Урок по проф. казахскому языку на тему Жұрнақ, оның түрлері

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Топ: 2АІ

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ, оның түрлері.

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың қосымша, оның түрлері бойынша білімдерін практикалық тұрғыдан тексеру, кеңейту;

2) дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, өз пікірін басқаларға жеткізе алуға төселдіру;

3) тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Білім, икем, дағдыны қолдану сабағы;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын түрі, ұжымдық оқыту тәсілі;

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.

II. Қайталау үшін 3 топқа 3 тапсырма беру. Оқушылар бірлесе отырып өз білгендерін қағазға түсіреді, сол бойынша түсінік береді. Тапсырмалар:

1) Қосымша дегеніміз не? Ол неше түрге бөлінеді?

2) Жұрнақ, оның түрлерін ата.

3) Жалғау, оның түрлерін ата.

III. Мәтінмен жұмыс.

Атамекен

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдыңа келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.

Аулыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар - бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып, ауылыңды мақтап жібересің. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені бұл сенің туған жерің, балалық бал өмірің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді.

1) Жекелей жұмыс.

Оқушы мәтінді оқиды, мағынасы түсініксіз сөздерді дәптеріне жазып алады.

2) Жұптық жұмыс.

Бірлесе отырып түсінбеген сөздерін сөздіктен іздейді / Сөздікпен жұмыс/.

3) Топтық жұмыс.

Топтағы оқушылар мәтінді аударады, мәтінге жоспар құрады.

4) Ұжымдық жұмыс.

Мәтіннен сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарды табады /Ауызша/.

Сыныптағы 2-3 студент «Атамекен» мәтінінің мазмұнын айтып береді.

IV. «Үндемес» ойыны. Сөз тудырушы жұрнақ па, сөз түрлендіруші жұрнақ па?

Оқушылардың қолында екі түрлі үлестірмелер болады. Бірінде сөз тудырушы жұрнақ, екіншісінде сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөйлемдер оқылады. Оқушылар жаза отырып, сөйлемдердегі қосымша сөз тудырушы жұрнақ болса, «Сөз тудырушы жұрнақ» үлестірмесін, сөз түрлендіруші жұрнақ болса, «Сөз түрлендіруші жұрнақ» үлестірмесін көтереді.

1) Оқытушы балалармен әңгімелесті.

2) - Балам, ауланы сыпыршы.

3) Үйдегі төсеніштер жинаулы тұр.

4) Ол айлалы кісі екен.

5) Берілген тапсырма орындалды.

6) Ақылды адам болу үшін көп іздену керек.

V. Үйге тапсырма: 23-жаттығу. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарды табу.

Қорытындылау, бағалау.



© 2010-2022