Сценарий Мағжан, Ілияс оқулары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепішілік « Ілияс, Мағжан оқулары» байқауы


2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: қазақ әдебиетінің қос жұлдызы талантты ақын Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, өнер сүйер қауым! Бүгінгі кешіміз қазақ әдебиетінің қос жұлдызы Ілияс Жансүгіров пен Мағжан Жұмабаев ақындарымызға арналады.

2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздардың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1-жүргізуші:

Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

2-жүргізуші: «Қазақ сөз өнерінің дүлдүлі - Ілияс Жансүгіров» жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау, ұрпақ жалғастығын жаңғырту.

1-жүргізуші: «Мен өзім тауда туып тасында өстім» деген ақынымыз Ілияс Жансүгіров - ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.

2-жүргізуші: Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған.

Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала Ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызға жарып, асыл байлықты бойына сіңіре білген.

Келесі кезекті Ілияс Жансүгіров ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға берейік.


1-жүргізуші:

Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.

6 а сынып оқушысы Ержанқызы Айым «Анам тілі» өлеңі

6 ә сынып оқушысы Уали Нұрай «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі

6 ә сынып оқушысы Серикова Аружан «Анам тілі» өлеңі


2- жүргізуші:

Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры!

7 а сынып оқушысы Темірбек Зарина «Жалпы сын» өлеңі

7 ә сынып Қалиева Аружан «Жарапазан» өлеңі

7 ә сынып оқушысы Кәрім Аяна «Күйші» өлеңі

7 б сынып оқушысы Айдарқазы Аян «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі

8 а сынып оқушысы Айтжан Алтынай «

10 а сынып оқушысы Төлеген Диана

10а сынып оқушысы Тулегенова Маржан

1-жүргізуші: Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

2-жүргізуші: Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев - көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.

1-жүргізуші: Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.


2-жүргізуші: Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.

Келесі кезекті Мағжан Жұмабаев ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға берейік.

6 а сынып оқушысы Байғонысова Алина «Мен кім?» өлеңі

6 ә сынып оқушысы Еримбек Эльвира «Қазақ тілі» өлеңі

6 ә сынып оқушысы Шойбек Маржан «Туған жер» өлеңі

6 ә сынып оқушысы Жакселикова Балдана «Ескі шаһар» өлеңі

1-жүргізуші: Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

6 б сынып оқушысы Семей Толғанай «Түркістан» өлеңі

6 б сынып оқушысы Алпасбекқызы Ажар «Толқын» өлеңі

6 б сынып оқушысы Өміртай Аружан «Сүйемін» өлеңі


2- жүргізуші: Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
7 ә сынып оқушысы Саят Санжарық «Мен кім?» өлеңі

7 ә сынып оқугшысы Құсайынов Сабыр «Қазақ тілі» өлеңі

7 ә сынып оқушысы Шаймерденова Әнел «Туған жер» өлеңі

7 б сынып оқушысы Биғажы Ұлжалғас

7 б сынып оқушысы Балтабекова Гүлнұр «Жаздыгүні қалада» өлеңі

10 а сынып оқушысы Тулегенова Маржан

1- жүргізуші:

9 б сынып оқушысы Болатова Айдана «Мағжанға арнау» өлеңін оқиды


2-жүргізуші: Біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқуға, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

1-жүргізуші:
Әділқазылар алқасына бағаларын берулерін сұраймыз.


2- жүргізуші:
Құттықтау сөз беріледі.
(оқушыларды марапаттау).















© 2010-2022