5-сыныпқа Термин сөздер тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5- сыныпқа Термин сөздер тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ5- сыныпқа Термин сөздер тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақШымкентқаласы, № 68 жалпы орта мектептің қазақ тілі жәнеәдебиеті пәні мұғалімі

Жанысбекова Айнұр Әмірқызы

Сабақ тақырыбы: Термин сөздер

Мектеп: №68

Күні:19.01.16ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбекова А.

Сынып: 5 «в»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Ғылым, техника,өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздерді білу,басқа тілден аударылған және интернационалдық терминдерді ажырата алу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Термин сөздерді басқа да қолданылу аясы шектеулі сөздерден ажырата алады, ережесін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Басқа тілден аударылған және интернационалдық терминдерді бір-бірінен ажырата алады.Жасалу жолдарын біледі.

Кейбір оқушылар:Термин сөздердің ерекшелігін анықтап, оларды өмірде өз орнымен қолдана алады, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар: термин сөздерді жатқа айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:интернационалдық,төл және жергілікті термин, тұрақты.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады деп ойлайсың ба?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болатынын дәлелдей аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Интернацианалдық-интернационалдық

Алдыңғы оқу

Термин сөздерді лексика саласы қарастыратынын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы (Кіріспе)

(тұсаукесер)

(5 минут)



Негізгі бөлім

(Ортасы

10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу, түгелдеу. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Ә) Үй тапсырмасын «Конверт сұрақ» әдісі арқылы сұрау.

Конверттегі сұрақтар:

-Қолданылу аясы шектеулі сөздер деген не?

-Лексика дегеніміз не? Қай тілден енген?

-Лексика нені зерттейді? - Кәсіби сөздер дегеніміз не?

  • -Кәсіби сөздер қалай жасалады? - Кәсіби сөздерді қандай салаға бөлуге болады?-Қолөнершілікке байланысты қандай кәсіби сөздерді білесіңдер? -Ауыл шаруашылығына байланысты қандай кәсіби сөздері білесіңдер?

Б)Топқа бірігу.1.Квадрат 2.Глобус 3.Лексика (осы салаларға қатысты термин сөздер беріледі,оқушылардың алған термині қай салада қолданылады, сол партаға жайғасады)

В) Үйге берілген 198-жаттығуды тексеру.

1.Түрткі сұрақтар беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын қою.

-Біз қандай топтарға біріктік? - Біз біріккен топтар қандай сөздерге жатады?

-Ғылым,техника,өндіріс саласында қолданылатын сөздер қандай сөздер тобына жатады деп ойлайсыңдар? -Олар лексика саласына жататын терминдер, олар осы және т.б.салалардағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

-Осы термин сөздер туралы не білгіміз келеді?

Конверт және сұрақтар жазылған қима қағаздар

Топқа біріктіруге арналған термин сөздер жазылған қима қағаздар, топ аттары.

(20 минут)


2.Топтық жұмыс Үш топқа жаңа сабақты бөліп беру. Оқушылар жаңа сабақтың мәтінімен танысып, постерге түсіріп қорғайды. Мақсатым: жаңа сабақты оқушыларға өз бетінше меңгерту.

І топ: Инернационалдық терминдерді,

ІІ топ: Басқа тілден қазақ тіліне аударылған терминдерді,

ІІІ топ: Термин сөздерді, ережесін мысалымен дәлелдеу.

3. Оқулықпен жұмыс

194-жаттығу.Математика,география,биология, тарих пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді жазыңдар.

201-жаттығу. Мәтіннен терминдік мәнді білдіріп тұран сөздерді жазыңдар. (тақтамен жұмыс)

Мақсатым: оқушылардың алған білімідерін игерту.

4.Венн диаграммасы

Кәсіби сөздер термин сөздер

Әр топқа А4 парақта жеке-жеке беріледі, топтар орындап болған соң бір-бірімен ауыстырып, бірін- бірі бағалайды.

Мақсатым: оқушылар термин сөздерді өткен сабақта қтілген кәсіби сөздерден ажырата алу қабілеттерін дамыту.

Оқулық 85-бет


Оқулық 85-бет

Оқулық 88-бет

Венн диаграммасы

Аяқталуы

(Қорытынды

(10 минут)

Бекіту. Семантикалық карта толтыру

Термин сөздер

Аударылған термин

Интернац. термин

Кеден

+


Карта


+

Синоним


+

Жарғы

+


Әмбебап

+


Мақсатым: оқушылардың термин сөздер тақырыбы бойынша алған білімдерін байқау.

Үйге: 205-жаттығу.

Кері байланыс.«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс алу.

Бағалау. Формативті бағалау

Семантикалық карта



Оқулық 90-бет

Қосымша ақпарат

Саралау

Талантты және дарынды балаларды анықтау мақсатында «Семантикалық карта» берілді.

Бағалау

Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызшалар үлестіру арқылы бағалату.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, математика, география

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

Қорытынды бағамдауҚорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




© 2010-2022