• Преподавателю
  • Другое
  • «Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Ынтымақтастық оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады ( МАН 134 бет, 2 деңгей)

Коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп, «Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбына шықтық.

Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі оқыту барысында Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Бірлескен оқудың мәні ынтымақтастық оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау, әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары:

  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

  5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Оқушылар білуге тиісті бірнеше ережелер:

  • кезекпен сөйлесу;

  • белсенді тыңдау;

  • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

  • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

  • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардан

идеялары мен пікірлерін білу;

  • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

  • көмектесу және көмек сұрау;

  • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 9 мұғалім.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке «Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.

Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - Оқу үрдісінде ынтымақтастық ұйымдастыру туралы пікірлерін кеңейту. Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын анықтау.

Міндеті:

  • Үйлестіріп, ынтымақтастық орнатып бір нәрсе шығарады.

  • Өз көз қарастарын ортаға салады.

  • Жағдаяттан шығады

Күтілетін нәтижеміз:

Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалану.Өзсабақтарындағы жүргізген топтық жұмыс туралы ойларымен кері байланыс орнатады. Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.
Мұғалімдер өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде нақты ақпараттар алады, тәжірибе алмасады.

Психологиялық ахуал туғызу мақсатымен презентациядан үш түрлі ағаш түрін көрсетті, ағаштың бір түрін таңдап, өздері қандай адам екені туралы естіді.

Қайың - Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

Шырша- қатал болғандығымен сұлулығымен тартымды. Әрқашан біртума және элегантты. Ұстамдылығымен ерекшеленеді. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды

Алма - Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

Нәтижесінде: қатысушылар көңілдерін көтерді.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Қатысушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінді. Квадрат - 1 топ, шеңбер - 2 топ болып ұйымдастырды.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Миға шабуыл әдісінде Сіздер өзгере алсыздар ма? Өзгеріске қалай қарайсыздар? Қай жағынан өзгерер едіңіз?деген сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде: Тапсырманы орындайды, өздерін бағалайды, басқа адамды бағалайды. Коучтың сұрағына жауап береді.

Тәжірибелік кезең І топ: Түрлі түсті кеспе қағаздар берілді. Мақсаты:үйлестіріп бір нәрсе жасап шығару. Қалай жасағандарын түсіндіріп беру. Оған ат беру болды. Болашақта оны қайда пайдалануға болатындығын түсіндіру. ІІ топ: Параққа белсенді сынып пен белсенді емес сыныптың айырмашылықтарын теріп жазу болды..

Нәтижесінде: Өз қорытындыларын айтты. Мұғалімдер өздерінің ойларын ортаға салды.

Білім беру үдерісіндегі өздерінің іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізуге талпынды. Оң көзқарастар қалыптасады.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Коуч тапсырмадан соң,слайд презентациямен таныстырды.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Екінші тәжірибелік кезеңде жағдаяттарды шеш болды. Сахналау көрсету қажет болды.1 топ. Оқушы серіктесімен немесе топпен жұмыс жасаудан бас тартады. 2 топ. Топтағы қандайда бір нақты оқушымен ешкімнің жұмыс жасағысы келмейді деген жағдаят берілді.

Нәтижесінде: топтар белсене қатысып өз ойларын айтты. Екінші топ өз жағдаятын шешуде Гульмира Хасенқызы Қайырбекова өзінің тәжірибесінен мысал келтіріп, өз ойын жақсы жеткізе білді. Бірлескен жұмыс үдерісінде келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жиі кездесетін келіспеушіліктер және оларды шешу жолдарымен шықты.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Коучингті қорыту үшін рефлексия "Аяқталмаған сөйлемдер" әдісі арқылы кәртішкені толтыру болды. Бүгін мен...................... білдім . ................. қызықты болды. .......................... қиын болды. .................... тапсырманы мен орындадым. ......................... екенін түсіндім.

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі





Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы

© 2010-2022