Бұқар жырау Қалқаманұлы (9-сынып)

«Домино» ойыны Сұрақ – жауап: 1. Мінезі жаман адамға, Енді қайтып  жуыспа. Тәуір  көрер  кісіңмен, Жалған  айтып  суыспа – деп,  келетін  өлеңнің  аты.  Жауап: «Еділ  бол  да,  Жайық  бол». 2. Қазтуған жырау  қай  ғасырда  өмір  сүрген? – Жауап: ХҮ ғасырда 3. Айналайын  Ақ  Жайық,     Ат салмай  өтер  күн  қайда?!     Еңсесі  биік  боз  орда     Еңкеймей  кірер  күн  қайда?!  өлеңін  жалғастыр. 4. Шалкиіздің  «Қоғалы  көлдер,  қом  сулар»  өлеңін  жатқа  айтып  бер. 5. Ақтамберді  жыраудың  бір ... Арнайы сұрақ Қазақ әдебиеті География Биология Тарих Қазақ әдебиеті Сурет жұмбақ Математика Қазақ тілі   1. Арнайы сұрақ:      “Жырау  туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді”.  Кімнің  сөзі? Жауап:  Мұхтар Мағауин 2. Қазақ  әдебиеті:     Елу  жасқа  келгенде,     Үш  жүздің  баласының     Атының  басын  бір  кезеңге  тіредің, - деген  өлең  жолдары Бұқар  жыраудың  қай  өлеңінен  алынған үзінді – Жауап: «Ей, Абылай, Абылай!» 3. География:    ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.

ә) тәрбиелік: Ұлттың сүйген ұлы тұлғалар өмірін үлгі ете отырып, патриоттыққа, егемен елдің еркіндігін бағалай білуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Бұқар поэзиясын күллі әлемге паш етіп, жолын қуар жас дарындарды анықтау, білімділікке, алғырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жырау суреті, Абылай, Бөгенбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев суреттері, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама суреттері.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, биология, география, тарих

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын

тексеру.

2. Үй жұмысын сұрау. «Домино» ойыны Сұрақ - жауап:

1. Мінезі жаман адамға,

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен,

Жалған айтып суыспа - деп, келетін өлеңнің аты. Жауап: «Еділ бол да, Жайық бол».

2. Қазтуған жырау қай ғасырда өмір сүрген? - Жауап: ХҮ ғасырда

3. Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкеймей кірер күн қайда?! өлеңін жалғастыр.

4. Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңін жатқа айтып бер.

5. Ақтамберді жыраудың бір өлеңін жатқа айт. («Жауға шаптым ту байлап», «Күлдір-күлдір кісінетіп»)

6. Шал ақынның өлеңін жатқа айт. («Бұл дүниенің мысалы», «Ата-ананың қадірін», «Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар»).

Үй жұмысын қорыту.

Жыраулар қисса толғайды,

Батырлар жайлы, ел жайлы.

Күңіреніп көне абыздай,

Замандарды болжайды. (Сырбай Мәуленов)

Жаңа сабақ. ХҮІІІ ғасыр қазақ тарихында өшпестей ізін қалдырды. Өйткені ол кезең, қазақ халықтарының қасіретті, қайғы табын салуымен ел есінде. Жоңғар шапқыншылары қазақ елін басып алу үшін бірнеше мәрте шабуылдар жасаған. Солардың ең үлкені - 1723 жылғы қазақ елінің үдере көшіп, елін-жерін тастап кетуге мәжбүр болып, қызын күң, ұлын құл етіп алған оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалады. Одан кейінде 1726 жылы Бұланты өзенінің бойындағы, 1729 жылғы Балқаш көлінің оңтүстік жағасындағы соғыстардың барлығында қазақ қолы жеңіске жетіп отырды. Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген - Қанжығалы Бөгенбай болатын. 1741 жылы қалмақтар қайта шабуыл жасап, қазақ елі тағы да қырғынға ұшырайды, тек Ресей патшалығының көмегімен қазақ елі аяғынан нық тұрып, Жоңғар мен Қытай арасындағы соғысты ұтымды пайдаланып, Жоңғарларға қарсы көтеріліс ашып, 1723-1741 жылдар аралығында айрылған барлық жерлерін қайтарып алады. Осындай қиын-қыстау заманда өмір сүріп, қазақ халқының ауыр қасіретін жырға қосқандардың бірі - Бұқар жырау Қалқаманұлы.

"Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді".

Мұхтар Мағауин

Өмір сүрген жылдары

1668-1781

Әкесінің есімі

Қалқаман

Туған жері

Баянауыл

Дүниеден өткен жері

Қарағанды облысы, Далба тауы

Арналған ескеркіштер

Қарағанды қаласынан үлкен бір көше, бір аудан, дүние салған жеріне зәулім күмбез орнатылды.

Бұқар жырау өлеңдерін зерттеп, қағаз бетіне түсірген - белгілі ғұлама, фольклорист әрі ақын - Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

Жырау - ырғағы мен ұйқасы бар өлең шығара алуы, терең мағыналы, нақыл

сөздерді қолдана білуі, әлеуметтік өмір жайлы кейінгіге үлгі боларлықтай ойлы пікір айта білуі керек.

Өмір жайлы: "Жиырма деген жасыңыз", "Сен он бір жасыңда",

Бұқар жырау Қалқаманұлы (9-сынып) "Атам болған жиырма бес", т.б.

ӨБұқар жырау Қалқаманұлы (9-сынып)леңдері

Ел бірлігі жайлы: "Бірінші тілек тілеңіз", "Керей, қайда

барасың?", "Ей, Абылай, Абылай!" т.б.

Бұқар жырау кім? Ақын, жырау, Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй, поэзияның ірі өкілі

Сұрақ - жауап:

1. Бұқардың әкесінің есімі - Қалқаман

2. Бұқардың туған жері - Павлодар облысы Баянауыл ауданы

3. Бұқар қай ғасырда өмір сүрген? - ХҮІІІ

4. Қай қаланың ауданына және көшесіне Бұқар жырау есімі берілді? - Қарағанды облысы

5. Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген кім? - Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Сергіту сәті

1. Бірінші тілек тілеңіз,

Пиғылы ... залымның, Жаман - плохой - bad

2. Қырық беске келгенде,

... мен жаман демедің. Жақсы - хорошо - good

Жеті жұмбақ

Арнайы сұрақ

Қазақ әдебиеті

География

Биология

Тарих

Қазақ әдебиеті

Сурет жұмбақ

Математика

Қазақ тілі

1. Арнайы сұрақ:

"Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді". Кімнің сөзі? Жауап: Мұхтар Мағауин

2. Қазақ әдебиеті:

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің, - деген өлең жолдары Бұқар жыраудың қай өлеңінен алынған үзінді - Жауап: «Ей, Абылай, Абылай!»

3. География:

1729 жылы қалмақтар мен қазақтардың айқасы қай жерде болды? - Жауап: Балқаш көлінің оңтүстігінде

4. Биология:

Бұқар керейлерге өзінің Әлділігін қандай жануардың терісі арқылы білдіреді? - Жауап: Өгіз терісі

5. Тарих:

Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді? - Жауап: Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама көтерілісі болған еді

6. Қазақ әдебиеті:

Жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Керей, қайда барасың?» деген өлеңдерінің тақырыбы не? - Жауап: Ел бірлігі, ынтымақ

7. Сурет жұмбақ:

Мына суреттегі тұлға Бұқар жыраудың өлеңдерін, еңбектерін жинап қағаз бетіне түсірген. Бұл кім? - Жауап: М.Ж.Көпеев

8. Математика:

Бұқар жырау қай жылы, неше жасында дүниеден өтті? - Жауап: 1781 жылы 113 жасында

9. Қазақ тілі:

Жырау. Ерлік. Тәуелсіздік. деген сөздерді байланыстырып сөйлем құра.

Жедел жауап:

  1. Бұқар қай жылы дүниеге келді? - 1668 жылы

  2. Бұқар қай ханның кеңесшісі болған? - Абылай ханның

  3. Абылаймен соғысқан қалмақ ханы - Қалдан Серен

  4. Алғаш рет қалмақтарды жеңген батыр - Бөгенбай батыр

  5. Бұқар жырау өлеңдерінің құрылысы неше буынды? - 6-7 буынды

  6. "Өлмегенде не өлмейді" деген сұраққа Бұқар қалай жауап берген? - Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Үй жұмысы

"Ей, Абылай, Абылай!" өлеңінен үзінді жаттап келу.

Бағалау.

Сабақты қорыту.

1. Мінезі жаман адамға,

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен,

Жалған айтып суыспа - деп, келетін өлеңнің аты.

2. Қазтуған жырау қай ғасырда өмір сүрген?


3. Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкеймей кірер күн қайда?! өлеңін жалғастыр.

4. Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар»

өлеңін жатқа айтып бер.


5. Ақтамберді жыраудың бір өлеңін жатқа айт.


6. Шал ақынның өлеңін жатқа айт.



© 2010-2022