Конспект урока по теме Күй аңыздары. Қазақ сазгерлері

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 Мерзімі: 21.01.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Күй аңыздары. Қазақ сазгерлері

Мақсаты:

Оқушылармен кірме сөздер, өздік етісті қайталап, еске түсіру, мәтінмен жұмыс жасап, жаңа сабақты меңгерту.

Міндеті:

Кірме сөздердің, өздік етістің жасалу жолдарын, қазақтың ұлттық аспаптарының түрлерін еске түсіру, өз ойларын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру, ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді.

  2. Сұраққа жауап бере алады.

  3. Ашық, шартты райда етістіктерді дұрыс қолдана біледі.

Ресурстар:

Плакаттар, слайд, стикер, маркер, бағалау парағы, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, қазақ әдебиеті, тарих

Әдіс- тәсілдер:

«Миға шабуыл», рефлексия, диалогтік оқыту.

Кіріктірілген модульдер:

Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талапты және дарынды балаларды оқыту.

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Топтастыру кезеңі: Дина Нұрпейісова мен Құрманғазы Сағырбаевтың есімдері жазылған кеспелерді таңдау арқылы бөлінеді.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

2 мин

Оқушыларды түгелдеп, сабақтың мақсатымен таныстырады, оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушылар міндеттерін түсінеді, бір- біріне жақсы тілектер айтып шығады.

2 мин

Оқушыларға бағалау әдісін түсіндіреді.

Оқушылар сабақ барысында ұпай жинайды.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

  1. Үйге берілген жаттығуды тексереді, дәптерлерін алмастырады.

  2. Семантикалық картамен жұмыс

Оқушылар жылдам жауап береді.

Семантикалық картамен жұмыс жасайды.

ІІІ

Жаңа сабақ

5 мин

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ұлттық аспаптардың атауларымен жазылған сөзжұмбақ арқылы ашады. Жаңа сөздермен таныстырады.

Оқушылар ұлттық аспаптар атауларын қайталай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мәтінді тыңдап жаңа сөздермен танысады.

ІҮ

Жаңа сабақты пысықтау

7мин

3 мин



5 мин

1.Оқулықпен жұмыс:

133- бет 1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын түсіндіру.

3- тапсырма сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңдар.

3. Құрманғазы Сағырбаев пен Дина Нұрпейісова туралы презентация жасау.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.

Мәтіннен кірме сөздерді тбады, көптік жалғауларын қойып тапсырманы орындайды.

Әр топ тақырып бойынша ойларын плакатқа жазып, ортада жұмыстарын қорғайды

Ү

Қорытындылау

2 мин

2 мин



3 мин

Сабақты смайликпен қорытындылау

Бағалау: оқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайларын топ басшысы есептейді

Рефлексия: оқушыларға стикер таратылып, өздерінің сабақтан алған әсерін жазуды тапсырады

Әр оқушы дұрыс жауапқа алдындағы смайликті көтереді.

Оқушы сабақ барысында жинаған ұпайын санайды.

Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазу арқылы білдіреді.

ҮІ

Үйге тапсырма

2 мин

Жаңа сөздерді қайталау, 136- беттегі 4- тапсырма

Берілген тапсырмалар бойынша түсінбегенін сұрайды.

Оқу меңгерушісі : _________ М.Е.Соколова

Күні 21.01.2016 жыл



© 2010-2022