Болымды және болымсыз етістік тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазіргі қазақ тілі және сөйлеу мәдениеті.

Оқытушы: Жұматаева З.Ж.

Топ: ББМ-11

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ- жауап, баяндау, көрнекілік, топпен жұмыс, топтастыру, т.б.

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты: Етістік туралы білімдерін кеңейтіп, етістіктердің болымды, болымсыз түрлерімен таныстырып, жасалуын меңгерту. Жаттығу жүмыстары арқылы сөйлемнен етістіктерлі тауып, сұрақ қоя блуге, түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Әдебиеттер: 1. Ш. Бектұров. М.Серғалиев. Қазақ тілі. Алматы, 1994.

2. Әбдіғалиева Т., Оралбаева Н., Шалабаев Б. "Практикалық қазақ тілі" Алматы. "Ана тілі" 1993 ж.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. "Миға шабуыл" (кезекші өткізеді)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Дара етістіктер дегеніміз не?

  • Күрделі етістіктер қалай жасалады?

(Дәптерлерінен жазбаша жұмыстарын тексеру)

IV. Жаңа сабақ.

Іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Іс- әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Мысалы: кел, сана, жазды, көшірді

Мысалы: келме, санама, жазбады, көшірген жоқ



Етістіктің болымды түрі әрқашан алғашқы формада келіп, болымсыз түрі 2 түрлі тәсілмен жасалады:

  1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары қосылу арқылы жасалады: кел-ме, бар-ма, ал келе ме? бола ма? болмай ма? түрінде келгенде ма/ме бөлек жазылып, етістіктерді сұрау мағынасына айналдырады. Сонда - ма/ -ме, -ба/-бе, -па/-пе етістіктерге қосылып жазылса, болымсыз мағынаны білдіреді, ал бұлар етістіктерден бөлек жазылса, сұрау мағынасына айналдырады. Мысалы: барма, келме, жүрме, отырма

  2. Болымсыз етістік кейде өткен шақтық етістіктегі есімше түріне жоқ, емес сөздері тіркесіп келу арқылы да жасалады.

Мысалы: алған жоқпын, алған емеспін.

Сөйлеу тілінде және ауыз әдебиетінде бұл формалардың басқа түрлері:

а) қалман, бермен, алман;

ә) көрген емен, берген емен, алған емен тұлғалары да кездеседі.

V. Бекіту.

  1. Жұмбақты шешіп, болымсыз етістікті тап, сұрақ қой.

Жансыз өзі жүрмейді.

Жанды оны сүйрейді. (арба)

Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас. (әтеш)

Бір атым бар-

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. (велосипед)

Өзі кірден арылмас,

Ізінен кір табылмас. (сыпырғыш)

Қал десем- қалмайды,

Жұмсасам- бармайды. (көлеңке)

Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ таппайсың. (тұз)

Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (үтір)

93- жаттығу. 131- бет. Төмендегі етістіктермен үлгіде берілгендей көсемшенің үш түрінің болымсыз тұлғасын жасап, олармен сөйлем құраңыз.

Үлгі: келмей, келмеп (еді), келмегелі.

І қатар: кет, қал

ІІ қатар: тұр, жүр

ІІ қатар: оқы, ойла

96- жаттығу. 131- бет. Төмендегі мәтінді көшіріп, болымсыз етістіктің астын сызып, ондағы болымсыздық жұранқты болымсыздық көмекшімен, не керісінше, ауыстыруға болатын болса, жақшаның ішіне жазыңыз, ауыстыруға келмесе, сол қалпында жазыңыз.

Үлгі: көрген емеспін (көрген жоқпын)

Жеке жұмыс: құрамында болымсыз етістіктері бар мақал- мәтел жаз, талда.

1. Үндемеген- үйдей пәледен құтылады.

  1. Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды.

  2. Жел тұрмай шөптің басы қимылдамайды.

Жаңылтпаш:

  1. Баланың жаман баға алмағаны, мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.

  2. Араға ара түсіп арашалай алған араны,

Арашаламаған аралар алас ұрып жалады.

VI. Қорытынды:

  • Етістіктер іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай нешеге бөлінеді?

  • Болымсыз етістіктер неше жолмен жасалады?

VII. Үйге тапсырма: 94- жаттығу. 95- жаттығу.

VIIІ. Бағалау.


© 2010-2022