Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ананың анасы Ғ. Мүсірепов

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынын:7- сынып

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Пән мұғалімі:Панияз Н.

Сабақтың тақырыбы"Ананың анасы" әңгімесі

Мақсаты:білімділік-оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып,әңгімедегі кейіпкерлер,олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс тіршілігіне назар аударту

дамытушылық-оқушының байқағыштық,тапқырлық,сөз астарын түсіну,өз ойын жазбаша да,ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту,проблемалық сұрақтарды шешуге баулу.

тәрбиелік-шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершлікке,өз Отанын сүюге,ата-ананы құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы

Сабақтың типі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдістері : тест,үлестірмелер,Сто стратегиялары проблемалық сұрақ, әңгіменің құрылысын талдауы,эссе

Қолданылатын көрнекіліктер: Жазушы портреті,журналдар,үлестірмелі қағаздар, компьютер

Пәнаралық байланысы: музыка,тарих,қазақ тілі

Сабақтың ғылымилығы: Әдебиеттен теорилық білімдерін шыңдау.

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру, жаңа материалдарды құлағдар ету.

II Үй жұмысын сұрау

Тест сұрақтары арқылы Ғабиттің өмірінен қорытынды жасау.

Сабақтың негізгі бөлімі

Қызығушылығын ояту. «Ана өлеңін тыңдату

Ой қозғау әдісі бойынша М.Дулатовтың «Кім ,балалар,сендерді» сүйетұғын»деген өлең жолдарды оқи отырып

оқушыларды ойландыру.

( балалар көздерін жұмып отырып ойланады).

1.Көз алдыңызға ең жаныңа жақын адамды елестетіңдер.

2. Кім қандай ой (кім туралы) ойлады? )

3"Ананың анасы" әңгімесінің тақырыбы не деп ойлайсын?Айтайын деген ой қандай?

Оқушылар әңгімені өздері оқып, толық меңгергендері бойынша

Сыныпты екі топқа бөліп, әңгіменің мазмұнын айтқызу.

Әңгіменің желісі бойынша екі топқа сұрақтар беріп , құрылысын талдату.

Әдебиет теориясынан және өңгімеден мысал келтіру.


№ 1

Баяндау деген не?

Әңгімеден мысал келтір.




№ 2

Әңгімелеу деген не?

Әңгімеден мысал келтір.






№ 3


Әңгіме неге "Ананың анасы" деп аталған?






№ 4

Ғ.Мүсірепов М.Горькийдің қандай әңгімесіне аударма жасады?




№5

Суреттеу деген не?

Мысал келтіріп айт



№6

Диалог деген не?

Мәтіннен мысал келтір.




№7

Бұл әңгімені өзің қалай айтар едің?


№8

Аңыз дегенді қалай түсінесің?

«Ананың анасы» аңызға жата ма?


№9

Монолог деген не?

әңгімеде монолог кездесе ме?


Сабақтың құрылысын талдау.Осы кестені әр оқушыға беру.

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ананың анасы Ғ. Мүсірепов

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ананың анасы Ғ. Мүсірепов

Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз бейнелерін ажырату . Осы кейіпкерлердің ішінен өздері ажырату

Сабақты қорыту:Мінеки, «Ананың анасы»әңгімесі бойынша талдау жасадық . Ана мен қызының барымташылардың олжасы болып,өмірлері күңдікпен өткендіктерін білдік. Енді бүгінгі күні ондай келеңсіз жақтар бар ма ,жоқ па оны проблемалық сұрақ арқылы « Әйел-ана»бейнесі тақырыбында пікірталасқа екі жақ болып сөз таластыра отырып жетеміз .

Ұйымдастыру

1. Бүгінгі күнгі қоғамда болып жатқан аналар бейнесін сомдау .

2. Қарсы топ және жақтаушы топ. / 5 минут/

Мұғалімнің қорытындылау сөзі.

Балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, ең жақынымыз анамызды туыс-туғанымызды құрметтеп,қастерлеп жүруіміз керек.

Демек, ақын Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін тыңдап, сабағымызды аяқтасақ деймін

Үйге тапсырма: «Ана-сарқылмас күш» ойтолғау

Оқушылардың білімін бағалау.








Сабаққа өзіндік талдау

Мектеп: Глазунов орта мектебі

Мұғалім: Панияз Нұржан

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7- сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін талдау

Сабақтың түрі мен типі: Қорытындылау сабағы мен іздендіру сабағы

Сабақтың құрылысы үш бөлімнен тұрады.

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабағы

І Қызығушылықты ояту - «Ана туралы » ән тыңдаттым

ІІ Мағынаны ажырату - Өлең жолдарын оқи отырып бүгінгі сабақтың эпиграфын яғни тақырыбын анықтадық

ІІІ Ой толғаныс- Ана туралы жазылған шығарманы мазмұндай отырып, проблемалық сұраққа жауап бере алды.

Ғ. Мүсіреповтың шығармалары бойынша алдыңғы сабақта таныстық. Одан кейін жазушының «Ананың анасы» әңгімесі оқушыларға оқып мазмұнымен танысып, сюжетік жоспар құру тапсырылған. Сондықтан әр оқушы мазмұндау кезінде және сюжетті шығарма мен сюжетсіз шығарманың айырмасын білді деп ойлаймын. Оқушылар теориялық білімдері мен әңгіме желісіне байланысты берілген тапсырмаларды мұқият орындай алды.

Бірінші мақсатым: (білімділік) оқушылар мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс -әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс тіршілігіне назар аудара алатын тұлға қалыптастыру.

Екінші мақсатым: Оқушының байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да , ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыта отырып, проблемалық сұрақты шешуге үйрету.

Үшінші мақсатым: шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, өз Отанын сүюге, ата -ананы құрметтеуге баулу.

Сұрақтар мен тапсырмаларды топтарға бере отырып осы мақсатыма жеттім.

Берілген сабақты жоспарлау барысында оқушылардың жұмыс түрлері ескерілді. Оқушылар берілген жұмысты бірдей деңгейде қабылдап жауап берді.

Мен мақсатыма жеттім. Олай дейтінім сабақтың құрылымындағы мазмұнға және топпен жұмысқа байланысты міндеттердің бәрі шешілді. Соның ішінде өз көзқарастарын сыни тұрғысынан жеткізу міндеті өзекті болды. Себебі оқушылар әңгімені еркін мазмұндап, өз ойларын еркін жеткізіп, біреудің пікірін тыңдай отыра өз көзқарастарын және дәлелдер келтіріп, ойларын тұжырымдай білді. Сабақтың барлық кезеңдерінде уақыт ретімен бөлінді. Сабақ барысында басты кейіпкер ананың басынан кешкен оқиғалары мен күйінішіне баса назар аударылды. Өйткені оқушылар ана бейнесін сол кездегі аналар басына теліді. Бүгінгі күнгі азат аналар бейнесін салыстырды. Әңгімені талдау кезінде, тест сұрақ-жауап, мазмұндау, талдау шығарманың құрылысын талдау, сюжеттік жоспар құру, кластер сәйкестендіру, проблемалық сұрақ , пікірталас сияқты әдістрді қолдандым. Сабақ барысында тест әдісі болашақта болатын ҰБТ -ға үйрету, мазмұндау кезінде сөздік қорларымен жеке көзқарастарын айту үшін үшін теориялық білімдерін тексеру үшін монолог, сюжет, пейзаж, портрет т.б не екенін тоқталаотырып, әңгімеден мысалмен дәлелдеді. Сюжеттік жоспар құру шығарманың құрылысын талдауға үйрету , проблемалық сұрақ арқылы кеше мен бүгінді салыстыра білді , өз көзқарастарын жеткізді

Өзімнің ойымша барлық міндеттерді іске асырдым және болашақта да осындай деңгейдегі сабақтарды өткізе аламын деп айта аламын


© 2010-2022