Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс іс-шара жоспары Туған тіл-қыдырың

Тақырыбы: Туған тіл-қыдырың.Мақсаты:Оқушылардың тіл білімін тексеру. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдысын дамыту.Ана тілін қастерлеп, туған жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: тіл туралы қанатты сөздер, ойынға арналған сұрақ парақтары мен жетондар. Бұл ойын түріндегі сыныптан тыс іс-шара. Оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуге жетелеу мақсатындағы сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің рөлін оқушыларға насихаттау үшін өткізілген іс-шара.
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын: «10 миллион »

Тақырыбы: Туған тіл-қыдырың.

Мақсаты:Оқушылардың тіл білімін тексеру.

Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдысын дамыту.

Ана тілін қастерлеп, туған жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тіл туралы қанатты сөздер, ойынға арналған сұрақ парақтары мен жетондар.


Ойынның барысы:

І. Кіріспе: Құрметті, оқушылар, ұстаздар! Сіздер бүгін мемлекеттік тілге арналған мерекелік іс-шараға қатысып отырсыздар.

1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланғаны баршаңызға мәлім. Сондай -ақ көпұлтты Қазақстан жерінде мемлекеттік тілмен қатар тілдің үштұғырлылығы саясаты бойынша орыс және ағылшын тілдерінің дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ата заңымызда Қазақстан республикасының азаматтарына өз ана тілінде сөйлеуге шектеу қойылмаған.Ал мемлекеттік тілді білу-баршаның парызы.

1-оқушы: Ана тілің -арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

2-оқушы: Тілден асқан қасиет жоқ.

Тілден асқан қазына жоқ.

3-оқушы: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ -желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

4-оқушы: Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ.

ІІ. Ойын:

Ойынның шарты: Ойынға екі топ қатысады. (әр топта 3-4 оқушыдан)

Ойыншылар тақтада ілінген сұрақтарды әр тарау бойынша таңдап алады. Таңдап алынған тақырыптары бойынша әр топтағы ойыншыларға жауап нұсқалары жазылған парақша тапсырылады. Төрт бөліктен тұратын нұсқаларға қолдарындағы 10 миллион теңге-жетондарын (1 жетонда-500 мың) дұрыс деп тапқан нұсқаларға бөліп қояды. Жүргізуші дұрыс жауапты хабарлап болған соң, дұрыс емес нұсқаға қойылған жетондарды жинап алады. Осылайша әр тарауда ойыншылардың жетондары азая береді. Ойыншыларға қойылатын талап-сұрақтарды неғұрлым дұрыс тауып, ақшаларын ойын соңына дейін сақтап қалу.

Ойын соңында қай топта көп ақша қалса, сол топ жеңіске жетеді. Тақырыптарды екі топ кезекпен таңдап отырады.


Ойын сұрақтары мен жауап нұсқалары:

І.Өнер.

  • Екі адамның өлеңмен жарысуы не деп аталады?

жыр мақал-мәтел айтыс ертегі

Фонетика.

  • Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

8 16 5 9

ІІ.Тарих.

-Қазақстан Республикасының тәуесіздік күні қашан?

16 желтоқсан 1 қаңтар 22 қыркүйек 30 тамыз

Фольклор.

- Ауыз әдебиетіндегі ертегіге ұқсас жанр?

жаңылтпаш аңыз әңгіме жұмбақ шешендік сөздер

ІІІ.Ұлы адамдар.

  • Қай ақын Торғай жерінде туған?

А. Құнанбаев. С. Сейфуллин.

Қ. Мырзалиев. А.Байтұрсынов.

Салт-дәстүр.

-Үйлену тойында айтылатын жыр.

Бесік жыры жоқтау беташар жарапазан

ІҮ. Қалалар.

-Қазақстанның үшінші астанасы болған қаланы атаңдар.

Көкшетау Астана Алматы Тараз

Мерекелер.

-Мұсылман халықтары тойлайтын діни мереке.

Наурыз Жаңа жыл сабантой айт

Ү. Морфология.

- Септік, тәуелдік, көптік, жіктік сөздің қай бөлшегі болады?

түбір жалғау жұрнақ

Өзендер.

  • Қостанай қаласындағы өзен.

Ертіс Тобыл Есіл

ҮІ. Музыка.

  • «Новая волна -2010» байқауына қатысқан қазақстандық әнші кім?

Роза Рымбаева Қайрат Түнтеков Мақпал Жүнісова


Кино.

«Менің атым Қожа» фильміндегі қыздың аты кім?

Айгүл Жанар Сәуле

ҮІІ. Ғылым және білім.

-Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.

Қ. Сәтбаев. Ш.Уәлиханов. М. Әуезов.

Спорт.

-Қажымұқан қандай спорт түрімен айналысқан?

күрес бокс тоғызқұмалақ

ҮІІ. Орыс тілі.

-Қазақ тілінде жоқ грамматикалық категория.

род лицо

Әдебиет.

-Ахмет Байтұрсынов қай ақынның шығармаларын қазақ тіліне аударды?

А.П. Чехов. И.А. Крылов.

ІІІ: Қорытынды: Екі топтың қалған жетондардағы ақшасы есептеліп, жеңген топ анықталады. Жеңімпаздар марапатталады.

















ВҚазақ тілі бойынша сыныптан тыс іс-шара жоспары Туған тіл-қыдырыңосточный жалпы білім беретін орта мектебі










Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс іс-шара жоспары Туған тіл-қыдырың


Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс іс-шара жоспары Туған тіл-қыдырың


Тақырыбы:


«Туған тіл-қыдырың»


5-7- сынып





Дайындаған: Рахимжанова Р.Д.





































© 2010-2022