Өлең: Бағымды іздеп келемін

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бағымды іздеп келемін

Ұмтылып алға,мақсатты көздеп келемін,

Өзімді қазір лашын құсқа теңедім.

Қиялым жүйрік,арманым биік алдымда,

Ешкімге емес,өзіме ғана сенемін.

Жүрегім нәзік,пейілім дархан,адалмын,

Достардан тілек,қазына қарттан бата алдым.

Бақ құсым мені күтіп жүр мекен,кім білсін,

Түспесе екен қолына сол құс қаталдың.

Бағалай білсең,кетпейді бағың өзіңнен,

Күту де керек,сабырмен оны,төзіммен.

Мақсат-тау мені күтіп тұр алдан қол бұлғап,

Асығып келем көрсем деп бақты көзіммен.

Қараңғы басқан,қаратүнек айсызда,

Сүрініп кетіп түспесем деймін сай-құзға.

О,Тәңірім,өзіңнен ғана сұраймын,

Бір өзің қолдап,бағымды менің тайғызба

Мөлдір Раманова

Қаратау қаласы



© 2010-2022