Поурочный план по казахскому языку на тему Астана

урок предназначен для 5 класса. Целью данного урока является ознакомить и закрепить знания учащихся о столице нашей Республики Казахстан-Астане. Рассказать о символах города Астаны, о том когда Астана столицей Казахстана о причинах и поводе смены столицы. Также на уроке будет повторение ранее пройденных тем. урок начинается с актуализации вопроса о том как называется наша столица? что ребята о ней знают? в каком регионе Казахстана она находится?
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Астана қаласы. (5 класс)
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларды Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы, оның мәртебесі туралы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Үндестік заңын қайталау.
2.Дамытушылық: Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың бағыты: Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: слайд материалдары, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ой шақыру» стратегиясы арқылы Астана қандай қала? Астана туралы не білеміз? Сұрақтарына жауаптарын жазады.

Астана қаласы туралы білімдерін жинақтау ұсынылады:

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?


ІІ. Жаңа тақырып.

1. Тапсырмалармен жұмыс.

Класс 2 топқа бөлінеді.

1-тапсырма

- Сандарды дұрыс сөйлетсеңіздер осы сабақтың тақырыбымен танысасыңдар.(1 ұпай)

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, Т,У, Ұ, Ү,Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я

1 24 25 1 18 1 3 1 24 15 1 16 1

28 18 7 8 24 25 38 14 11 1 19 37

2-тапсырма. Мәтінмен танысып, Астана қаласының тарихын біліп алыңдар. Мәтінді оқып, аударыңдар.(1 ұпай)

Астана қаласы - Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы. Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қала бұрын Ақмола, Целинонград деп аталған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласы күннен-күнге құлпырып келеді.

3-тапсырма. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. (Призентация № 1)

Үндестік заңы бойынша:

  • 1. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.

  • 2. Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: ата-лар, ана-лар.

  • 3. Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.

  • 4. ...к ...г(і) шелек -> шелегі

...п + дауысты ...б(і,ы) сынып -> сыныбы

...қ ...ғ(ы) парақ -> парағы

Үндестік заңының 2 түрі бар:

Буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

3. Жаттығу жүмыстары:

1)Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Жалғауларын жуан-жіңішке болып жалғануын түсіндіріңдер, қандай септіктер жағанғанын талдаңдар.

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағын...(т.с) орналасқан. Аз уақыт...(і.с) ішінде қала танымастай өзгерді. Парламент үйі...(і.с) алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіш... (көпт.ж)койылған.Мұнда әсем, зәулім ғимарат...орналасқан.

2)Төмендегі берілген эпитеттердің қай қатарын Астана сөзімен тіркестіре жазуға болады

А) Жас, көрікті, нәзік(нежный), ерекше.

Ә) Әсем, өзгерген, тамаша, зәулім(высотный).

Б) Таза, әсерлі(впечатляющий), сүйкімді, ұлттық

Қалаларға сипаттама берілген жұмбақтарды шешіңдер (1 ұпайдан беріледі)

1.Аты оның дәмді жеміс есіміндей,

Жеміс халқының мол несібіндей.

Білмесең бұл қаланы, онда сенің

Қалады қателігің кешірілмей (Алматы)

2.Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе,

Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе.

Барлығы да бір-ақ түсті сияқты,

Сол түстегі қаланы сен тап, кәне.(Ақтөбе)

3.Толассыз күні-түні шахталары

Тереңнен қазынасын ақтарады.

Көмірлі болғанымен осы қала,

Атымен өсімдіктің аталады(Қарағанды)

Призентация №2: «Астананың ғимараттары», А.Жорабаеваның өлеңі «Астана».

III. Сабақты бекіту: Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.

IV. Сөзжұмбақты шешіңдер: (әрбір жауапқа 1 ұпайдан)


2

С

3

Т


4

А


5

Н


6

А




1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)

2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

3. Астана символы. (Бәйтерек)

4. Астана қаласы қандай далада орналасқан? (Сарыарқа)

5.ҚР мемлекеттік рәмізі(Әнұран)

6.ҚР мемлекеттік рәмізі(Елтаңба)

V. Сабақты қорыту:

- Астанада болып көрдіңдер ме?

- Астана туралы не білдіңдер?

VI. Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру: Астана туралы 5-6 сөйлем жазып шағын әңгіме құрастыру.

VIII. Рефлексия кезеңі: Сабақта алған әсерлері туралы ой бөлісу.







© 2010-2022