Методический доклад по развитию речи

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту жұмыстары арқылы қазақ тілі сабағы берілісінің сапасын жақсарту

Коммуникативтік- әрекеттік оқу негізі жеке тұлғаға бағытталатыны белгілі. Коммуникативтік-әрекеттік оқытудың әдістемелік негізі - оқу әрекетін ұжымдық формада құру,проблемаға құру, рөлдік ойындар өткізу, ынтымақтастық жағдаяттық жағдайларында құру жатады.Қатысымдық-коммуникативтік құзырет қалыптастырудың негізі - тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым секілді сөйлеу әрекетінің құрамдас бөліктері арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында оқу түрлерін, әдістерін,технологияларын таңдап алуда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл мұғалімдерге өздеріне оңтайлы нұсқаны таңдауына, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруына мүмкіндік береді.

Осыған сүйене отырып, тіл дамыту сабақтарында белгілі бір білім көлемін беріп қана қоймай,ең бастысы- сөйлей білуге үйрету. Сөйлеумен бірге қазақтың ұлттық рухани тәрбиесі мен салт-дәстүрінен мәліметтер беріп,кішіге көмек, үлкенге құрмет, Отанды сүю сияқты қасиеттерге көп көңіл бөлінеді.

Бұл жағынан әрбір тіл дамыту сабақтары осы мәселелерді қамтиды. Сондықтан тіл дамыту сабақтарының мақсаты оқушышын ҰБТ-ға дайындай отырып,оның ауызекі қарым-қатынас жасауына да, оқулық материалына сәйкес мәтіндерді меңгеруіне, оқығанын түсініп,ойын жеткізуіне және ойын жазбаша баяндай алуына жағдай жасау. Мұғалімдер жоспарға сәйкес тіл дамыту сабақтарын өткізу кезінде күнделікті өмірде қажет тақырыптармен қатар оқулықта берілген материалдарға жақын тақырыптарды өздері қосымша беріп отырғанының пайдасы зор.

Өтірік емес, 7,8 -сыныпта оқыса да оқушының тіл байлығы өте төмен, қарапайым тілдік дағдыларды меңгермеген, кәдімгі күнделікті қарым -қатынас тіліне өте шорқақ екені белгілі. Мұндайда мұғалім тұрмыстық мәні бар материалдарды( мәтіндерді) көбірек қолданғаны жақсы нәтижеге жеткізеді.

Тіл дамыту сабақтарында жаңа сөздерді жүйелі үйретуге, жаңа үйренген сөздерді күнделікті өмірде пайдалана білуге, ол үшін диалог түрінде сөйлеу, газет материалдарын әңгімелеу,күнделікті жаңалықтарды айтып отыру, ауа райы мәліметтерімен таныстырып отыру, сөз мәдениеті, сөйлесу формаларының түрлері,әдеби шығармалар мазмұны, өлең,прозалық шығармалар үзіндісін жаттап,мәнерлеп айту,мазмұндама,шығарма, т.б. жазба жұмыс түрлері,сөз тіркесін, сөйлемдер құрып, мұғалім сұрағына жауап дұрыс түсініп, жауап беру тәсілдері меңгертіледі.

Мұғалім өз мақсатына жету үшін түрлі көрнекіліктер қолданса, жұмбақ,жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерге көбірек көңіл бөлгені дұрыс болар еді.

Тілдік қатынас- адамның ойлау,пайымдау,сөйлеу,тыңдау,түсіну, айту,пікірлесу әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым кезектесіп, жүйелі қолданылса, оқушының сөз байлығы да біртіндеп артады. Оқушының сөздік қоры сабақ барысында жүзеге асады. Сөздікпен жұмыстың да бірнеше амалдары бар: мұғалім үлгісі бойынша оқу

,сурет бойынша жаңа сөздерді атау,хорман, жұппен қайталау,сөз тіркесін құру,есте сақтау үшін ойын ойнау, сөз диктанты,сөздік диктанты, т.б. жұмыстар тіл дамыту сабақтарында көп көмек береді.

Өзге ұлт баласына тілді меңгерту оңай емес деп жүргенде осы күні қазақ балаларының да сөздік қоры тым жұтаң, сөйлемек түгілі дұрыс оқи алмайтын жағдайлар жиі кездесіп жүр.





























































© 2010-2022