Разработка урока по казахскому языку на тему

                                               9 сынып .Тақырыбы: Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы Мақсаты: Көркемсурет галереясы  туралы білімдерін кеңейту, өз бетінше ізденіп  оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту, қазақ елінің тарихын, өнерін ,мәдениетін құрметтеуге баулу. Көрнекілік:  суреттер, суретшілер , грамматикалық сызбалар., афоризмдер Әдістер: іздендіру,  сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, топтық жұмыс Сабақ барысы. 1.      Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың барысы: Ұйымдастыру...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып .Тақырыбы: Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы

Мақсаты: Көркемсурет галереясы туралы білімдерін кеңейту, өз бетінше ізденіп оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту, қазақ елінің тарихын, өнерін ,мәдениетін құрметтеуге баулу.

Көрнекілік: суреттер, суретшілер , грамматикалық сызбалар., афоризмдер

Әдістер: іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, топтық жұмыс

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
    Сәлеметсіңдер ме балалар ! Отырыңдар !Бүгін кім кезекші ?Сынып-
    та кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні ?

  2. Үй тапсырмасын тексеру

А) Сұрақтар: Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?

2.Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?

3.Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын нешінші жылдары жасады?

4. Қазақстан суретшілерінің кәсіби шеберлікті тез игеруіне кімдер көмектесті?

ә) Сөздік диктант. Мұғалім орысша оқиды, оқушылар қазақша жазады.

Изобразительное искусство, графика, скульптура, прикладной, формирвать, мастерство, выставка.

Б) Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазғызу: 1920 жылы- бір мың тоғыз жүз жиырмасыншы,20-30 жылдары- жиырмасыншы-отызыншы жылдары,1928 жылы- мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылы.

  1. Қызығушылық ояту.

А)кілтті сөздер: мұражайлар, қоры, Әбілхан Қастеев, ғимарат,мүсіншілер.

4. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

Ұраны: Адам мақсатына, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Ал, балалар, бүгін біз «Қазақстан бейнелеу өнері» туралы ақпарат аламыз.

Қазақ бейнелеу өнері қандай салаларын қамтиды?

Жауаптар: көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сәндік және қолданбалы өнер.

Неге біз өнерімізді білуіміз керек?

М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін білмейтін адам толық мәнді интеллигент бола алмайды»

Өзін-өзі білген ер-бақытты,

Өзін-өзі билеген ел- бақытты.

Ал онда біз өткен күнімізге көз жүгіртейік.



  1. Сөздік: қоры-запас,коллекция қайталанбас-непвоторимый қалыптастыру-формировать сезіну- чувствовать анықтық-достоверно 5. Мәтінді Инсерт стратегиясы арқылы түсініп оқу. (топтық жұмыс)

Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға өзара жауап беру. Мәтінге ат қойыңдар.

Көркемсурет галлереясы.

Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы1995 жылы құрылғаннан бастап, «Қазақстан бейнелеу өнері» коллекциясын кешендеуге баса көңіл бөлінді. Қазіргі таңда 10 мыңнан астам көркемсурет туындылары Қазақстан Республикасы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорын құрайды. Кескіндеменің мүсін өнерінің графикалық қайталанбас коллекциясы ұлттық мектептің дамуындағы басты кезеңдерді көрсетеді.

Н.Т. Хлудов- 19 ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебін қалыптастырған алғашқы орыс суретшілердің бірі. Ол Орта Азия мен Қазақстанды көп аралап, сол жердің өмірі мен тұрмысынан жасалған суреттемелері кейіннен оның кескіндемелік туындаларының негізіне айналды.

1920-1930 жылдардағы коллекцияда шағын көлемді суреттер орын алған. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, ағайынды Қожахмет пен ҚұлахметҚожықовтардың ертеректергі жұмыстары уақытты сезінуімен, бейнелерінің анықтығымен құнды. Мұражай қорында Қазақстанның алғашқы кәсіби мүсіншілеріХ.И.Наурызбаев пен Б.А.Төлековтың қолынан шыққан өткендегі және қазіргі кездегі көрнекті адамдардың портреттері бар.



  1. Топтық тапсырмалар:

1 топ

1.Мәтіннен күрделі зат есiмдерді теріп жазыңдар.

2.Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Мәтіннен түбірлес сөздерді теріп жазыңдар..

4.Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

2 топ.

1.Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып түрін анықтаңдар.

2. Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Жалқы есімдерді теріп жазыңдар.

4 Бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар

6.Дәлелде: «Қазақстан жері, қазақ елі өте керемет» ұғымды дәлелде.

Қай топта дәлел көп болса, сол үздік болады.

Тақтамен жұмыс: «Көркемсурет» сөзіне фонологиялық талдау жасау

Сабақты бекіту: Синквейн әдісі бойынша жұмыс.

1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін сөз. Ол зат есімнен
болуы шарт.
2.Екінші жол сол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұру
керек. Екі сын есім.
3.Үшінші жол іс- әрекетті көрсететін үш сөз болуы тиіс.
4.Төртінші жол төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5.Соңғы жол синоним болуы керек. Жасалу жолы.

Семантикалық карта Ал енді,балалар,осы семантикалық картаны жазып толтырың-
дар.Бірінші-Нені білдім?бүгінгі сабақта қандай білім алдыңдар,
немен таныстыңдар,екінші - Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма: Өнер туралы сөзжұмбақ жасау және мақал- мәтелдерді,
тыйым сөздерді жаттап келу.
Бағалау: Ал енді,балалар,білімдеріңді бағалаймын.
Қоңырау соғылды,
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



1 топ

1.Мәтіннен күрделі зат есiмдерді теріп жазыңдар.

2.Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Мәтіннен түбірлес сөздерді теріп жазыңдар..

4.Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

2 топ.

1.Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып түрін анықтаңдар.

2. Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Жалқы есімдерді теріп жазыңдар.

4 .Бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар















© 2010-2022