Разработка внеклассного мероприятия Нұрғиса Тлендиев

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Сыныптан тыс шара

«Қазақтың сазгері - Нұрғиса Тілендиев»



Кумбасова Мауле Буркатовна

учитель казахского языка и литературы



Тулепбергенова Маншук Ермухамбетовна

учитель казахского языка и литературы



КГУ «Средняя школа №12» акимата города Рудного




















Түсінік хат

Қазақтың сазгері - Нұрғиса Тілендиев қазақ саз өнеріне домбырашы, дирижер, композитор ретінде үлесін қосқан тұлға. Тілендиевтің өлеңдері балалар тәрбиесіне септігін тигізері сөзсіз. Сынаптан тыс шара Нұрғиса Тілендиев өмірі, шығармашылығы жайлы. Оқушылар сазгердің туып өскен ортасы, оның саз өнеріне қосқан үлесі жайлы біле алады. Сыныптан тыс шараның әзірлемесіне Нұрғиса жайлы бейне жазба да ұсынылған. Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестірі жайлы, «Құстар қайтып барады» әні туралы бейне жазбасы да ұсынылған. Сыныптан тыс шараның негізгі мақсаты- ол композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру және практикалық жұмыс барысында шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту болды. Нұрғисаның өлеңдері арқылы оқушыларды қазақ мәдениетін білуге, сүйюге үйретеді деп сенемін. Сыныптан тыс шара топпен жұмысқа арналған. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы, өздері сабақтың мақсаты мен міндетін ашады.






Тәрбие сағаты тақырыбы: «Қазақтың сазгері - Нұрғиса Тілендиев»

Тәрбие сағатының мақсаты: Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу,

Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру.

Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру және практикалық жұмыс барысында шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Вокальдық машықтарды қалыптастыру.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: танымдық кеш.

Тәрбие сағатының әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Өту барысы:

Үнтаспадан музыка ойнап тұрады. «Сары арқа» күйі орындалады

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды топқа бөледі

І топ: - Нұрғиса Тілендиев кім?

ІІ топ: - «Отырар сазы» оркестрі жайлы не білеміз?

ІІІ топ: - Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы туралы не білеміз?

( оқушыларға дайындалуға 5 мин уақыт беріледі)

Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды

Топқа берілген тапсырмаларды орындайды

Мағынаны ашу

Топтастыру әдісі.

Кластер құру (өз-өздерін оқыту)

1. Берілген мәтінге қосымша ақпарат тарату және мәтін түріндегі тапсырмаларды топқа беру

2.Тақырыпқа сай келетін ойларын флипчартқа түсіруіне тапсырма беру.

1.Оқиды, ойлайды, өз ойларын ортаға салып қорытады.5мин

2. Оқушылардың берілген мәтіндегі нақты керекті мәліметтер дәптерге түртіп алу 5мин

3. дәптерінде жазған тапсырмаларын ортада қорғайды. 15мин

Разработка внеклассного мероприятия Нұрғиса ТлендиевТілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) - қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген

1 топ: Нұрғиса Тілендиев жайлы жұмыстарын қорғайды

Разработка внеклассного мероприятия Нұрғиса Тлендиев

Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды

«Отырар сазы» - Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді; 1982 жылдан оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді

2 топ: «Отырар сазы» оркестірі туралы жұмыстарын қорғайды

«Ортеке» балет-поэмасының (1957) және «Менің Қазақстаным» (1959) кантаталарының, «Достық жолымен» балетінің (1958, Л.Б.Степанов және Е.Манаевпен бірге), «Алтын таулар» операсының (1961, С.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған «Поэма» (1962), «Ата толғауы» (1975), «Алтын дән», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс салтанаты» (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы.

3 топ - Тілендиевтің шығармашылығы туралы жұмыстарын қорғайды

Разработка внеклассного мероприятия Нұрғиса Тлендиев

Нұрғиса Тілендиев туралы фильм көсетеді. (Құстар қайтып барады)

Бейнефильмді көреді, өз ойларын ортаға салады.

Қорыту Күтілетін нәтиже

3 топқа «Брейн-сұрақтар» қойлады

1. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы қай жылы дүниеге келді?

(01.04.1925ж)

2. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы қай жерде дүниеге келді?

(Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы)

3. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы кім болған?

(композитор, дирижер, домбырашы, халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы)

4. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы қандай білім алған?

(1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды.)

5. Нұрғисаның қандай шығармалары бар?

(«Алтын таулар» операсының (1961, С.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған «Поэма» (1962), «Ата толғауы» (1975), «Алтын дән», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс салтанаты» (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге («Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым - Қожа», т.б.), 17 мультипликациялық фильмге («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», т.б.), 14 деректі-хроникалық фильмге («Академик Сәтбаев», «Ыбырай Алтынсарин», т.б.) музыка жазды.)

6. «Отарар сазы» оркестірі қай жылы ұйымдастырылды, кім ұйымдастырған?

(1980 жылы, Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырды)

Ойланады, жауап береді

Бекіту

«Құстар әні» деп аталатын Нұрғиса Тілендиев туралы фильмнен үзінді көрсетеді

Кино үзіндісін көреді, мазмұнын айтады.


© 2010-2022