жүзден жүйрик сыныптан тыс іс шара

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жүзден жүйрік сайыс сабағы

Мақсаты: Оқушыларды өз халқын,тілін,туған жерін сүюге,қадірлеуге,бағалап мақтан етуге, сонымен қоса өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін,ой-өрісін дамыту,машықтандырып жетілдіру.Туған тілдің қадірін білу,сол жолда аз еңбек,ерлік істелмегенін ұғындыру.

Көрнекілігі: слайд

Барысы:

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар,ата-аналар!

Бүгін сіздер 5 «Б» сынып оқушыларының «Жүзден жүйрек»атты сайысқа келіп отырсыздар.Бұл сайыс Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мерекесіне арналған. «Тіл туралы» Заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Сол Заңымызға 22 жыл толып отыр.

Ана тілім

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім-

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.

Ана тілім-

Алтын ұям, құндағым, ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің назың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байланғанша тіл-жағым!

Осы өлең жолмен бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Алдарыңызда екі топ мүшелері отыр.Осы екі топты бағалайтын әділқазылар алқасын сайлаймыз.

«Ақсұңқар» тобы және «Қайсар» тобы.топ мүшелері дайын болса сайысымызды бастаймыз.Сайыс 5-турдан тұрады.

1 тур.Тайғақ тас: тапсырмасы: әр топ екі ұяшық тандауға мүмкіндігі бар.

1 ұяшық: қазақ тілі... Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы,тұрлаусыз)

2 ұяшық: әдебиет... Екі жерде екі қабан жатыр теңкиіп. Қай мәтіннен үзінді және кім туралы? (Қабанбай, Ерасыл)

3 ұяшық:математика...«Геометрия» сөзі қай тілден шыққан? (грек)

4 ұяшық:дүниетану... Адамның жануардан айырмашылығы (ақыл-ой дамыған)

2 тур. Ұшқыр: тапсырмасы: «Қатты жел тұрып, ағаштар жапырағынан,гүлдер түстерінен айырылып қалды. Гүлдің жапырақтары ұша бастады. Сол гүлдердің түстерін тауып орналастырайық.»

-Жерде түскен жапырақтарды оқушылар тақтаға шығып,түстерді ағылшын тілінде айтып орналастырады.

Қызыл- red қара-black

Жасыл -green ақ-white

Көк- blue сұр-grey

сары -yellow қоңыр-brown

3-тур. Зырылдақ: тапсырмасы: жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілде айту.

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. мұғалім-учитель

2. Темір тілді,

Күміс үнді. қоңырау-звонок

3. Құстар ұшып барады,

Қай мезгіл деп ойлайсың? Күз- Осень

4. Адамға серік,

Күзетке берік. Ит-собака

5. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Пияз-лук

6.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. Сызғыш - линейка

4- тур.Қиын қия: тапсырмасы: 1-10 дейінгі сандарды тақтадағы суреттің көмегімен айтып, сызып шығады.Қатесіз тауып,

оқып шығуы керек.(ағылшын тілінде жазылған сандарды ретімен орналастырып,жүріп отырғанда бір аңның бейнесі шығады,сол аң туралы бір-ек ауыз әңгіме,сөйлем айтуға болады.)

5-тур.Қол мерген: тапсырмасы: бұнда екі тілдің екі тапсырмалары бар.

1.Сөйлемді оқып,сәйкес келетін суретті тап.

  1. A big grey duck can swim.

  2. A cat can jump.

  3. 2 dogs must run.

  4. Bob has a black rabbit.

2.Мақалды жалғастыр.

1.Бақа - көлін сүйеді,

Бұлдырық - шөлін сүйеді ,

Ер жігіт - елін сүйеді.

2.Жақсы сөз - жарым ырыс.

1. Ер айтпас,

Айтса,қайтпас .

2. Әуелі тәңірім жерге береді,

Жерге берсе,елге береді.

2. «Дембілместің» қатесін түзеңдер.

  1. Cats can swim.

  2. A rabbit is red.

  3. Dogs can sing.

  4. A cockerel has ten legs.

Айта берсек тіл құдіреті өте күшті. Тіл киелі,қасиетті дейміз. Сондықтан ана тілімізді қадірлеп, сүюіміз керек.

Сөз кезегі әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау



© 2010-2022