Открытый урок на тему Оралхан Бөкей Тортай мінер ақбозат

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Акатова

Айжан

Аманжоловна

Оқушының саны - 18

Ақмола облысы

Бурабай ауданы


Сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» 2-сабақ

«Арман болған ақ боз ат...»

Сілтеме

Әдебиет 7-сынып Алматы «Атамұра» 2012

Жалпы мақсаты

1.Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отыра өмір шындығын таныту,

кейіпкерлерге мінездеме бере отырып бүтіннен бөлшекті ажырату,шығармадан алған

білімдерін қорыту.

2.Оқушы ойын ашық жеткізе білуге,топта шығармашылықпен айналысуға,талдау жасау кезінде білімін ,ойын дамытуға ықпал ету.

3.Балаларды адал дос болуға ,бірін- бірі құрметтеп қадірлеуге,кітаптың қадір -қасиетін білуге ,туған жерді аялауға тәрбиелеу.

2.

Міндеттер:

1. Мазмұнға байланысты міндет: әңгіменің мазмұнымен таныса отырып,кейіпкерлерге мінездеме береді, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;

2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;

3. Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір-біріне сыйластық сезімдері артады.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді байланыстыра

алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады.

2.Топтық жұмыстың маңыздылығын қажеттілігін түсінеді. .

3.Әр оқушы өзінің топта қажеттілігін сезінеді.

4.Сыныпта достық қарым-қатынас орнайды

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Тортай мінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді ...

иесіне қайтаруға кеш еді...

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу (психологиялық дайындық)

  • Сыныпты топтарға бөліп отырғызу.Топ басшыларын тағайындау.

  • Бағалау парақшаларын тарату 5 мин

2.Үй тапсырмасы.

1.Оралхан Бөкей жайлы білгендерін тексеру.

.2. Зымыран сұрақтар

  1. «Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз» (Ораз, Тортай)

  2. «Әңгімеде қандай кітап айтылады?» («Аласталған Алитет»)

  3. «Ауыл қайда орналасқан?» (Салықсалғанның иығында)

  4. «Тортай ақ боз атқа міне алды ма?» (жоқ)

  5. «Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?» (Таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын)

  6. «Тортайдың арманы қандай?». (кітап жазып, жазушы болу)

  7. «Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады?» (соғыстан кейінгі)

  8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал? (көк өгіз)

  9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады? (кітап) 6 мин

  10. Ораш өскенде кім болды?

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Қанша биік шыңға шықсаң да, түп -тамырыңды ұмытпа...

1.Оқушы ойын еркін айтуға төселеді.

2. Достың қадірін білуді ,қажет жағдайда оған қол ұшын беруді түсінеді.

3. Адам бойындағы «адалдық», «шынайылық» секілді асыл қасиеттерді бой- ларына сіңіреді.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

I.Қызығушылықты ояту.

«Әңгіме әлемінде» (миға шабуыл)

Мұғалім: Балалар ,әңгіме әлеміне көз жіберейікші, сіздердің көз алдарыңызға не елестейді?

(Оқушылардың жауабынан кейін слайд көрсетілед)

3 мин

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

II.Мағынаны тану.

1.Топтық жұмыс (слайд)

1-топ «ТОРТАЙ» мінездеме

( Тортайдың әрбір әрпіне оның қасиетін ашатын сөздер жазу)

2-топ Орашқа мінездеме

( Теріп алу: Жанашыр дос,жасқаншақ, жасы кіші,жетім,арманшыл,ерке молшылықта өмір сүрген бала, момын,ар-ұяты бар, жомарт, т.б).

3-топ Салықсалған табиғаты

(Оқулықпен жұмыс) 5 мин

2.Сергіту 3 мин

4.Артығы қайсы? (слайд арқылы көрсету)

Тақтадағы үш кейіпкердің артығын анықтап,кейін кесте бойынша ойын дәлелдейді.

Аян, Ораш, Тортай

НЕГЕ?

Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз:

... және ... екеуі де … болып табылады, сонымен қатар ... ....

5 мин

III.Ой толғау

1-топ

Сұрау есімдіктерін пайдалан...(тақырып бойынша 6 сұрақ дайындау)

Кім? Не?

Қашан? Қайда?

Неге? Қалай?

2-топ

Тортайдың «Ақ боз атқа» міне алмауына кім кінәлі ?

Оның арманы неге орындалмады?

3-топ

Неге әңгіме «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталды?

Сендер қалай атар едіңдер? 6 мин

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

7.Бағалау Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды

Аты-жөні

Тақыр.игер.

Тіл байлығы

Топ.жұм.қат

қорытынды

ұпай

баға





Ең жоғарғы ұпай-3 8-9 ұпай-«5»

Орташа ұпай-2 6-7 ұпай-«4»

Төменгі ұпай-1 4-5 ұпай-«3» 5 мин

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Үйге: Әдебиет оқулығы. 248- бет. 3-деңгей. 2 мин

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Кері байланыс парағы.


Түрлі -түсті стикерлер таратылып, кері байланыс парағы толтырылады.

Әр оқушы өтілген сабақ жайлы өз пікірін жазады.(ұнады ,ұнамады) 2 мин

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.









© 2010-2022