why?

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

8 сыныпта IV бөлімнің 10 сағаты түгелдей «Саяхаттау. Travelling.» тақырыбына бөлінген. Бірақ бұл бөлімде тек қана саяхат пен көлік түрлерімен шектеліп қоймай, география пәнімен тығыз байланыста бола отырып оқимыз. Бірінші сабағымыз (Step 1) «Континент аттары, тақырыптық сөздік. The names of continents, topical vocabulary» деп аталады. Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін сөздікпен жұмыс жасаймыз. Тақырыпқа сай барлық сөздерді және сөз тіркестерін біртіндеп талдаймыз. Eкінші сабақта (Step 2.) сол жаңа сөздерді қолдана отырып, «Әлемнің елдері мен континенттері. Countries and continents of the world.» атты мәтінмен жұмыс жүргіземіз, карта қолданамыз. Келесі сабақтарда (Steps 3,4,5) біз Ұлыбритания мен Қазақстанның географиялық орны, климаты қазба байлықтары туралы мәліметпен жұмыс жасаймыз. Бұл мәтіндерге түрлі деңгейлік тапсырмалар дайындалады, оқушылар өз беттерінше орындауға тырысады. Бөлім бойында біз оқушылармен бірге мәтін оқу, диалог тыңдау және оны қою, топтық жұмыс, екеуара пікірталас, сөйлемді аяқтау, бос орынды толтыру, сұрақтарға жауап беру, берілген тақырып бойынша әңгімелеу, қысқаша шығарма жазу, т.б. жаттығу түрлерін орындаймыз.

9 сыныпта III бөлім «Саяхаттау және география. Geography and travelling. » тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты меңгеру үшін 10 сағат бөлінген. Бірінші сабағымыз (Step 1.) «Армандаған демалыс. Dream vacation.» деп аталады. Сабақ барысында оқушыларға ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар берілген. Жаттығулардың көпшілігі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін талап етеді. Бұндай жаттығулар кез келген жағдайдан өз бетімен шешім табуға ықпал жасайды. Сабақ кезінде орындалатын жаттығулар түрлері:

  • Think of your dream vacation: what kind of places will you visit?

  • Who will you take with you?

  • True or false exercises.

  • Make sentences.

  • The meaning of the proverb. Is there a proverb with similar meaning in your mother tongue?

  • Divide into 2 groups and make similar test about customs, symbols, places of interest in Kazakhstan.

Екінші сабақ (Step 2.)«Лондон. London.» деп аталады. Лондон туралы мәтінде біз Лондон қаласының көлік түрлерінен мағлұмат аламыз. Сабақ барысында оқушылар келесі жаттығуларды орындайды:

  • What is the difference between ….?

  • Make sentences as shown in the example.

  • All forms of transport have advantages and disadvantages. Look at the table below and in groups agree on advantages and disadvantages for each form. Draw a table of this kind in your notebook.

  • Write a conclusion.

  • Compare the system of public transport in London and your city. Draw a table of this kind in your notebook.

  • Study these activities. Use a dictionary.

  • Make sentences about yourself: I usually try to avoid…. I enjoy… I dislike… I don't mind… I often try to put off… etc.

  • Interview a partner. Report to the class about him\her. Don't tell the name. the class should guess.

  • Talk to your partner. Ask each other these questions. Use the phrases above to answer them: How exactly did you get to school today? What did you do last weekend? How would you get from school all the way to the top of the Hotel "Kazakhstan"? What's your favorite way of travelling?

Үшінші сабақ (Step 3.) «Пойыздар. Trains.» деп аталады. Бұл сабақта біз пойыздардың шығу тарихынан, түрлерімен таныс боламыз, сабақ барысында мынадай жаттығулар мен іс-әрекеттер орындаймыз.

  • Choose one kind of transport an complete the table. Which statements are true for the transport you've chosen? Discuss your answers with your partner. Make sentences.

  • Which of these adjectives describe the public transport in your city, village? Write sentences.

  • Read the texts and say what makes these trains popular.

  • Find words in the text for…

  • Can you guess the meaning of these words? Why? What do they mean in your language?

  • These are the answers. Make questions.

  • Imagine that you have a chance to interview Jeorges Nagelmackers. Write down the questions you could ask him using text A. one of you can act as G. Nagelmackers and answer the questions.

  • Correct the sentences where necessary.

Төртінші сабақ (Step 4.) «Ұшудан ләззат ал. Enjoy your flight.» бұл сабақта біз оқушылармен бірге ұшу туралы, ұшақтар мен олардың түрлерінен мағлұмат аламыз, ұшуға қатысты барлық сөз тіркестерді талдаймыз. Сабақ кезінде біз мынадай жаттығулар мен іс-әрекеттер жасаймыз:

  • Speaking. Get into groups of three people and discuss the following questions. What are the advantages of travelling by airplane? What are the disadvantages? Have you ever seen a female pilot? Why do you think that most pilots are men? Do you know someone who is afraid of flying in an airplane? How old were you when you went on your first flight? Where did you go? Do you like to travel by airplane? What was the longest flight you have ever taken? Would you like to be a flight attendant? What are the good and bad sides?

  • Vocabulary. Read the questions and match the definitions for the boldfaced words.

  • Look at the title and read these words. What connection do you think they have with the text?

  • Reading. Comprehension check. Answer the questions about your text. When you've answered the questions find a partner from the other group. Compare your answers an try to get as much information as you can.

  • Decide in pairs which of the following activities are allowed or not allowed on the plane: drinking, smoking, opening doors and windows, eating, standing up, reading, undoing your seat belt, running, sleeping, walking around.

  • A friend of yours is going on holiday. Remind him of the things he must do.

  • Look at the pictures. Listen to the story. Finish the story. Group A-make the story funny. Group B - make the story sad.

  • Match the words in column A with the words in column B.

  • Speaking. Talk to your partner. Student A: you are talking to your friend about his/her country. Find out as much as you can. Student B: your friend has a lot of questions about Kazakhstan. Answer his questions.

Бесінші сабақ (Step 5.) «Сен ешқашан ұмыта алмайтын саяхаттар. Tours you will never forget.» Сабақ барысында біз саяхаттаудың түрлерімен, саяхат агенттіктерімен, жарнама парақшаларын жазу үлгісімен таныс боламыз. Орындалатын жаттығулардың барлығы дерлік компьтердің көмегімен, интербелсенді тақтаның, аудио-видео құралдар арқылы жүзеге асады. Сабақ кезінде оқушылардың айналысатын іс-әрекеттері мен жаттығу түрлері:

  • Speaking. Talk to your partner. What do travel brochures advertise? Do you think travel agencies help tourists? Speak about travel agencies using the diagram. What else do travel agencies organize?

  • Look at the picture and say. What needs doing?

  • How can you become a millionare? Tick the ideas you like. Think of as many quick ways as possible using by - V+ing, as in the example.

  • What is worth doing? Add comments using words ….-ing with a suitable verb, as in the example.

  • From unscrambled words make sentences.

  • Reading. Read the titles. You will never forget this tour! More than just a tour! Write down 2 nouns, 3 adjectives and 3 verbs you expect to see in the main text.

  • Read the text. Read these words. Put n (noun), v (verb), adj (adjective) near each word. Make some sentences with them.

  • Divide into 2 groups. Using the verbs and adjectives of the texts make an advertizing project about Kazakhstan (main cities, famous sights). When you finish, pin your projects on the wall, have a Gallery walk and choose the best project.

10 сыныпта 1 бөлім «Саяхаттау. Travelling.» тақырыбына арналған. Тақырыпты меңгеруге және бекітуге 10 сағат берілген. Бөлім бойында біз түрлі қызықты мәтіндер оқимыз. Танымдық қабілеттерін дамытуға, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар орындаймыз, өз беттерінше ізденуге мүмкіндік береміз. Бірінші сабақ (Step 1) «Орта Азия сапарлары. Central Asia trips.» деп аталады. Сөйлесім, оқылым, жазылым және тыңдалым бойынша оқушылар сабақта мынадай іс-әрекеттер орындайды. Тапсырмалар мен жаттығу түрлері:

  • Speaking. Discuss these questions as a class. What is important to you about a holiday? What's your favorite kind of holiday? Which is the best and which is the worst holiday you have ever had?

  • Answer the questions. Have you visited any of the places mentioned in the text? If your answer is "Yes", did you like the place? If your answer is "No", which of the places you dream to visit? Why?

  • Choose one of the topics below and find out as many things as possible about the topic.

  • Vocabulary. Put the words in the box under the necessary headings.

  • Reading. Read the following words. In pairs discuss what you know about these names. Match the names with the words in the box.

  • Read the text "Adventures in Central Asia" and check your answers.

  • Writing. Write in the adjectives from the text as shown in the example. Try to guess their meanings from the text.

  • Pick out from the text words which show Asian way of life. How would you explain them to a foreigner?

  • Read the text once more and fill in the table "What do travelers do in Central Asia?"

  • Read the text about the main airports of London. Cover the texts and fill in the missing number into the gaps.

  • Which of these remarks are true?

  • Read this list of jobs related to tourism and travelling. Use the dictionary to help you with new words. Who carries out the activities below? Match the activity with job.

Екінші сабақ (Step 2.) «Қазақстандағы қызыққа толы демалыс күндер. Adventure holidays in Kazakhstan» деп аталады. Сабақ барысында ерекше демалыс түрлері мен орындарымен таныс боламыз. Біздің еліміздің демалыс орындары мен шет елдің демалыс орындарымен салыстырып, талқылаймыз. Оқушылардың сабақ кезінде орындайтын тапсырмалар жаттығу түрлері мынадай:

  • Read the introduction to the text "Adventure holidays" and fill in the gaps with the verbs in the box.

  • Put near each activity "S" for "Sport" and "T for "Tourism". Compare your notes with other students and discuss the points where your opinions differ.

  • Work in three groups and see if you know the following words. Tick (v) the words you know. Compare your words with other two groups an help each other. Consult a dictionary and find out the meanings of the words which the whole class doesn't know.

  • Get into three groups A, B, C. Answer the questions. Work with students from other groups and go through the questions together and use your key words.

  • Say what these numbers from the texts refer to.

  • Work with your partner. Find out where your partner has spent his last summer holiday. Find out if your partner likes travelling. Find out if your partner has been abroad. Find out how many cities your partner has visited. Find out your partner's favorite country.

  • What is travelling for you? Can you complete the following sentences.

  • Speaking. Work in three groups. What is the most popular reason for travelling? Discuss your ideas as a class.

  • Complete the given sentences. Match a line in A with a line in B.

  • Write a small story using the given verbs and words.

Үшінші сабақ (Step 3.) «Лондонға қош келіпсіздер! Welcome to London! » деп аталады. Сабақ барысында Британ аралдарының, Лондон қаласының егжей-тегжейлі тарихынан, туристерге ұсынылатын демалыс орындарынан, жағдайларынан хабардар боламыз. Оқушылармен мынадай жаттығу түрлерін орындаймыз:

  • Listening/Speaking. Listen to the text. Complete the diagram.

  • Listen to the text again. Write near each word or phrase the correct part of the British Isles.

  • Reading. Write down with your neighbor 5 words that come to your mind when you hear "Transport in London." Read the text and check your predictions.

  • Match summaries to the correct paragraph.

  • Read this summary of the text. There are some mistakes in it. Say if the sentences are true or false.

  • Speaking. Answer the questions. Decide in pairs or in groups of 3-4 students. What words describe the transport system of your city/town? Are there special buses for tourists? What is the cheapest transport in your city/town? What is the quickest one? Do you have underground in your city? Do taxis in your city have more advantages or disadvantages?

  • These are some adjectives from the text. Write their comparative and superlative forms.

  • Can you match the adjectives with suitable nouns?

  • What else do you know about Wales? Fill the empty boxes, then walk around the class and give and get more information from others.

Төртінші сабақ (Step 4.) "Әртүрлі елдер, әртүрлі табиғат. Different countries, different climate." деп аталады. Бұл сабақта оқушылардың оқу қабілетін дамыту үшін және ой-өрісін кеңейту мақсатында «Жанартаулар» туралы мәтінмен жұмыс жүргіземіз. Сабақ кезінде мынадай тапсырмалар орындалады:

  • Study notes.

  • Work in small groups. How many of the following questions can you answer? How is a volcano created? What is magma? Discuss your answers as a class.

  • Read the texts and see how much of the information the class already knew.

  • Comprehension check. Are these sentences true or false?

  • Work in groups and read the questions. Which question goes with which part of the text? What do the words underlined refer to?

  • Read the text and put in the missing verb in the correct tense.

  • Look at the map of Kazakhstan an fill in the words north, west, south, east or their derivatives.

  • Answer the questions in pairs. What is the climate of your country like? What part of the country do you live in?

  • Read these tasks and choose the one you like. Write your sentences.

Бесінші сабақ (Step 5.) "Әуе шарлары көңіл көтеру үшін. Ballooning for fun" деп аталады. Сабақ барысында саяхаттаудың бір түрі ретінде әуе шарлары туралы әңгіме қозғаймыз. Олардың тарихынан, жасалу жолдарынан, артықшылығы мен кемшілігі туралы мағлұмат аламыз. Сонымен бірге, қосымша оқу бөлігінде атақты саяхатшылар туралы мәтінмен жұмыс жасаймыз. Оқушыларға арналған жаттығу мен іс-әрекет түрлері:

  • Speaking. Answer the questions in pairs.

  • Talk to other pairs and share opinions.

  • Read the sentences below and fill in the gaps with the right idiom.

  • Imagine that you're thinking of visiting a number of different countries and cities in the near future. Fill in the sentences. Make a conversation with other students using the phrases if, when, as soon as, while.

  • Group work. Make up groups of 3-4 people. In turns tell each other about plans you've made in pairs. Pair work. Talk to your partner about all the things you are planning to do during your next vacation.

  • Find a picture of a beautiful place and write a poem describing it. As a class pin your poems on the board and choose the best poem.

  • Write your own texts/stories about famous travelers. For example: Christopher Columbus, Shokan Ualikhanov, Francis Drake, Przhevalsky, etc.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Мысалы: ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән үйрету. Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзыреттіліктері қалыптасады. Мысалы, өз сабағымда шетел әндерін пайдаланғанда, оны мұқият тақырыпқа сай етіп таңдап аламын. Өйткені, жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне сәйкес келуі керек. Үнемі интернет арқылы әр тақырыпқа сәйкестендіріп ән тауып, оны үйретуге тырысамын. Ән айту арқылы оқушылардың тыңдау қабілетін, айту, яғни сөйлеу қабілетін дамытамын, сонымен қатар сөздік қорын молайтып, ой-өрісін кеңейтуге ықпал жасаймын.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда сөз әрекетінің 4 түріне сәйкес, яғни оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамын. :
Оқылым әрекеті бойынша жаттығу түрлері:

  • Reading comprehension. Оқығанды түсіну (сұрақтарға жауап)

  • Context clues. Мәнмәтіндік еске түсіру (контекстная подсказка)

  • Drawing conclusions. Соңын суреттеу. (рисовать окончание)

  • Fact and opinion. Дерек пен ой-пікір.

  • Figurative language. Бейнелі сөз (тіл). (Образный язык)

  • Main idea. Басты ой (негізгі идея) (Главная идея)

  • Making inferences. Қорытындылар шығару (тұжырымдамалар жасау). Сделать выводы.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Рисунок reading comprehension

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Рисунок context clues

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі (Баяндама)

Жазылым бойынша жаттығу түрлері:

  • Fill in the gaps. (Бос орынды толықтыр)

  • Writing error correction (Қатені түзетіп жазу)

  • Chat (Жазу арқылы сөйлесу)

  • A business letter (Бизнес хат)

  • Writing consequences (Себеп-салдарын жазу)

  • Writing through 'reverse reading' (Қайта оқи отырып жазу)

  • Postcards (Ашықхаттар)

  • Role-play writing (Рөлдік ойындар жазу, құрастыру)

  • Note writing (Белгілер жазу)

  • A creative writing activity (Шығармашылықпен жазу іс-әрекеті)

  • Improving paragraph writing (Параграф жазуды жетілдіру)

Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Тыңдалым бойынша оқушының қабілетін дамытуға көмектесетін жаттығу түрлері:

  • Comprehensive (Informational) Listening---Students listen for the content of the message. (Жалпылама тыңдау)

  • Critical (Evaluative) Listening ---Students judge the message. (Сыни тыңдау)

  • Appreciative (Aesthetic) Listening---Students listen for enjoyment. (Рахаттану үшін тыңдау)

  • Therapeutic (Empathetic) Listening---Students listen to support others but not judge them (p. 7). (Сезіммен тыңдау)

  • Use a listening Guide. (Тыңдау жол-сызбасын қолдану)

  • Listening for the main idea. (Негізгі идеясы үшін тыңдау)

  • Listening for detail. (Ұсақ бөліктерін жинақтауға тыңдау)

  • Listening for a sequence. (Реттілікпен тыңдау)

  • Listening for specific vocabulary. (Арнайы сөздік үшін тыңдау)

  • Listening for cultural interest. (Мәдени қызығушылық үшін тыңдау)

  • Listening for attitude and opinions. (Қарым-қатынас пен ой-пікір үшін тыңдау)

  • Listening for functional language. (Қызметтік тіл үшін тыңдау)

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу - жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу, мысалы:
-Hello!
-Hi!
-What is your name?
-My name is Anara. And yours?
-My name is Alex...
ІІ кезең: диалогті жаттау, мысалы «At the airport» тақырыбын өтсек сол бойынша диалог құру және жаттау тапсырмасы болады. Аэропортта болатын жағдаяттарды сипаттау, көмек сұрау, яғни өтілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып диалог құру.
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру, мысалы тілдер күніне ұйымдастырылған «Білім - алтын қазына» атты апталығында 6 сынып оқушылары «Cinderella» ертегісін қойды. Сол қойылым диалог түрінде өтті.
Айтылым бойынша оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар:

  • Interview activities. Интервью іс-әрекеттері.

  • Survey activities. Зерттеу іс-әрекеттері.

  • Circle talk\Long table talk. Дөңгелек үстел.

  • PPT games, jeopardy, puzzle, wheel of fortune, etc. ППТ ойындары: джиопарди, жұмбақ, бақыт дөңгелегі.

  • Bingo. Бинго.

  • Comic stripes. Күлдіргі жолақтар.

  • Find the difference. Айырмашылығын тап.

  • Picture describing activities. Сурет сипаттау іс-әрекеттері.

  • Problem solving speaking activities. Мәселе шешу іс-әрекеттері.

  • Information gap activities. Мағлұмат толықтыру іс-әрекеттері.

  • Role-playing. Рөлдік ойындар.

  • Drama. Драма.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болсада лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал, бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Сонымен бірге, ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға , дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.
Танымдық бағыт бойынша:
• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)
•Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
• Сөз мәдениетін таныту;
• Пікір талас мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
• Оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру;
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
•Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
•Тілдік сауаттылығын арттыру;
• Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
• Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
• Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу;
• Пікір талас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғышарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншілік терең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5.Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.


Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  • Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өндеу.

  • Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді уйретеді.

  • Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игерумен білім алуды кеңейту.

  • Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазіргі кезде ағылшын тілі мен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Білімді дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Ж. Аймаутов айтқандай, сабақ беру дегеніміз - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны табатын өнер. Мұғалім білімді болған сайын, нәтиже сапалы болады.

Қорыта айтқанда, баяндаманың соңын А. Байтұрсыновтың «Қай әдіс жақсы» дегенде әр әдіс өз орынында жақсы. Әдіс керектіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай деген, және .Л.Н. Толстой. «Олақтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-әр түрлі әдісті білу, керек кезде жоқ әдісті таба білу» деген ой саларлық сөздерімен аяқтағым келеді.

Бүгінгі танда мемлекетіміздің білім беру саласында білімді, ұшқыр ойлы, іскер де ізденгіш, педагогикалық ақпаратты, телекоммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, оны оқу үрдісіне тиімді енгізе алатын мұғалімді қажет етеді. Гылым мен техниканы жедел дамыған кезінде оқушының жеке мүмкіндігін ашу, қабілетін дамыту жаңа тұлғаны қалыптастырып шығару мұғалімнің шығармашылық қызметі арқылы ғана мүмкін болады.

Түйін: Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениет аралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Резюме: В данной работе рассматриваются преимущества применения
инновационно-коммуникативно информационных технологии, являющиеся основным фактором повышения качества образования и обучения иностранным языкам.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М., ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28.
2. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
3.Андреев В.И. Проблемы педагогического мониторинга качеств.образования //М., Известия Российской академии образования, 2001, №1, 86-90.
4.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
5. Дмитриева Е.И. Основная методическая проблема дистанционного обучения иностранным языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет //М., ИЯШ, 1998, №1, с. 27-32.
6. Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам специалиста-профессионала //М., Вестник высшей школы, 1999, №6, с. 63-67.
7. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка //М., ИЯШ 2000, №3, с. 34-37.

8. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.
9. Мектептегі шет тілі . Республикалық әдістемелік - педагогикалық журнал .№3 2010ж
10. Шет тілін оқыту әдістемесі .Амандықова Г.Н, Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С.
11. Жалпы педагогика. 2009ж. М.Жұмабаев.
12. Педагогикалық еңбектер .2008ж.

13. ww.zkoipk.kz/ru/b5/329-conf.html. Б.К. Омарова.

14. Аяпова Т.Ағылшын тілі оқулығы. 5-10 сыныптарға арналған.

© 2010-2022