Школьный курултай

Екібастұз қаласы №26 мектеп-гимназиясында өткен мектепішілік құрылтайдың сценарий. Құрылтай Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 толу жылдығына, Қазақстан Республикасының құрылғанына 20 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл қарсанында өткізілді. Құрылтайға мектебіміздің балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің делегаттары қатысып отыр. Біз ХХІ ғасырдың ұрпағымыз, ал бұл ғасыр жігерлі, талапты, белсенді өмірге қатысушы және өз Отанының тағдыры үшін жауапкершілікті ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізілетін күн: 17.02.2015

қазақша би

(фанфары) Жүргізушілер шығады

Даурен: Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар және біздің мерекенің қонақтары! Балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік құрылтайына қош келдіңіздер!

Арайлым: Мектепішілік құрылтай «Болашақ бүгіннен басталады» атауымен өткізілмек. Биылғы 2015 жыл тарихи маңызы зор атаулы күндерге толы. Атап айтатын болсақ:

Даурен: Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Арайлым: 1941-1945 жылдарда болған Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл.

Даурен: 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы бар зор құрылым.

Арайлым: 1995 жылдың 30 тамызы күні Ата Заңымыз ҚР Конституциясы қабылданды. Биылғы жылы ҚР халықтар Ассамблеясының құрылғаны мен Конституцияның қабылданғанына 20 жыл толып отыр.

Даурен: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Ән: 5ә сынып

(«Жас Ұлан» ұйымының галстугін тағып, оқушылар шығады)

Даурен: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы кіргізілсін. (музыка, ту кіргізіледі) (гимн «Жас Ұлан»)

Даурен: Құрметті достар, баршаңызды мектепішілік құрылтайдың ашылуымен құттықтаймыз.

Арайлым:Құрылтайдың салтанатты ашылуымен құттықтау сөз кезегін директордың міндетін атқарушы Букенова Айнұр Жұмабекқызына береміз. Ендеше, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

Арайлым: Отан үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары уақыт озған сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иеміз.

Даурен 8 А соғыс туралы

Маулитов Аян 8 А сыныбы өзінің майдангер атасы туралы эссе оқиды.

Арайлым: 20 жылдық тарихында ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде ассамблея ел президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл - оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ән: «Кең дала», 7ә сынып вокал тобы

Арайлым: Құрылтайға мектебіміздің балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің делегаттары қатысып отыр. Біз ХХІ ғасырдың ұрпағымыз, ал бұл ғасыр жігерлі, талапты, белсенді өмірге қатысушы және өз Отанының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алатын жастардың заманы деуге болады.

Даурен: Балалар ұйымының форумы бұл тек қана мереке емес, бұл балалар мен үлкендердің шығармашылықпен бірлескен жемісті еңбегі, шындалған біліктілік пен дағдылар мектебі.

Арайлым: Балалар шешім қабылдайтын уақыт келіп жетті. Қабылданған шешіммен таныстыруға ортаға мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы Ермекбаева Айдананы шақырамыз.

  • Келесі оқушылар мектепішілік құрылтайға мүше болып кірсін (тізім оқылады). Қолдайтындар қол көтерсін. Кім қарсы? Дауыс бермегендер саны. (тізімдегі оқушылар сахнаға шығып отырады)

  • жылдық жоспар оқылады. Алып қосатындар болса, залда еркін микрофон орналасқан. Жылдық жоспарды қолдайтындар. Қарсы. Дауыс бермегендер.

Даурен: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын. (музыка, ту кіргізіледі)

Арайлым: Біз - Жас Ұлан (барлығы) - жаспыз,жігерліміз

Біз - Қазақстан (барлығы) - қуаттымыз, біргеміз.

Арайлым: Қымбатты достар, баршаңызды бүгінгі күннің мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге ыстық қайрат, жылы жүрек және нұрлы бақыт тілейміз.

Даурен: Сіздердің ұйымдарыңыздың барлық іс-әрекеттеріне табыс пен шабыт тілейміз.

(музыка)Достар, келесі кездескенше күн жақсы!



© 2010-2022